Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Бизнесіңізге

Жазылымдық бизнеске

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Жазылым дегеніміз — счётты кестеге сай автоматты шығару. Белгіленген күн келгенде жүйе клиентке жаңа счёт жасайды, клиент оны Kaspi-де өзі растайды. Ақша клиенттің шотынан өздігінен шешілмейді. Бұл техникалық жағынан да, заңды жағынан да солай: Kaspi QR төлемі клиенттің әр жолғы растауын талап етеді, ал біз кассир рөлі арқылы жұмыс істейміз — бізде клиенттің шотына қол жеткізу мүмкіндігі жоқ және болмайды.

Сондықтан жазылымдық бизнесті құрғанда басты сұрақ басқаша қойылады: клиентті әр айда төлеуге қалай ыңғайлы етесіз, ал төлемегендерге не істейсіз.

Не автоматтандырылады, не автоматтандырылмайды

НеАвтоматты ма
Счёт шығаруИә, кестеге сай
Клиентке счёт жетуИә, телефонға счёт болса Kaspi-ге push келеді
Төлемді растауЖоқ. Клиент өзі растайды
Төленбесе қайта жіберуИә, қайталау сатысы бойынша
Қолжетімділікті ашу/жабуСіздің жағыңызда, webhook бойынша

Бұл ұстанымды клиентке де түсіндіріп қойған дұрыс: «ай сайын Kaspi-ге счёт келеді, растап қоясыз». Күтпеген жерден ақша шешіліп кетті деген шағым да болмайды — бұл жағынан бұл схема тіпті ыңғайлы.

Жұмыс схемасы қадамдап

ҚадамКімНе болады
1СізКлиентке жазылым жасайсыз: сома, аралық, бастау күні
2Qut PayКезек келгенде счёт шығарады
3КлиентKaspi-де растайды
4Qut PayСіздің адреске invoice.paid оқиғасын жібереді
5Сіздің серверҚолжетімділікті келесі кезеңге ұзартады
6ТөленбесеҚайталау сатысы бойынша қайта шығарылады
7Саты бітсеКезек тасталады, кесте келесі айға жалғасады

Аралық және кесте

Аралықтар: day, week, month. Оларға кратность қосылады — every өрісі. Мысалы month + every: 3 деген тоқсан сайын деген сөз.

Жазылым да қай кассир арқылы жасалғанын есте сақтайды. Кассир ауысса, оны ескеріңіз.

Толық өрістер мен әдістер: Жазылым API.

Қайталау сатысы

Клиент счётты бірден растамаса, жүйе оны қайта шығарады. Қанша рет және қандай аралықпен — retryDelaysMin өрісінде, минутпен.

Әдепкі мәні: [15, 60, 360] — яғни 15 минуттан кейін, сосын бір сағаттан кейін, сосын алты сағаттан кейін. Ең көбі 5 мән бере аласыз.

Саты аяқталғанда сол кезек тасталады, бірақ жазылым өлмейді — кесте келесі кезеңге жалғасады. Жазылымда failedRuns, lastError және lastRunStatus өрістері сақталады, олардан не болғанын көресіз.

Сатыны таңдау:

БизнесҰсынысСебебі
Спортзал, курс[60, 720, 1440]Клиент асықпайды, күндіз-түні мазалаудың қажеті жоқ
SaaS, қызмет[15, 60, 360]Әдепкі, жеткілікті
Жеткізу, тағам[10, 30, 60]Күн ішінде шешілуі керек

Тым жиі қайталау клиентті мазалайды: Kaspi-ге қайта-қайта счёт келеді.

Өткізіп алу саясаты

Кезек өз уақытында жүрмей қалатын жағдай болады (жазылым тоқтатылып тұрған, байланыс үзілген, техникалық үзіліс). Ондайда не істеу керегін misfirePolicy шешеді:

МәнНе болады
run_once (әдепкі)Өткізіп алған кезек бір рет жіберіледі
skipӨткізіп алған кезек тасталады, келесісін күтеді

misfireAfterMin — кезек қанша кешіксе «өткізіп алынды» деп саналады. Әдепкі мәні 1440 минут, яғни тәулік.

Қайсысын таңдау: айлық абонемент болса run_once дұрыс (клиент бәрібір сол айға төлеуі керек). Күнделікті жеткізу болса skip дұрыс — өткен күннің тамағы үшін счёт шығарудың мәні жоқ.

Тоқтату, жалғастыру және catchUp

catchUp абайлап қолданыңыз: ұзақ тоқтап тұрған жазылымда ол клиентке бірнеше счётты бірден жіберіп жіберуі мүмкін. Тоқтату ұзаққа созылса, catchUp қоспай жалғастырыңыз да, өткен кезең үшін қолмен бір счёт шығарыңыз.

