# Telegram бот командалары: толық тізім

> @QutPayBot-тың барлық командасы — счёт жасау, бүгінгі түсім, соңғы счёттар, күйі, болдырмау, қолдау. Қазақша-орысша баламалары, топта жұмыс істеуі және қандай хабарламалар келеді.

## Қысқаша

[@QutPayBot](https://t.me/qutpaybot) — барлық ұйымға ортақ бір бот. Кабинетті ашпай-ақ счёт шығаруға, бүгінгі түсімді көруге және төлем хабарламаларын алуға болады.

Істеу реті қарапайым: кабинетте байланыстыру кодын аласыз, ботқа (жеке чатта немесе топта) `/start КОД` деп жазасыз — сол чат ұйымға байланысады. Содан кейін командалар жұмыс істей бастайды, ал төлем хабарламалары сол чатқа келеді.

## Командалар

| Команда | Не істейді |
|---|---|
| `/start КОД` | Чатты ұйымға байланыстырады. Код кабинеттен алынады, 15 минут жарамды |
| `/invoice 5000` | QR-сілтемемен счёт жасайды |
| `/invoice 5000 77001234567` | Счётты клиенттің Kaspi қосымшасына жібереді |
| `/invoice 5000 Консультация` | Сипаттамасы бар счёт |
| `/invoice 5000 77001234567 Консультация` | Телефонға + сипаттамамен |
| `/today` | Бүгінгі түсім, барлық төленген счёт, ашық счёттар саны |
| `/last` | Соңғы 10 счёт: уақыты, сомасы, күйі, идентификаторы |
| `/status inv_…` | Бір счёттың күйі және чегі |
| `/cancel inv_…` | Счётты болдырмайды |
| `/support мәтін` | Қолдау қызметіне сұрақ жібереді, жауап осы чатқа келеді |
| `/unlink` | Чатты ұйымнан ажыратады |
| `/help` | Командалардың қысқаша тізімі |

Команданы Telegram мәзірінен де таңдауға болады — бот командалар тізімін өзі тіркеп қояды.

## Қазақша және орысша баламалары

Ағылшын атауларын жаттаудың қажеті жоқ, мына баламалар да жұмыс істейді:

| Балама | Негізгі командасы |
|---|---|
| `/счет`, `/счёт`, `/шот`, `/inv` | `/invoice` |
| `/бүгін`, `/сегодня` | `/today` |
| `/статус` | `/status` |
| `/отмена` | `/cancel` |
| `/қолдау`, `/көмек`, `/помощь` | `/support` |

**Жеке чатта команданы мүлде жазбауға болады:** санмен басталатын хабарлама счёт жасау деп қабылданады. `5000 Сабақ` десеңіз, 5000 теңгеге «Сабақ» сипаттамасымен счёт шығады.

Телефон нөмірін қалай жазсаңыз да танылады: `8 700 123 45 67`, `+77001234567`, `7701-123-45-67` — бәрі жарайды.

## Жауаптағы батырмалар

Счёт жасалғанда бот оның карточкасын қайтарады: сомасы, сипаттамасы, күйі, мерзімі және идентификаторы. Карточканың астында батырмалар:

- **💳 Төлем беті** — QR счётта клиентке жіберетін сілтеме;
- **🔄 Күйі** — счёттың күйін сол жерде жаңартады, хабарлама өзі өзгереді;
- **🚫 Болдырмау** — счёт әлі ашық болса ғана көрінеді.

Sandbox режимінде карточкада `(sandbox)` белгісі тұрады — нақты ақша жүрмегенін содан ажыратасыз.

Счёт болдырылған соң да QR-дың мерзімі бітпеген болса, клиент төлеп үлгеруі мүмкін. Ондай жағдайда бот ескертеді және төлем келгенде хабарлама жібереді.

## Топта жұмыс істеуі

Ботты жұмысшы топқа қосуға болады — сонда кассирлер немесе менеджерлер бір жерден счёт шығарады, ал төлем хабарламалары бәріне бірден көрінеді.

1. Ботты топқа қосыңыз.
2. Топта `/start КОД` деп жазыңыз (код сол кабинеттен).
3. Бот топтағы командаларды көруі үшін **екеуінің бірі** керек: @BotFather → `/setprivacy` → **Disable**, немесе ботты топ әкімшісі ету. Әйтпесе Telegram топтағы хабарламаларды ботқа жеткізбейді және бот үндемейді.

