# Өзіне-өзі қызмет көрсету аппараттары: самомойка, су автоматы, гүл автоматы, сатушысыз дүкен

> Экраны жоқ аппаратқа Kaspi төлемі: әр постқа не есікке тұрақты QR жапсырма, webhook-тағы metadata.slug бойынша импульс не реле. Самомойка, водомат, гүл автоматы, сақтау ұяшығы, кітап сөресі үшін бес схема.

## Қысқаша

Экраны жоқ аппараттың әр постына не есігіне **тұрақты төлем сілтемесін** (`qut.kz/p/<slug>`) жасап, оның QR-ын жапсырасыз. Клиент сканерлеп төлейді. Сіздің серверге `invoice.paid` келеді, ішінде `metadata.slug` болады, яғни қай пост не қай есік екені белгілі. Сервер сол посттың модуліне импульс беруді не есіктің релесін қосуды айтады. Экраны бар аппарат болса, әр сатылымға жаңа счёт жасайтын схема ыңғайлы: [Вендинг автоматына терминалсыз төлем](/kb/for-vending).

Qut Pay аппарат, контроллер не модуль сатпайды және орнатпайды. «Темір» жағын сіз не интеграторыңыз жасайды.

## Қай аппаратқа қай схема

| Басқару тәсілі | Аппараттар | Схема |
|---|---|---|
| Экран бар | киоск, фотобудка, зарядтау станциясы, жаңа кофе автоматтары | Әр сатылымға счёт, QR экранда |
| Импульс (тиын қабылдағыш) | самомойка, шаңсорғыш, водомат, массаж креслосы, кір жуу машинасы, хватайка | Әр постқа тұрақты QR, импульс модулі |
| Электр құлып, реле | гүл автоматы, ақылды тоңазытқыш, сақтау ұяшығы, ақылы дәретхана, шлагбаум | Әр есікке QR, реле |
| MDB шинасы | снэк, сусын, кофе автоматтары | MDB cashless модулі API-ді шақырады |
| «Темір» жоқ | сатушысыз кітап сөресі, дала дүкені | Бір QR, клиент соманы өзі енгізеді |

Аппараттардың толық тізімі мен әр түрінің сипаттамасы: [qut.kz/kk/ozine-ozi-qyzmet-apparattary-kaspi](https://qut.kz/kk/ozine-ozi-qyzmet-apparattary-kaspi/).

## Самомойка мен водомат: импульс

1. Кабинеттің **Сілтемелер** бөлімінде әр постқа сілтеме жасайсыз: `moika-post-1`, `moika-post-2`. Соманы бекітесіз не клиентке қалдырасыз, ең аз және ең көп шекпен: [Ашық сомалы төлем сілтемелері](/kb/open-amount-links).
2. QR-ды басып шығарып, постқа жапсырасыз.
3. Webhook келгенде сервер `invoice.metadata.slug` бойынша постты табады да, импульс санын есептейді: `amount / бір импульстің бағасы`.
4. Пост модулі (ESP32 не Raspberry Pi, оптрон не реле) монета қабылдағыштың сигнал сымына параллель жалғанады. Аппарат оның импульсін тиын түскендей қабылдайды.

Модуль серверге өзі қосылады (MQTT не HTTP сұрау). Сондықтан посттағы GSM модем жеткілікті, тұрақты IP адрес керек емес.

## Гүл автоматы мен ұяшықтар: реле

- **Бағасы тұрақты** (сақтау ұяшығы, дәретхана): әр есікке бекітілген сомамен бір сілтеме. Төленгенде сол есіктің релесі бірнеше секундқа қосылады.
- **Бағасы ауысып тұрады** (гүл, тоңазытқыштағы тауар): жапсырма сіздің өз бетіңізге апарады. Бет ұяшықтың бағасын көрсетіп, `POST /api/v1/invoices` арқылы `metadata: { "cell": 12 }` деп счёт жасайды.

Ұяшық бос тұрса, оның сілтемесін кабинеттен **Тоқтату** батырмасымен тоқтатыңыз.

## Сатушысыз дүкен мен кітап сөресі

Соманы клиент өзі енгізетін бір сілтеме жасайсыз, «Түсініктеме» өрісін қосасыз. Әр төлемді кабинеттен көресіз, Telegram бот хабарлайды: [Төлем сілтемелері](/kb/payment-links). Бұл жерде модуль де, сервер де керек емес.

## Міндетті түрде

- **Webhook қолтаңбасын тексеріңіз.** Тексермесеңіз, жалған «төленді» хабары постты тегін іске қосады: [Webhook қауіпсіздігі](/kb/webhook-security).
- **Бір счётқа бір-ақ рет іске қосыңыз.** Webhook 11 ретке дейін қайталанады, `invoice.id` бойынша бір рет өңдеңіз.
- **Кеш төлемді өңдеңіз.** `late: true` келсе, қызметті беріңіз не қайтарыңыз: [Кеш төлем](/kb/late-payment).
- **Қосалқы төлемді қалдырыңыз.** Kaspi кассир байланысы үзілсе, қайта жалғанғанша Kaspi арқылы төлем жүрмейді: [Kaspi байланысы үзілді](/kb/connection-lost).
- **Шектеулер.** Тұрақты сілтеме саны тарифке байланысты: Бастау — 50, Бизнес — 300, Про — 1 000. Одан көп аппаратқа API арқылы өз бетіңізден счёт жасаңыз. Ашылған әр счёт, төленбесе де, тарифтің айлық санына кіреді: [Қай тарифті таңдау керек](/kb/tariff-choose).

## Жиі қойылатын сұрақтар

**Аппараттың өзінде интернет болуы керек пе?** Модульде не сервер мен аппарат арасында байланыс болуы керек, GSM модем жеткілікті. Клиенттің телефонында да интернет болады.

**Самомойкада клиент 300 ₸ салса, импульс қалай есептеледі?** Сервер түскен соманы бір импульстің бағасына бөледі. 1 импульс 10 ₸ болса, 30 импульс шығады.

**Бір QR-ды бірнеше клиент қолдана ала ма?** Иә. Тұрақты сілтеменің мерзімі бітпейді. Әр клиент сканерлегенде жаңа счёт жасалады.

**Модульді Qut Pay береді ме?** Жоқ. Біз тек счёт жасаймыз, төлемді бақылаймыз және webhook жібереміз. Модульді сіз не интеграторыңыз жасайды, кодын ЖИ-агентке жаздыруға болады: [ЖИ-агентке интеграцияны тапсыру](/kb/ai-agent-setup).
