# Ашық сомалы төлем сілтемелері — соманы клиент енгізеді

> Сома алдын ала белгіленбейтін тұрақты төлем сілтемесі: қайырымдылық, шәкіртақы, кеңес беру, әртүрлі бағадағы қызмет үшін. Ең аз және ең көп соманы шектеу, клиенттен қандай өріс сұрау, есепті қалай жүргізу.

## Қысқаша

Ашық сомалы сілтеме — соманы **клиенттің өзі енгізетін** тұрақты төлем беті. Сіз сілтемені бір рет жасайсыз, ол `qut.kz/p/<slug>` түрінде тұрақты мекенжай алады, ал әр адам өз сомасын енгізіп төлейді.

Жасау орны: кабинеттің **Сілтемелер** бөлімі. Соманы бос қалдырсаңыз — сілтеме ашық сомалы болады. Код жазудың қажеті жоқ.

Клиент соманы енгізіп «Төлеу» батырмасын басқанда, сол сәтте нақты счёт жасалады және әдеттегі QR счёт сияқты жүреді.

## Қашан пайдалы

| Сценарий | Неге ашық сома |
|---|---|
| Қайырымдылық, садақа, жоба қолдауы | Әркім қалаған сомасын береді |
| Шәкіртақы, жарна, мүшелік жарна | Сомасы әртүрлі, бірақ бір сілтеме жеткілікті |
| Кеңес беру, репетиторлық, коучинг | Сағат саны мен бағасы әр клиентте әртүрлі |
| Қосымша жұмыс, түзету, шұғыл тапсырыс | Әр жолы бөлек келісіледі |
| Кофехананың «чаевые» QR-ы | Клиент өзі шешеді |
| Алдын ала төлем, депозит | Клиент келісілген үлесін енгізеді |

Сомасы әр төлемде өзгеретін, бірақ **әр клиентке жеке счёт жасағыңыз келмейтін** жағдайлардың бәрі осыған келеді.

## Белгіленген сомалы сілтемеден айырмашылығы

| | Белгіленген сома | Ашық сома |
|---|---|---|
| Соманы кім қояды | Сіз, сілтемені жасағанда | Клиент, төлер алдында |
| Қатені кім жібереді | Сіз (бір рет) | Клиент (әр төлемде) |
| Басып қоюға ыңғайлы ма | Иә, бір тауарға | Иә, әмбебап QR ретінде |
| Есеп | Сома әрқашан бірдей | Сома әртүрлі, тексеру керек |
| Қашан таңдау | Бір ғана тауар немесе қызмет | Сомасы құбылмалы қызмет |

Екеуі де бір бөлімде жасалады, айырмашылығы жалғыз өрісте: **Сома** өрісін толтырсаңыз — белгіленген, бос қалдырсаңыз — ашық.

## Ең аз және ең көп сома

Ашық сома дегеніміз шектеусіз деген сөз емес. Сілтемеде екі қосымша өріс бар:

- **мин ₸** — бұдан аз соманы клиент енгізе алмайды. Тым кішкентай төлемдерден («1 ₸» сынағынан) сақтайды
- **макс ₸** — бұдан көп соманы енгізе алмайды. Нөлді артық басып жіберуден сақтайды

Шектен шыққанда клиент бірден түсінікті қате көреді және счёт жасалмайды. Одан бөлек бір төлемге жалпы шек бар: **5 000 000 ₸**.

Кеңес: екеуін де қойыңыз. Мысалы кеңес беру үшін мин 2 000, макс 200 000. Бұл клиенттің қате басуынан және кездейсоқ ірі сомадан қорғайды.

## Клиенттен қандай дерек сұрауға болады

Сілтемені баптағанда «Сұралатын өрістер» ішінен таңдайсыз:

| Өріс | Қашан керек |
|---|---|
| Аты | Кімнен түскенін білу үшін — қайырымдылықта, жарнада міндетті |
| Телефон | Байланысу немесе төлемді тапсырыспен салыстыру үшін |
| Email | Чекті немесе қолжетімділікті жіберу үшін |
| Пікір | Не үшін төлегенін клиент өзі жазады |

Клиент жазған пікір счёттың сипаттамасына қосылады: «Кеңес беру: желтоқсан айы». Яғни ол **клиенттің өзіне де көрінеді** — құпия дерек сұрамаңыз.

Тек қажетін ғана сұраңыз: әр артық өріс төлемнен бас тарту ықтималдығын арттырады. QR арқылы төлеу үшін бірде-бір өріс міндетті емес.

## Есеп жүргізу

Ашық сомада «жоспарлы сома» болмағандықтан, есепті басқаша жүргізесіз.

- Кабинеттің **Сілтемелер** бөлімінде әр сілтеме бойынша **Ашылды / счёт** саны көрінеді. Ашылым көп, ал счёт аз болса — сома мен өрістер клиентке ауыр болып тұр
- Бұл сілтеме арқылы жасалған счёттардың **metadata** ішінде сілтеменің белгісі тұрады, сондықтан оларды өз жүйеңізде бөліп алуға болады
- Счёттар тізімінде сілтеменің атауы сипаттаманың басында тұрады — іздеу соған да жүреді
- Кезеңдік есеп үшін **Счёттар** бөлімінен экспорт жасаңыз: [CSV экспорт және есеп](/kb/csv-export)

Бірнеше бағыт болса (мысалы «Қайырымдылық» және «Кеңес беру»), **әр бағытқа бөлек сілтеме** жасаңыз — есеп сонда өзінен-өзі бөлінеді. Бір ұйымда ең көбі 50 сілтеме.

## Сілтемені басқару

- **slug** өзіңіз таңдайсыз: `qut.kz/p/qaiyrymdylyq`. Бос қалдырсаңыз кездейсоқ мекенжай беріледі
- Әр сілтеменің дайын **QR суреті** бар — оны басып шығаруға, сторизге қоюға болады
- Сілтемені **тоқтатуға** және қайта қосуға болады. Тоқтатылған сілтемеге кірген адам «уақытша тоқтатылған» деп көреді
- Сілтемені жойсаңыз, басып қойған QR жұмыс істемей қалады. Уақытша керек болмаса — жоймай, тоқтатып қойыңыз
- Сілтеме жасау мен өзгерту — әзірлеуші немесе иесі рөлінде. Менеджер оларды тек көреді: [Рөлдер мен құқықтар](/kb/roles-and-permissions)

## Жиі қойылатын сұрақтар

**Клиент нөл немесе теріс сома енгізе ала ма?** Жоқ, ондай сома қабылданбайды. Ең аз соманы өзіңіз де қойыңыз.

**Тиын енгізуге бола ма?** QR счётта ең көбі екі ондық таңба. Дөңгелек сомаға бейімделген нүктелерде мин/макс арқылы реттеп қойған дұрыс.

**Бір сілтемені бірнеше адам қатар аша ала ма?** Иә. Әр адамға өз счёті жасалады, олар бір-біріне кедергі келтірмейді.

**Ашық сомалы сілтеме sandbox-та жұмыс істей ме?** Иә, режим ұйымға ортақ. Sandbox режимінде нақты ақша жүрмейді: [Sandbox пен нақты режим](/kb/sandbox-vs-live).

**Клиент телефонына счёт келе ме?** Сілтеме QR және төлем беті арқылы жұмыс істейді. Клиенттің Kaspi-іне тікелей push жіберу керек болса, ол бөлек сценарий: [QR счёт пен телефонға счёт](/kb/qr-vs-phone).