**Топтағы кез келген мүше счёт жасай алады.** Бот рөлдерді ажыратпайды, сондықтан топқа кімді қосатыныңызды өзіңіз шешесіз. Ақша тек сіздің Kaspi шотыңызға түседі, бірақ артық счёт есепті шатастырады.

Топта жалаң санмен счёт жасау істемейді — онда толық `/invoice` командасы керек.

## Қандай хабарламалар келеді

Байланысқан чатқа мыналар келеді:

| Хабарлама | Қашан |
|---|---|
| ✅ ТӨЛЕНДІ | Счёт төленгенде. Сомасы, сипаттамасы, тапсырыс нөмірі, клиент деректері, чек нөмірі |
| ↩️ Қайтарылды / Ішінара қайтарылды | Қайтару өткенде, қайтарылған сомасымен |
| ⌛ Мерзімі өтті | Счёт төленбей қалғанда |
| 🚫 Болдырылмады | Счёт болдырылғанда |
| ❌ Төлем сәтсіз | Kaspi төлемді өткізбегенде |
| ⚠️ Ескерту | Kaspi кассир байланысы үзілгенде — қайта кіру сілтемесімен |

Чек нөмірі болса, хабарламаға **🧾 Чек** батырмасы қосылады. **КЕШ ТӨЛЕМ** белгісі — счёт бұрын жабылған, ал ақша кейін келген деген сөз: қызметті беру керек пе, әлде қайтару керек пе, шешім сіздікі.

Бір ұйымға бірнеше чат байланыстыруға болады — хабарлама бәріне қатар кетеді.

## Ұйымға байланыстыру коды

Код кабинетте жасалады: **Баптау** → Telegram-бот → байланыстыру кодын алу.

- Код **15 минут** жарамды және **бір рет** қана қолданылады.
- Кодты жеке чатта да, топта да жазуға болады — қай чатта жазсаңыз, сол чат байланысады.
- Кабинет сілтеме де береді: оны ашсаңыз, бот өзі ашылып, кодты өзі жібереді.
- Мерзімі өтсе, жаңа код алыңыз.

Байланысты үзу үшін сол чатта `/unlink` деп жазыңыз немесе кабинеттегі чаттар тізімінен өшіріңіз.

## Боттан не істеуге болмайды

- **Қайтару жасалмайды.** Ақша қайтару тек кабинеттен немесе API арқылы жүреді — бұл әдейі солай, өйткені бот чаты көп адамға ашық болуы мүмкін.
- **Баптау өзгертілмейді.** Кілттер, webhook, тариф, кассир — бәрі кабинетте.
- **Басқа ұйымның счёттары көрінбейді.** Бір чат бір ұйымға ғана байланысады.

## Бот үндемей қалса

Ең жиі үш себеп: чат ұйымға байланыспаған, топтағы құпиялық режимі өшірілмеген, немесе бот бөгелген. Қадамдап тексеру: [Telegram бот үндемейді](/kb/telegram-bot-silent).

## Жиі қойылатын сұрақтар

**Өз ботымды қосуға бола ма?** Кабинетте өз ботыңыздың токенін қосып, хабарламаларды соған жіберуге болады. Командалар болса ортақ @QutPayBot арқылы жұмыс істейді.

**`/support` чат байланыспаса да істей ме?** Иә. Кабинетке Telegram арқылы бір рет кірген болсаңыз, бот сізді нөміріңіз арқылы ұйыммен байланыстырады. Байланыстыра алмаса, WhatsApp пен email нұсқасын ұсынады: [Қолдауға қалай жазу керек](/kb/support-how).

**Бот арқылы жасалған счёт кабинетте көріне ме?** Иә, бәрі бір тізімде. Счёт қай арна арқылы жасалғаны сақталады.

**Телефонға счёт жібергенде клиент не көреді?** Оның Kaspi қосымшасына счёт келеді: сома, сипаттама және сіздің кассир нөміріңіз. Толығы: [Клиент не көреді](/kb/what-customer-sees).

**Ботта тауар сатқым келеді, тек счёт емес.** Ол бөлек сценарий: [Telegram ботында тауар сату](/kb/for-telegram-bot).
