Қысқаша
Qut Pay — Kaspi Pay-дің үстінде жұмыс істейтін тәуелсіз сервис. Сіз өзіңіздің Kaspi Pay бизнес-аккаунтыңызда «Кассир» рөлі бар қызметкер ашасыз, сол рөлді кабинетте бізге байланыстырасыз. Содан кейін сайтыңыздан, ботыңыздан, CRM-ыңыздан немесе кабинеттің өзінен Kaspi QR счётын шығара аласыз. Клиент төлегенде ақша тіке сіздің Kaspi шотыңызға түседі — ол ақша бізден өтпейді, бізде ешқашан болмайды.
Ақша қайдан қайда жүреді
- Сіз (немесе сайтыңыз) счёт жасайсыз — кабинеттен қолмен немесе
POST /api/v1/invoicesарқылы. - Біз сіздің кассир рөліңіз арқылы Kaspi-ден QR, сілтеме және deep link аламыз да, сізге қайтарамыз.
- Клиент Kaspi қосымшасымен QR-ды сканерлейді немесе сілтемені ашып төлейді.
- Ақша Kaspi-дің ішінде мерчанттың — яғни сіздің — шотыңызға түседі.
- Біз төлемді байқаймыз да, сізге webhook жібереміз және счёттың күйін
paidетіп қоямыз.
Бізде транзиттік шот жоқ. Транзакциядан пайыз алмаймыз — қызмет ақысы айлық жазылым түрінде, тарифке байланысты.
Не істейді
| Мүмкіндік | Не береді |
|---|---|
| REST API | https://api.qut.kz/api/v1 — счёт жасау, тізім, күй, болдырмау, қайтару |
| Кабинет | https://qut.kz/app — счёттар, кассирлер, кілттер, есеп, тариф |
| QR счёт | Клиент Kaspi қосымшасымен сканерлейді немесе сілтеме арқылы төлейді |
| Телефонға счёт | kind: "phone" — клиенттің Kaspi-іне push келеді |
| Төлем сілтемесі | qut.kz/p/<slug> — тұрақты сілтеме, ашық сомалы да болады |
| Webhook | Төлем, болдырмау, мерзімнің өтуі, қайтару туралы оқиғалар |
| Қайтару | Толық және ішінара, API арқылы да, кабинеттен де |
| Жазылым | Счётты кестеге сай өзі шығарады (клиент әр төлемді өзі растайды) |
| Sandbox | qp_test_… кілтімен Kaspi-сіз сынау |
| Дайын интеграциялар | Node.js / PHP / Python SDK, WooCommerce, OpenCart 4, n8n, Telegram бот |
Не істемейді
- Ақша ұстамайды, аудармайды. Бізде сіздің ақшаңыз жатпайды, біз оны бір жақтан екінші жаққа жібермейміз.
- Банк те, төлем ұйымы да емес. Біз бағдарламалық қабат қана.
- Kaspi-дің өзі емес. Kaspi атынан шешім қабылдай алмаймыз: комиссия мөлшерін, QR терезесінің ұзақтығын, шектеулерін Kaspi өзі белгілейді.
- Kaspi Pay аккаунтының орнын баспайды. Өз бизнес-аккаунтыңыз бұрынғыдай болуы керек.
- «Кассир» рөлінен артық ештеңе бермейді. Ол рөл Kaspi-де нені істей алса, біз тек соны істей аламыз: счёт шығару, күйін көру, өз счёттары бойынша қайтару.
- Клиенттің картасынан ақшаны өздігінен алмайды. Жазылым да тек счёт шығарады, растауды клиент өзі жасайды.
Кімге керек
- Интернет-дүкен мен сайт — тапсырыс беттегі Kaspi төлемін автоматтандыру үшін.
- Telegram бот, Instagram, TikTok — сілтеме немесе телефонға счёт жіберіп, төлемді бірден білу үшін.
- CRM, 1С, есеп жүйелері — мәміле сатысында счёт шығарып, күйін кері жазу үшін.
- Офлайн нүкте, вендинг, тұрақ — экрандағы динамикалық QR және webhook арқылы тауарды/қызметті беру үшін.
- Әзірлеушісі жоқ бизнес — кабинеттен қолмен счёт, төлем сілтемелері, Telegram бот, дайын CMS плагиндері арқылы.
Бастау үшін не керек
Үш нәрсе: жұмыс істеп тұрған Kaspi Pay бизнес-аккаунты, кассир рөліне беруге жарайтын бөлек телефон нөмірі және кабинетке кіру. Нөмірге қатаң үш шарт бар, соны алдын ала оқып қойған дұрыс: Кассир нөміріне қойылатын үш шарт.
Кассирі жоқ күйде де бастауға болады: sandbox режимінде Kaspi мүлде шақырылмайды, интеграцияны толық жазып, сынап шығасыз. Дайын болғанда кассирді қосасыз: Kaspi кассирін қалай қосу керек.
Жиі қойылатын сұрақтар
Ақша сіздерден өте ме? Жоқ. Ақша Kaspi-дің ішінде сіздің шотыңызға түседі. Бізде транзиттік шот жоқ, ақшаға қолымыз жетпейді.
Kaspi Pay-де бар мүмкіндікті қайталайсыздар ма? Біз сол мүмкіндікті бағдарлама арқылы қолжетімді етеміз. Kaspi Pay қосымшасында счётты қолмен шығарасыз; бізде оны сайтыңыз, ботыңыз немесе CRM-ыңыз автоматты түрде шығарады, төлем туралы webhook алады.
Кассир рөлі қауіпсіз бе? Ол рөлдің құқығы шектеулі: счёт шығару, күйін көру, өз счёттары бойынша қайтару. Ақша аудару, шотты басқару құқығы жоқ. Байланысты кез келген уақытта кабинеттен үзе аласыз.
Ол қалай төленеді? Транзакциядан пайыз алмаймыз, айлық жазылым бар: Бастау 4 990 ₸, Бизнес 14 900 ₸, Про 39 900 ₸. Алдымен 7 күндік сынақ мерзімі, ол бірінші нақты счёттан басталады.
Kaspi өз комиссиясын алады ма? Kaspi-дің өз шарттары сіз бен Kaspi арасында, оны Kaspi өзі белгілейді. Біз ол туралы сіздің атыңыздан ештеңе өзгерте алмаймыз.