Клиентке алдын ала ескерту

Бұл — жазылымдық бизнестегі ең пайдалы әдет, әрі оны толығымен өзіңіз істейсіз. Счёт шығатын күннен бір-екі күн бұрын клиентке хабарлама жіберіңіз:

«Ертең абонементіңіздің төлем счёты Kaspi-ге келеді, сомасы 12 000 ₸. Растап қойсаңыз, қолжетімділік үзілмейді.»

Не береді:

Хабарламаны WhatsApp, SMS немесе өз қосымшаңыз арқылы жіберіңіз. Telegram ботын қоссаңыз, өзіңіз де жазылым оқиғаларын көріп отырасыз.

Есеп

Webhook арқылы келетін оқиғалар: subscription.created, subscription.status, ал әр счёт бойынша әдеттегі invoice.created, invoice.paid, invoice.expired.

Не бақылау керек:

КөрсеткішҚайдан аласыз
Бірінші жолы төлегендер үлесіinvoice.paid пен invoice.created арақатынасы
Қайталауға дейін кеткендерҚай кезек нөмірінде төленгенін өзіңіз белгілеп отырыңыз
Мүлдем төлемегендерfailedRuns өскен жазылымдар
Айлық кірісКабинеттегі Счёттар бөлімі, CSV экспорт

CSV-ды бухгалтерияға беру: CSV экспорт және есеп.

Кодсыз нұсқасы бар ма

Ішінара. Жазылымды кабинеттің Жазылымдар бөлімінен қолмен жасауға болады — әзірлеуші керек емес. Ал webhook арқылы қолжетімділікті автоматты ашу үшін сервер керек.

Клиент саны аз болса (20-30 адам), webhook-сыз да жұмыс істейді: төлемдерді кабинеттен көріп, қолжетімділікті қолмен жүргізесіз. Тұрақты сома болса, төлем сілтемесі де жарайды — клиент айына бір рет сол сілтемені ашады.

Ерекше ескертулер

Жиі қойылатын сұрақтар

Клиенттен әр ай сайын растауды сұрамай-ақ ақшаны алуға бола ма? Жоқ. Бұл схемада мүмкін емес — клиент әр төлемді Kaspi қосымшасында өзі растайды.

Клиент растамай қойса, қолжетімділікті қашан жабамын? Өзіңіз шешесіз. Жиі кездесетін тәжірибе: қайталау сатысы біткеннен кейін 1-3 күн «жеңілдік мерзімі», сосын жабу.

Жылдық абонемент сатсам, жазылым керек пе? Жоқ. Жылына бір рет төлейтін болса, жай ғана бір счёт шығарыңыз.

Клиент тоқтатқысы келсе не істеймін? Жазылымды pause немесе мүлдем тоқтатасыз. Ол Kaspi-де ештеңе өшірудің қажеті жоқ — біздің жақтан счёт шықпаса болды.

Спортзалға немесе онлайн мектепке нақты қалай құрамын? Сол салаларға арналған бөлек мақалалар бар: Спортзал мен фитнеске, Онлайн мектеп пен курс платформасына.

Байланысты мақалалар

Жазылым API — кестеге сай счёт шығаруЖазылым счётты кестеге сай автоматты шығарады, ал әр төлемді клиент өзі растайды. Барлық өрістер, аралықтар, қайталау сатысы, өткізіп алу саясаты, pause/resume/run әдістері және күй өрістері.Жазылым бойынша счёт шықпай жатырЖазылым кестеге сай счёт шығармаса, тексеретін алты нәрсе бар: күйі, келесі кезек уақыты, қайталау сатысы, өткізіп алу саясаты, кассир және тариф лимиті. lastRunStatus пен lastError қайдан оқылады.Спортзал мен фитнескеАбонемент сату, мерзімді ұзарту, ай сайынғы счётты жазылыммен автоматтандыру, мұздату мен қайтару және турникетті webhook арқылы ашу — фитнес клубқа арналған толық сценарий.Онлайн мектеп пен курс платформасынаКурсқа кіруді сатудан бастап, webhook арқылы қолжетімділікті ашуға, кезеңдік төлемге, топтық тариф пен жеңілдікке дейін. Мобильді қосымшаңыз болса App Store мен Play ережесін де қараңыз.Төлем сілтемелері — тұрақты мекенжай арқылы қабылдауqut.kz/p/<slug> түріндегі тұрақты төлем сілтемесі: өз атауыңызды қою, белгіленген және ашық сома, тоқтату мен қайта қосу, счёт сілтемесінен айырмашылығы, есеп және қате кодтары.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.