Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Бастау

Кабинетке қалай кіру керек

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Кабинетке кіру: https://qut.kz/app/login. Пароль жоқ — телефон нөміріңізді енгізесіз де, растауды WhatsApp немесе Telegram арқылы аласыз. Тіркелу мен кіру — бір әрекет: алғаш кіргенде атыңызды сұрайды, сол сәтте аккаунт ашылады. Өз жеке нөміріңізбен кіресіз, кассир нөмірімен емес.

Кіру жолдары

ЖолҚалай өтеді
WhatsApp арқылы кіруWhatsApp ашылады, ондағы дайын хабарды («Кіру: QP-…») жібересіз, бет өзі кіреді. Нөмір де, код та терудің қажеті жоқ
Telegram арқылы кіруБот ашылады, «Start» → «📱 Нөмірімді жіберу» батырмасын басасыз, кіру автоматты өтеді
Кодпен кіруНөміріңізді енгізіп, кодтың қай арнаға келетінін таңдайсыз, келген кодты жазасыз

Кодпен кіретін болсаңыз, кіру бетінде «Код қайда келсін» деген жол бар: WhatsApp (әдепкі) немесе Telegram. Жағдайға қарай код SMS арқылы да жіберілуі мүмкін. Код бірнеше минут жарамды.

Алғаш кіргенде «Атыңыз (алғаш кіргенде)» өрісі шығады — оны толтырғаннан кейін аккаунт жасалады және ұйым атауын сұрайды.

Қай нөмірмен кіресіз

Бұл жерде ең жиі қате жіберіледі. Үш түрлі нөмір бар, олар бір-бірін алмастырмайды:

НөмірНе үшінКабинетке кіре ме
Сіздің жеке нөміріңізКабинетке кіру, аккаунт иесі болуИә, тек осымен
Кассир нөміріKaspi Pay-де «Кассир» рөлі, счёт шығаруЖоқ
Клиент нөміріКлиенттің Kaspi қосымшасына счёт жіберуЖоқ

Кассир нөмірімен кабинетке кіруге тырыссаңыз, екі нәрсе болады: біріншіден, ол нөмірде аккаунт жоқ, сондықтан жаңа бос аккаунт ашылады да, счёттарыңызды таба алмайсыз. Екіншіден, кассир нөмірін артық жерге қолданудың өзі қауіпті.

Терминдер шатасса: Терминдер сөздігі.

Код келмесе

Реті бойынша тексеріңіз:

  1. Нөмір дұрыс жазылды ма. Пішімі 7XXXXXXXXXX, басында ноль емес жетілік.
  2. WhatsApp сол нөмірде бар ма. Жоқ болса, кіру бетінде Telegram арнасын таңдаңыз.
  3. Хабар басқа чатқа түсіп кеткен жоқ па. WhatsApp-та белгісіз нөмірлерден келген хабарлар бөлек қалтаға түсуі мүмкін.
  4. Telegram-да ботты бастадыңыз ба. Бірінші рет ботқа «Start» басып, нөміріңізді жіберу керек.
  5. Бір-екі минут күтіңіз де қайталаңыз. Артынан келген кодтар ескісін жарамсыз етеді, ең соңғысын енгізіңіз.
  6. Байланыс нашар болса басқа желіге ауысып көріңіз.

Бәрібір кірмесеңіз — қолдауға жазыңыз: WhatsApp +7 778 881 3333, Telegram @qutpaybot, email kazprose@gmail.com. Қай нөмірмен кіруге тырысқаныңызды және қай арнаны таңдағаныңызды жазыңыз.

Кірдім, бірақ кабинет бос

Ішінде счёттарыңыз жоқ болса, көбіне басқа нөмірмен кіргенсіз. Шығып, дұрыс нөмірмен қайта кіріңіз.

Екінші себебі — кабинеттің жоғарғы жағындағы ұйым ауыстырғышы басқа ұйымда тұр. Бірнеше ұйымыңыз болса, әрқайсысының счёттары бөлек.

Үшіншісі — режим. SANDBOX режимінде тұрсаңыз, live счёттарыңызды көрмейсіз, және керісінше.

Команда мүшелерінің кіруі

Қызметкер де дәл солай, өз нөмірімен кіреді. Оның нөмірін алдын ала қосу керек: Баптау → Қызметкерлер бөлімінде Шақыру батырмасы, нөмірі мен рөлі. Рөлдер: иесі (owner), менеджер, әзірлеуші (developer).

Шақырылған адам өз нөмірімен кіргенде сіздің ұйымыңызды көреді. Ортақ аккаунт, ортақ нөмір жасаудың қажеті жоқ — әркім өз нөмірімен кірген дұрыс, сонда кім не істегені белгілі болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Паролімді ұмыттым, қалай қалпына келтіремін? Пароль жоқ, қалпына келтіретін ештеңе жоқ. Кіру тек нөмір арқылы.

Нөмірімді ауыстырсам не болады? Ескі нөмір жоғалса кіре алмай қаласыз — алдын ала жаңа нөмірді қызметкер ретінде қосып қойған дұрыс. Кеш болса қолдауға жазыңыз.

Бір нөмірмен бірнеше ұйымға кіруге бола ма? Иә. Кабинеттің жоғарғы жағындағы ауыстырғыштан ұйымды таңдайсыз.

Кассир нөмірімен кіріп алдым, енді не істеймін? Шығыңыз да, өз нөміріңізбен кіріңіз. Қате ашылған бос аккаунтқа тиіспей қоя беруге болады. Кассир нөмірімен Kaspi Pay қосымшасына кірмеңіз — ол байланысты үзеді.

Кіру қауіпсіз бе? Пароль сақталмайды, сондықтан ұрлайтын пароль де жоқ. Кіру нөмірге келген растауға сүйенеді, ал нөміріңіз өз қолыңызда.

Байланысты мақалалар

Кабинетте не қайда тұрОн бөлімнің әрқайсысы не үшін керегі, жоғарғы жолдағы режим белгісі, ұйым ауыстырғышы, тіл мен қараңғы режим. Бір рет оқысаңыз, іздеп жүрмейсіз.Бастау үшін не керекТөрт нәрсе: Kaspi Pay бизнес-аккаунты, оның баптауына кіру құқығы, SMS қабылдайтын бөлек нөмір және сервер жағын жаза алатын адам. Соңғысы міндетті емес.Терминдер сөздігіҚолдауға келетін сұрақтардың бір бөлігі — терминді түсінбегеннен. Мұнда 25 термин қарапайым тілмен, әрқайсысына бір-екі сөйлем және мысал.Бірінші счётты қалай жасау керекЕкі жолы бар: кабинеттен қолмен екі өрісті толтырып немесе API арқылы бір сұраумен. Алдымен sandbox-та жасап, төлемді симуляциялап көру ұтымды.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.