# Salebot ботынан Kaspi шотын жіберу

> Salebot-тағы бот «API-запрос» блогымен Qut Pay арқылы клиенттің Kaspi.kz қосымшасына шот жібереді, сосын төленгенін тексереді. Блоктың баптауы, айнымалылар, қателер және тексеру тәртібі.

## Қысқаша

Salebot-та жиналған бот Kaspi шотын өзі жібере алады. Ол үшін тапсырыс расталатын блокқа Salebot-тың «API-запрос» бөлімін қосып, Qut Pay API-ына бір сұраныс жібересіз. Шот клиенттің Kaspi.kz қосымшасына түседі. Клиент «Төледім» деп жазғанда екінші сұраныспен шот күйін тексересіз. Бағдарламашы керек емес. Толық нұсқаулық: [api.qut.kz/docs/guide/kk/salebot](https://api.qut.kz/docs/guide/kk/salebot).

Qut Pay мен Salebot — бөлек сервистер, серіктес емеспіз. Salebot-та API функциялары тек «Бизнес» және «Инфобиз» тарифтерінде жұмыс істейді.

## Шот жасау блогы

| Өріс | Мәні |
|---|---|
| Түрі | `POST-json` |
| URL | `https://api.qut.kz/api/v1/invoices` |
| Заголовок запроса | `{"X-API-Key": "qp_live_…", "Content-Type": "application/json"}` |
| JSON параметры | `{"kind": "phone", "amount": #{amount}, "description": "Тапсырыс #{order_id}", "idempotencyKey": "salebot-#{order_id}", "customer": {"phone": "#{phone}"}}` |
| Сохраняемые значения | `id->qp_invoice_id; status->qp_status; error->qp_error` |

`kind: "phone"` шотты клиенттің Kaspi қосымшасына тікелей жібереді, сондықтан WhatsApp-та сілтеме жіберудің қажеті жоқ. Сома бүтін теңге болуы керек. Неліктен `phone` жақсы екенін [QR мен телефонға шот](/kb/qr-vs-phone) мақаласынан оқыңыз.

`idempotencyKey` клиент батырманы екі рет басқанда екінші шот жасалмауы үшін керек. Толығырақ: [қайталанатын сұраныс](/kb/idempotency).

## Төлемді тексеру блогы

| Өріс | Мәні |
|---|---|
| Түрі | `GET` |
| URL | `https://api.qut.kz/api/v1/invoices/#{qp_invoice_id}` |
| Заголовок запроса | шот жасау блогындағыдай |
| Сохраняемые значения | `status->qp_status` |

Сосын шарт блогымен тексересіз:

- `paid` — «✅ Төлем түсті».
- `pending` — «Шот Kaspi қосымшаңызда тұр, төлеген соң қайта жазыңыз».
- `failed` — шот бармады. Клиенттен Kaspi нөмірін сұрап, жаңа `idempotencyKey`-мен қайта жібересіз ([клиентте Kaspi жоқ болса](/kb/customer-no-kaspi)).
- `expired` — мерзімі өтті, жаңа шот жасайсыз.

Salebot Qut Pay webhook-тарын тікелей қабылдай алмайды, сондықтан күйді клиент жазғанда не батырма басқанда сұрайсыз. Ал сіздің өзіңізге әр төлем туралы хабар Qut Pay кабинетіне қосылған Telegram арқылы келеді.

## Алдымен тест режимінде

1. Кабинет → Интеграциялар → API кілттері → тест кілтін (`qp_test_…`) жасаңыз ([API кілттер](/kb/api-keys)).
2. Ботқа өзіңіз тапсырыс беріңіз, кабинетте тест шоты шығады.
3. Шотты ашып, «[Sandbox] төленді» батырмасын басыңыз.
4. Ботқа «Төледім» деп жазыңыз — бот «✅ Төлем түсті» деуі керек.
5. Сосын кілтті `qp_live_…`-ке ауыстырасыз.

## Жиі қойылатын сұрақтар

### Бұл ақылы ма?

Qut Pay тарифіне кіреді, бөлек ақы жоқ. Айлық лимитке тек төленген шоттар есептеледі. Kaspi өз комиссиясын бөлек ұстайды. Salebot тарифі өз алдына.

### Клиенттің нөмірі «+7 701 …» деп сақталған, жарай ма?

Иә. `+7 701 123 45 67`, `87011234567` және `77011234567` — бәрін Qut Pay өзі 11 цифрға келтіреді.

### Telegram ботында не істеймін?

`kind`-ті алып тастасаңыз, жауапта `payUrl` келеді. Бұл QR мен «Kaspi-де төлеу» батырмасы бар бет. Сақталатын мәндерге `payUrl->qp_pay_url` қосып, сілтемені клиентке жібересіз.

### Кілтті ботқа қою қауіпсіз бе?

Кілт Salebot серверінде сақталады, клиентке көрінбейді. Бірақ оны чатқа, скриншотқа не ашық құжатқа салмаңыз. Кілт тараса, кабинеттен өшіріп, жаңасын жасаңыз.
