Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Мәселені шешу

Счёт pending күйінде тұрып қалды

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

pendingкүту күйі, қате емес. Ол «счёт шығарылды, клиент әлі растаған жоқ» дегенді білдіреді. Бұл күйде счёт өзінің мерзімі біткенше тұра береді, сосын өзі expired болады. Ештеңе істеудің қажеті жоқ: біз счётты фонда тұрақты тексеріп отырамыз, клиент төлеген сәтте күйі paid-ке ауысады да, сізге webhook кетеді. Алаңдау керек жалғыз жағдай — бүкіл счёттарыңыз pending-те тұрып қалса.

Счёттың күйлері

new → pending → paid
              → cancelled
              → expired

Төленген счёт кейін refunded немесе partially_refunded болуы мүмкін.

КүйМағынасыАшық па
newСчёт жасалды, әлі клиентке көрсетілмегенИә
pendingКлиентке ұсынылды, растауын күтіп тұрИә
paidКлиент төледі, ақша Kaspi шотыңыздаЖоқ
cancelledСіз болдырмадыңызЖоқ
expiredМерзімі бітті, клиент төлемедіЖоқ

new мен pending — ашық счёттар, яғни әлі төленуі мүмкін. paid, refunded, partially_refunded — төленген деп есептеледі.

Қанша уақыт тұрады

Бұл счёттың түріне байланысты, әрі мерзімді Kaspi белгілейді — біз оны өзіміз ұзарта алмаймыз.

ТүріНе боладыМерзімі
qrQR + төлем сілтемесіСканерлеу терезесі қысқа, шамамен үш минут
phoneКлиенттің Kaspi-іне pushҰзағырақ: клиент хабарламаны кейін ашып төлей алады

Нақты уақытты кодта тұрақты сан қылып жазбаңыз. Счёт жасағандағы жауапта expiresAt өрісі келеді — қашан өтетінін содан алыңыз. Kaspi терезені өзгертсе, сіздің кодыңыз өзі бейімделеді.

QR-дың терезесі өтіп кетсе, клиент сканерлегенде «кейінірек көріңіз» деген хабар көреді. Бұл бөлек мақалада: QR «кейінірек көріңіз» деп тұр.

Біз оны қалай тексереміз

Клиент төлегенін Kaspi бізге өзі хабарламайды — біз счёттардың күйін өзіміз сұрап отырамыз. Тексеруші процесс әр үш секунд сайын жүреді, ал әр счёт жасына қарай әртүрлі жиілікпен тексеріледі:

Счёттың жасыТексеру жиілігі
3 минутқа дейінӘр айналымда
30 минутқа дейін20 секунд сайын
Одан ескі90 секунд сайын

Кезек ең жаңа счёттан басталады — яғни дәл қазір кассада тұрған клиенттің төлемі бірінші кезекте тексеріледі. Іс жүзінде клиент төлегеннен кейін webhook әдетте бес секунд ішінде келеді.

Ескертпе: Kaspi төлемнің дәл уақытын бермейді. Сондықтан «клиент растағаннан бізге жеткенге дейін қанша кетті» дегенді Kaspi деректері бойынша өлшеу мүмкін емес.

Қашан алаңдау керек

Pending-тің өзі мәселе емес. Мыналар мәселе:

Не істемеу керек

Кеш келген төлем

expired немесе cancelled болып қалған счётқа ақша кешігіп келуі мүмкін. Ондайда сізге invoice.paid оқиғасы late: true белгісімен кейін де жетеді.

Бұл шын төлем — ақша Kaspi шотыңызда. Екі жолдың бірін таңдайсыз: қызметті беру немесе ақшаны қайтару. Ең дұрысы — өңдеушіңіз late белгісін бастапқыда-ақ ескеріп, ондай счёттарды бөлек тізімге шығарсын.

Жиі қойылатын сұрақтар

Pending счётты болдырмауға бола ма? Иә, POST /api/v1/invoices/{id}/cancel арқылы. Клиент әлі төлемеген болса, счёт жабылады.

Expired болған счётты қайта тірілтуге бола ма? Жоқ. Жаңа счёт жасайсыз.

Pending счёттар тарифтің лимитіне кіре ме? Айлық лимит жасалған счёттардың санымен есептеледі, төленгенімен емес.

Клиент QR-ды скандады, бірақ төлемеді — күйі өзгере ме? Жоқ, күйі тек нақты растаудан кейін paid болады. Сканерлеудің өзі төлем емес.

Sandbox-та pending-тен қалай шығаруға болады? POST /api/v1/invoices/{id}/simulate арқылы керекті күйді өзіңіз қоясыз. Бұл эндпоинт тек sandbox-та істейді.

Байланысты мақалалар

QR «кейінірек көріңіз» деп тұрКлиент QR-ды скандағанда қате хабар шықса, көбіне сканерлеу терезесі өтіп кеткен. Терезені Kaspi белгілейді, оны expiresAt өрісінен алыңыз. Басылған QR мен экрандағы QR айырмашылығы.Клиентке төлем келмей жатырСчёт жасалды, бірақ клиенттің телефонына ештеңе келмеді немесе QR ашылмайды. Ең жиі себебі — тест режимі қосулы қалып қойған. Алты қадамдық тексеру реті.Webhook келмей жатыр — себебін қалай табу керекСчёт төленді, бірақ сіздің серверіңізге хабарлама жетпеді. Диагностиканы қай жерден бастау керек, ең жиі кездесетін себеп қайсы және оны бір сынаумен қалай анықтауға болады.Qut Pay деген не және қалай жұмыс істейдіQut Pay — Kaspi Pay үстінде жұмыс істейтін тәуелсіз сервис: «Кассир» рөлі арқылы Kaspi QR төлемдерін қабылдауға арналған API мен кабинет. Ақша тіке сіздің Kaspi шотыңызға түседі, бізде ешқашан болмайды.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.