# Тарифті ТОО не ИП шотынан счёт на оплату арқылы төлеу: счёт, акт, ЭСФ

> Qut Pay тарифін компанияның банк шотынан аударыммен төлеуге болады. Кабинетте счёт на оплату қай жерде жасалады, тариф қашан қосылады, орындалған жұмыстар актісі қашан шығады және ЭСФ қалай беріледі.

## Қысқаша

Иә, Qut Pay тарифін ТОО не ИП шотынан счёт на оплату арқылы төлеуге болады. Кабинетте **Тариф** бөлімін ашып, «Төлем тәсілі» блогынан **«Шот бойынша»** дегенді таңдаңыз. Компания атауын, БИН-ді және заңды мекенжайды жазып, тариф пен мерзімді таңдаңыз да, **«Счёт жасау»** батырмасын басыңыз. Счёт на оплату PDF түрінде жүктеледі. Тариф ақша біздің шотқа түскенде қосылады. Орындалған жұмыстар актісі төленген мерзім біткен күні «Құжаттар» тізімінде шығады. ЭСФ актіден кейін жазылады.

Бұл жерде **Qut Pay тарифін** төлеу туралы айтылған. Сатып алушыларыңыз сізге Kaspi арқылы қалай төлейтіні бөлек мақалада: [Клиент қалай төлейді](/kb/how-customer-pays).

## Счёт на оплату қалай жасалады

1. Кабинетке кіріңіз: https://qut.kz/app
2. **Тариф** бөлімін ашыңыз: https://qut.kz/app/tariff/
3. **«Төлем тәсілі»** блогында «Kaspi арқылы» дегеннен **«Шот бойынша»** дегенге ауысыңыз.
4. Форманы толтырыңыз:
   - **Компания атауы** — құжаттарда қалай жазылуы керек, солай: мысалы ТОО «Атауы» не ИП Тегі;
   - **БИН / ИИН** — 12 сан;
   - **Заңды мекенжай**;
   - **Тариф** пен **Мерзім** — Kaspi арқылы төлегендегі тарифтер мен мерзімдер. Тарифті оның карточкасындағы «Таңдау» батырмасымен де таңдауға болады.
5. Соманы тексеріңіз. Ол Kaspi арқылы төлегендегі сомамен бірдей және «ҚҚС-сыз» деп көрсетіледі.
6. **«Счёт жасау»** батырмасын басып, PDF-ті жүктеп алыңыз.

Счётты ұйым иесі жасай алады. Компания атауы, БИН және мекенжай ұйымның заңды деректеріне сақталады, келесі жолы қайта жазбайсыз.

Бетте «Шот бойынша» ауыстырғышы көрінбесе, қолдауға жазыңыз: [Қолдауға қалай жазу керек](/kb/support-how).

## Счётта не бар

Счёт на оплату орыс тілінде жасалады. Онда бухгалтерияға төлем тапсырмасын толтыруға керектің бәрі бар:

| Не | Счёттың қай жерінде |
|---|---|
| Алушының реквизиттері: бенефициар, БИН, ИИК, Кбе, банк, БИК, КНП | «Образец платёжного поручения» блогы |
| Нөмірі мен күні | Тақырыбында, мысалы «Счёт на оплату № QP-0012» |
| Жеткізуші мен сатып алушы | Тақырыптың астында |
| Негіздеме | «Договор: публичная оферта Qut Pay» |
| Қызмет, сома санмен және жазбаша | Кесте мен оның астындағы жолдар, «Без НДС» |
| Орындаушының қолы мен мөрі | Төменгі жағында |

Төлем мақсатына счёттың нөмірін жазыңыз.

Счёт **5 жұмыс күні** жарамды. Счёттың төлемі күтіліп тұрғанда екіншісі жасалмайды: алдымен сол беттегі «Құжаттар» тізімінде біріншісіне «Болдырмау» батырмасын басыңыз. Атауда не БИН-де қате кетсе де солай істеп, жаңа счёт жасаңыз.

## Тариф қашан қосылады

Тариф ақша біздің шотқа түсіп, біз төлемді белгілегеннен кейін қосылады. Банк аударымы **1–3 жұмыс күнін** алуы мүмкін, сондықтан Kaspi арқылы төлегендегідей сол сәтте қосылмайды.

- Тариф бүгін керек болса, оны Kaspi арқылы төлеңіз: [Тарифті қалай төлеу керек](/kb/tariff-payment).
- Тариф қосылғанда «Құжаттар» тізіміндегі счёттың күйі «Төленді» болып өзгереді, ал Telegram қосылған болса, тариф қосылғаны туралы әдеттегі хабар келеді.
- Сол тариф әлі жүріп тұрса, төленген мерзім қазіргі мерзімнің үстіне қосылады.
- Ақша счёттың жарамдылық мерзімінен кеш кетсе, қолдауға жазып, счёттың нөмірін көрсетіңіз.

## Орындалған жұмыстар актісі

Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі сол **«Құжаттар»** тізімінде төленген мерзім біткен күні шығады. Акт сол күнмен жазылады, нөмірі счёттың нөмірімен бірдей, ішінде қызмет көрсетілген нақты күндер тұрады. Акт PDF түрінде, орындаушының қолы мен мөрі қойылған күйде жүктеледі; тапсырыс берушінің қолына арналған жолдар бос қалдырылған.

Акт туралы бөлек хабар келмейді: **Тариф** бөліміндегі «Құжаттар» тізімін қараңыз.

## ЭСФ

ЭСФ **актіден кейін** жазылады. ЭСФ жазылғанда оның нөмірі «Құжаттар» тізімінде счёттың қасында көрінеді. Бұл автоматты түрде жасалмайды, сондықтан нөмір актімен бір күнде шықпауы мүмкін.

## Жиі қойылатын сұрақтар

**Шот бойынша төлегенде баға өзгере ме?** Жоқ. Тарифтер, мерзімдер, бонус күндер мен жеңілдіктер Kaspi арқылы төлегендегідей. Счёт пен акт ҚҚС-сыз жазылады.

**WhatsApp чат-ботты және басқа қосымшаларды шот бойынша төлеуге бола ма?** Әзірге жоқ. Шот бойынша тек тариф төленеді; қосымшалар Kaspi арқылы төленеді.

**Реферал бонусы шегеріле ме?** Шот бойынша төлегенде бонус жұмсалмайды. Ол тарифті Kaspi арқылы төлегенде шегеріледі.

**Құжаттарды қағаз түрінде алуға бола ма?** Счёт пен акт орындаушының қолы мен мөрі қойылған PDF түрінде беріледі, оларды басып шығаруға болады.

**Құжаттарды кім көреді?** «Тариф» бөліміне рұқсаты бар ұйым қызметкерлері. Құжаттың сілтемесін бөгде адамға беруге болмайды: PDF тек кабинетке кіргеннен кейін жүктеледі.
