# Жазылым клиентіне еске салу

> Qut Pay жазылым бойынша счёт туралы клиентке өзі еске салады — алдын ала және счёт төленбесе — Telegram, email және WhatsApp арқылы. Әр жазылымның «Kaspi арқылы төлеу» батырмасы бар клиент беті болады.

## Қысқаша

Жазылым бойынша счётты клиент Kaspi қосымшасында өзі растайды. Төлемді өткізіп алмауы үшін Qut Pay оған еске салады:

- **алдын ала** — счёттан 1–7 күн бұрын (әдепкіде 1 күн бұрын);
- **счёт төленбесе** — 1 күннен және 3 күннен кейін, төлем сілтемесімен.

Әр жазылымның `qut.kz/s/<код>` түріндегі **клиент беті** бар. Онда сома, кесте, соңғы счёттың күйі және «Kaspi арқылы төлеу» батырмасы. Сол жерде клиент Telegram-да еске салуды бір басумен қосады.

Әзірлеуші керек емес: бәрі кабинеттің **Жазылымдар** бөлімінде қосылады.

## Арналар және құны

| Арна | Қашан істейді | Құны |
|---|---|---|
| Telegram | Клиент өз бетінде «Telegram-да еске салу» батырмасын басқан | Тегін |
| Email | Жазылымда клиенттің email-і бар | Тегін |
| WhatsApp | Кабинетте қосылған, телефон бар, live режим | Тарифтегі айлық лимит ішінде |

Еске салу қолжетімді арналардың бәріне бірден кетеді. Хабарлар Алматы уақытымен тек **09:00–21:00** аралығында жіберіледі: сәт түнге түссе, таңертең кетеді.

WhatsApp еске салуының айлық лимиті:

| Тариф | Айына хабар |
|---|---|
| Сынақ | 20 |
| Бастау | 100 |
| Бизнес | 400 |
| Про | 1 500 |

Telegram мен email шектелмейді. Клиент көп болса, Telegram-ды қосуын сұраңыз — сізге де, оларға да тегін.

## Қалай қосу керек

1. Кабинетте **Жазылымдар** бөлімін ашыңыз.
2. Жазылым жасағанда «Алдын ала еске салу» өрісінен мерзімді таңдаңыз (мысалы, «1 күн бұрын») және «Төленбесе — 1 және 3 күннен кейін еске салу» белгісін қалдырыңыз.
3. Бұрын жасалған жазылым үшін жолдағы **Клиентке** батырмасын басыңыз — сол қосқыштар сонда.
4. WhatsApp арқылы да еске салу үшін «Клиентке еске салу» карточкасында «WhatsApp арқылы да еске салу» белгісін қойыңыз. Бұл бүкіл ұйымның баптауы, оны иесі не әзірлеуші өзгертеді.

API арқылы сол өрістер `reminders` объектісінде беріледі: `{ "beforeDays": 1, "unpaid": true }`. Толығырақ: [Жазылым API](/kb/subscriptions-api).

## Клиентке не жіберу керек

Жазылым жолындағы **Клиентке** батырмасын басыңыз. Онда:

- клиент бетінің сілтемесі және «Көшіру» батырмасы;
- дайын хабар — «Хабарды көшіру»: WhatsApp-қа не Instagram-ға жібере аласыз;
- клиентте қай арналар қазір істейтіні;
- «Қазір алдын ала еске салу» және «Қазір «төленбеді» деп еске салу» батырмалары — хабар қалай көрінетінін тексеру үшін;
- соңғы еске салулар тарихы: қашан, қай арнамен, жетті ме.

Сілтемені клиентке бір рет, жазылым рәсімделген соң бірден жіберіңіз. Ары қарай бет өзі жұмыс істейді.

## Клиент не көреді

Өз бетінде клиент мынаны көреді:

| Күйі | Не көрсетіледі |
|---|---|
| Счёт төленген | «Соңғы счёт төленді» және күні |
| Счёт ашық | «Төлеу» батырмасы — сол счёттың төлем бетіне апарады |
| Счёт төленбей, мерзімі біткен | «Kaspi арқылы төлеу» батырмасы — сол кезеңге жаңа счёт шығарады |
| Әлі счёт болмаған | «Бірінші счёт кесте бойынша келеді» |

Беттен жаңа счёт тек әлі төленбеген кезеңге шығады. Кезең төленіп қойса, екінші счёт пайда болмайды. Бет іздеу жүйелерінде индекстелмейді, адрестегі код кездейсоқ — бөгде адам оны таба алмайды.

Клиент Telegram-дағы еске салуды ботта `/stop` командасымен өшіре алады.

## Неге бұл жұмыс істейді

Жазылым счёты — клиент растауы керек Kaspi счёты. Ақша өздігінен шешілмейді, бұл жақсы: күтпеген төлем туралы ешкім шағымданбайды. Бірақ клиент push-ты байқамай қалуы мүмкін. Алдын ала еске салу оны дайындайды, ал кейінгі еске салу сізбен хат алмаспай-ақ төлеудің ыңғайлы жолын береді.

## Жиі қойылатын сұрақтар

**Еске салу мәтінін өзгертуге бола ма?** Әзірге жоқ: мәтін ортақ, қазақша және орысша, сомасы, жазылым атауы және сілтемесімен. Жазылым атауы «Сипаттама» өрісінен алынады — оны түсінікті жазыңыз, мысалы «Зал абонементі, қараша».

**Еске салу келді, бірақ клиент төлеп қойған.** «Төленбеді» еске салуы соңғы счёт төленбеген жағдайда ғана кетеді. Клиент тексерулер арасында төлесе, екінші еске салу енді келмейді.

**WhatsApp еске салуы жетпеді.** Live режим қосулы екенін, клиенттің телефоны барын және айлық лимит бітпегенін тексеріңіз — **Клиентке** терезесінде қанша хабар кеткені көрінеді. Әр сәтсіздіктің себебі еске салу тарихында тұр.

**Жазылым тоқтатылып тұрса, еске салу кете ме?** Жоқ. Еске салу тек белсенді жазылымдарда істейді.

**Клиент екінші еске салудан кейін де төлемесе не істеймін?** Өзіңіз шешесіз: әдетте қолжетімділікті жабатын сәт осы. Жазылымдық бизнес туралы толығырақ: [Жазылымдық бизнеске](/kb/for-subscription-business).
