Жаңартулар тарихы
Qut Pay-ге не қосылғаны, мерчант көзімен. Ең жаңасы жоғарыда. Ішкі түзетулер мен сервер жұмыстары бұл тізімге кірмейді.
Сұрақ не ұсыныс болса — кабинеттегі «Қолдау» бетінен жазыңыз.
2026 жылғы қараша
15 қараша
- Kaspi клиенті емес нөмірге счёт. Телефонға счёт Kaspi-де жоқ нөмірге жіберілсе, API енді
422 kaspi_customer_not_foundқайтарады (бұрын502 kaspi_errorеді, ол «кейін қайталап көр» дегенді білдіретін). Мұндай қатені қайталамаңыз: нөмірді тексеріңіз немесе клиентке QR ұсыныңыз. Сол нөмірге 10 минут ішіндегі қайталау Kaspi-ге бармай, бірден осы жауапты алады. Sandbox-та тексеру нөмірі:77000000404. - Жасалмай қалған счёт лимитке саналмайды. Kaspi қабылдамаған счёт (нөмір Kaspi-де жоқ, Kaspi уақытша істемеді) тарифтің күндік және айлық лимитін жемейді. Kaspi-де жасалған счёттар бұрынғыдай саналады.
11 қараша
- Webhook жетпесе, хабар береміз. Сайтыңыз Qut Pay хабарламаларын қатарынан 3 рет қабылдамаса, Telegram-ға (және хабарлама поштасына) хат келеді: қай адрес, қандай қате. Тәулігіне бір реттен жиі емес. Кабинеттегі «Тексеру» батырмасының нәтижесі бұған кірмейді.
- Бар API кілттің рұқсаттарын өзгертуге болады. Интеграциялар → API кілттер: ақша қайтару, жазылымдар рұқсатын белгімен қосып не алып тастаңыз, кілтті сайттан ауыстырудың керегі жоқ. Рұқсатты қосуды тек кабинет иесі жасайды, қосылғанда иесіне хабар кетеді.
- Жазылым клиентіне еске салу. Әр жазылымның клиентке арналған өз беті бар: сома, кесте, соңғы счёттың күйі және «Kaspi арқылы төлеу» батырмасы. Клиент Telegram-да еске салуды бір басумен қосады. Төлемге дейін (1–7 күн бұрын) және счёт төленбесе (1 және 3 күннен кейін) еске салу Telegram мен email арқылы тегін кетеді, тек 09:00–21:00 аралығында. WhatsApp арқылы еске салу — тарифтегі айлық лимит ішінде. Толығырақ: жазылым клиентіне еске салу.
- Тауар QR-жапсырмалары. Төлем сілтемелерінен сөреге, аппаратқа не үстелге басып шығаратын жапсырмалар: үш өлшем, A4 параққа, PDF етіп сақтауға болады. Толығырақ.
- Сілтемелерді кестеден жүктеу. Excel-ден көшіріп қойыңыз не CSV: бір әрекетпен 1 000 жолға дейін.
- «Kaspi арқылы төлеу» батырмасы сайтқа. Әр сілтеменің жанында сайтқа қоятын дайын HTML батырма.
- Сілтеме лимиті тарифке қарай: Бастау — 50, Бизнес — 300, Про — 1 000.
- Сервистер салыстыруы жаңартылды: нарықтағы 8 сервис, 11.11.2026 бағасымен. Салыстыру.
- Осы бет — жаңартулар тарихы — ашылды.
3 қараша
- API кілтті басқа Kaspi кассиріне кабинеттен ауыстыруға болады.
- Кассир қайта қосылғанда, сол мерчанттың үзілген кассиріне байланған кілттер жаңасына өзі ауысады.
1–2 қараша
- Плагин WordPress.org каталогында: «Qut Pay for WooCommerce».
- «Өз құрылғыңызға Kaspi төлемін API арқылы қосыңыз» беті — аппараттар мен терминалдар үшін.
2026 жылғы қазан
- Тарифті картамен төлеу (Halyk Epay) — Kaspi-ден бөлек тағы бір жол.
- Тарифті автоматты жаңарту: мерзім біткенге дейін Kaspi қосымшасына счёт келеді, бір басумен төлейсіз (әдепкіде өшірулі).
- Кабинет ағылшынша — қазақша, орысша, ағылшынша.
- Серіктес рөлі: серіктес өз клиентінің ұйымында қызметкерлерді басқара алады. Серіктес тарифі.
- ЖИ-агенттерге арналған құралдар: SKILL.md және MCP сервер (
@qutpay/mcp, қашықтағы нұсқасыapi.qut.kz/mcp). - Telegram-боттағы көмекші: Qut Pay туралы сұрақтарға жауап береді.
- Сенім орталығы qut.kz/trust және қызмет күйінің беті.
- Жаңа кіру беті мен кабинет дизайны, Google арқылы кіру, қызметкерді email арқылы шақыру.
- Кассир қосу кезінде Kaspi-дің нақты жауабы көрсетіледі (жалпы «ішкі қате» орнына).
- Білім базасына 12 жаңа мақала: сайтқа қосу, Kaspi Pay API, комиссия, сервистер салыстыруы, Shopify, Laravel, Next.js және т.б.
2026 жылғы қыркүйек
- Білім базасы — 126 мақала, қазақша және орысша. «Қалай қосу керек» беті мен инфографика.
- Кабинетте қараңғы режим.
- Жазылымдар: қайталау сатысы, өткізіп алынған кезеңдер саясаты.
- API кілтті бір кассирге байлау.
- Сынақ мерзімі бірінші live счёттан басталады — 7 күн толық.
- Лимит айлық: күндік шектің орнына.
- Фискалды чек бөлімі, CRM бөлімі, қолдау қызметі кабинетте және Telegram-да.
- Жеткізу жылдамдығы нақты өлшенеді.
- Telegram мен WhatsApp арқылы бір басып кіру.
- Жазылымдар мен кестелі счёттар, жаппай счёт, Tilda формалары, реферал және Partner API, қызметкерлер.
- Тұрақты төлем сілтемесі / статикалық QR —
qut.kz/p/<slug>. - Next.js кабинеті, WooCommerce плагині, OpenCart 4 кеңейтуі, n8n workflow-тары, 1C нұсқаулығы.
- SDK: Node, PHP, Python. OpenAPI спецификациясы және ЖИ-агентке нұсқаулық (
/for-ai,llms.txt). - Telegram-бот:
/invoice,/today, төлем хабарламалары. - Qut Pay платформасы іске қосылды: көп мерчантты ядро, sandbox, webhook кезегі, төлем беттері.
Көмек керек пе? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com · 09:00–21:00 (Алматы)
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.
Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.