# Кабинетке қалай кіру керек

> Кіру телефон нөмірі арқылы, пароль жоқ. WhatsApp батырмасы, Telegram немесе код. Ең жиі қате — кассир нөмірімен кіруге тырысу, ол нөмір мүлде басқа нәрсеге арналған.

## Қысқаша

Кабинетке кіру: https://qut.kz/app/login. **Пароль жоқ** — телефон нөміріңізді енгізесіз де, растауды WhatsApp немесе Telegram арқылы аласыз. Тіркелу мен кіру — бір әрекет: алғаш кіргенде атыңызды сұрайды, сол сәтте аккаунт ашылады. **Өз жеке нөміріңізбен кіресіз, кассир нөмірімен емес.**

## Кіру жолдары

| Жол | Қалай өтеді |
|---|---|
| **WhatsApp арқылы кіру** | WhatsApp ашылады, ондағы дайын хабарды («Кіру: QP-…») жібересіз, бет өзі кіреді. Нөмір де, код та терудің қажеті жоқ |
| **Telegram арқылы кіру** | Бот ашылады, «Start» → «📱 Нөмірімді жіберу» батырмасын басасыз, кіру автоматты өтеді |
| **Кодпен кіру** | Нөміріңізді енгізіп, кодтың қай арнаға келетінін таңдайсыз, келген кодты жазасыз |

Кодпен кіретін болсаңыз, кіру бетінде «Код қайда келсін» деген жол бар: **WhatsApp (әдепкі)** немесе **Telegram**. Жағдайға қарай код SMS арқылы да жіберілуі мүмкін. Код бірнеше минут жарамды.

Алғаш кіргенде «Атыңыз (алғаш кіргенде)» өрісі шығады — оны толтырғаннан кейін аккаунт жасалады және ұйым атауын сұрайды.

## Қай нөмірмен кіресіз

Бұл жерде ең жиі қате жіберіледі. Үш түрлі нөмір бар, олар бір-бірін алмастырмайды:

| Нөмір | Не үшін | Кабинетке кіре ме |
|---|---|---|
| **Сіздің жеке нөміріңіз** | Кабинетке кіру, аккаунт иесі болу | Иә, тек осымен |
| **Кассир нөмірі** | Kaspi Pay-де «Кассир» рөлі, счёт шығару | Жоқ |
| **Клиент нөмірі** | Клиенттің Kaspi қосымшасына счёт жіберу | Жоқ |

Кассир нөмірімен кабинетке кіруге тырыссаңыз, екі нәрсе болады: біріншіден, ол нөмірде аккаунт жоқ, сондықтан жаңа бос аккаунт ашылады да, счёттарыңызды таба алмайсыз. Екіншіден, кассир нөмірін артық жерге қолданудың өзі қауіпті.

Терминдер шатасса: [Терминдер сөздігі](/kb/glossary).

## Код келмесе

Реті бойынша тексеріңіз:

1. **Нөмір дұрыс жазылды ма.** Пішімі `7XXXXXXXXXX`, басында ноль емес жетілік.
2. **WhatsApp сол нөмірде бар ма.** Жоқ болса, кіру бетінде **Telegram** арнасын таңдаңыз.
3. **Хабар басқа чатқа түсіп кеткен жоқ па.** WhatsApp-та белгісіз нөмірлерден келген хабарлар бөлек қалтаға түсуі мүмкін.
4. **Telegram-да ботты бастадыңыз ба.** Бірінші рет ботқа «Start» басып, нөміріңізді жіберу керек.
5. **Бір-екі минут күтіңіз де қайталаңыз.** Артынан келген кодтар ескісін жарамсыз етеді, ең соңғысын енгізіңіз.
6. **Байланыс нашар болса** басқа желіге ауысып көріңіз.

Бәрібір кірмесеңіз — қолдауға жазыңыз: WhatsApp +7 778 881 3333, Telegram @qutpaybot, email kazprose@gmail.com. Қай нөмірмен кіруге тырысқаныңызды және қай арнаны таңдағаныңызды жазыңыз.

## Кірдім, бірақ кабинет бос

Ішінде счёттарыңыз жоқ болса, көбіне **басқа нөмірмен** кіргенсіз. Шығып, дұрыс нөмірмен қайта кіріңіз.

Екінші себебі — кабинеттің жоғарғы жағындағы **ұйым ауыстырғышы** басқа ұйымда тұр. Бірнеше ұйымыңыз болса, әрқайсысының счёттары бөлек.

Үшіншісі — **режим**. SANDBOX режимінде тұрсаңыз, live счёттарыңызды көрмейсіз, және керісінше.

## Команда мүшелерінің кіруі

Қызметкер де дәл солай, өз нөмірімен кіреді. Оның нөмірін алдын ала қосу керек: **Баптау → Қызметкерлер** бөлімінде **Шақыру** батырмасы, нөмірі мен рөлі. Рөлдер: иесі (owner), менеджер, әзірлеуші (developer).

Шақырылған адам өз нөмірімен кіргенде сіздің ұйымыңызды көреді. Ортақ аккаунт, ортақ нөмір жасаудың қажеті жоқ — әркім өз нөмірімен кірген дұрыс, сонда кім не істегені белгілі болады.

## Жиі қойылатын сұрақтар

**Паролімді ұмыттым, қалай қалпына келтіремін?** Пароль жоқ, қалпына келтіретін ештеңе жоқ. Кіру тек нөмір арқылы.

**Нөмірімді ауыстырсам не болады?** Ескі нөмір жоғалса кіре алмай қаласыз — алдын ала жаңа нөмірді қызметкер ретінде қосып қойған дұрыс. Кеш болса қолдауға жазыңыз.

**Бір нөмірмен бірнеше ұйымға кіруге бола ма?** Иә. Кабинеттің жоғарғы жағындағы ауыстырғыштан ұйымды таңдайсыз.

**Кассир нөмірімен кіріп алдым, енді не істеймін?** Шығыңыз да, өз нөміріңізбен кіріңіз. Қате ашылған бос аккаунтқа тиіспей қоя беруге болады. Кассир нөмірімен Kaspi Pay қосымшасына кірмеңіз — ол байланысты үзеді.

**Кіру қауіпсіз бе?** Пароль сақталмайды, сондықтан ұрлайтын пароль де жоқ. Кіру нөмірге келген растауға сүйенеді, ал нөміріңіз өз қолыңызда.
