Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Бастау

Кабинетте не қайда тұр

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Кабинет — https://qut.kz/app. Сол жағында бөлімдер тізімі: Шолу, Счёттар, Сілтемелер, Жазылымдар, Kaspi, Интеграциялар, Баптау, Тариф, Серіктестік, Қолдау. Жоғарғы жолда режим белгісі (SANDBOX немесе LIVE), ұйым ауыстырғышы, тіл және тақырып (ашық / қараңғы) баптауы тұрады.

Жоғарғы жол

НеНе істейді
SANDBOX / LIVE белгісіҚазір қай режимде екеніңіз. Sandbox-та нақты ақша жүрмейді. Ауыстыру батырмалары: Live режимге өту, Sandbox-қа қайту
Ұйым ауыстырғышыБірнеше ұйымыңыз болса, қайсысымен жұмыс істеп жатқаныңыз. Әр ұйымның счёттары, кілттері, тарифі бөлек
ТілҚазақша және орысша
ТақырыпАшық тақырып, Қараңғы тақырып, Жүйе бойынша
ШығуАккаунттан шығу

Режим белгісіне әрдайым көз салып жүріңіз: «төлем келмей жатыр» деген жағдайлардың көбі — ұмытылып қалған sandbox режимі.

Бөлімдер

Шолу

Бірінші бет. Бүгінгі түсім, барлық түсім, төленген / барлығы, күтілуде тұрған счёттар. Астында Соңғы счёттар тізімі мен Жылдам счёт формасы.

Жаңа аккаунтта мұнда Қосылу қадамдары тізімі тұрады: тіркелдіңіз, Kaspi кассирін қостыңыз, API кілт жасадыңыз, webhook қойдыңыз, sandbox-та сынап көрдіңіз, бірінші нақты счёт жасадыңыз. Бәрін орындағанда тізім жоғалады.

Счёттар

Барлық счёт: сүзгі, іздеу, күйі, сомасы, клиенті. Әр счёттан: Төлем беті, Kaspi чегі, Қайтару, Болдырмау, Оқиғалар және Қайтарулар тарихы. Sandbox-та қосымша [Sandbox] төленді батырмасы бар.

Мұнда счёт жасайсыз да: Счёт жасау — QR / сілтеме немесе телефонға счёт. Топтап жасау үшін Топтап (CSV). Толығы: Бірінші счётты қалай жасау керек.

Сілтемелер

Тұрақты төлем сілтемесі және статикалық QR. Instagram-ға, WhatsApp-қа қоюға немесе кассаға басып қоюға арналған. Сома бекітілген болуы да, клиент өзі енгізетін ашық сома болуы да мүмкін (мин / макс шектеуімен). Клиенттен сұралатын өрістерді таңдайсыз: аты, телефон, email, түсініктеме. Әр сілтеме бойынша «Ашылды / счёт» есебі көрінеді, сілтемені уақытша Тоқтату немесе жоюға болады.

Жазылымдар

Счётты кестеге сай шығару: күн, апта, ай аралығымен. Клиенттің картасынан ақша өздігінен алынбайды — жазылым тек счёт шығарады, төлемді клиент әр жолы өзі растайды. Мұнда кезеңді, айдың күнін, ең көп счёт санын қоясыз; Қазір жасау, Тоқтата тұру, Жалғастыру батырмалары бар.

Kaspi

Kaspi Pay кассирлері. Кассир қосу — атауы, кассир нөмірі, SMS жіберу, Растау. Әр кассир — жеке байланыс, жеке құрылғы. Мұнда байланыстың күйі, Kaspi ұйымы, құрылғысы және үзіліп қалса «Себебі» көрінеді. Бірнеше кассир болса, біреуін Негізгі ету арқылы негізгі етесіз.

Бөлімнің жоғарғы жағында «Қосудан бұрын: Kaspi Pay жағында не дайын болуы керек» деген үш шарт тұрады — кассирді алғаш қосар алдында сол үшеуін оқып алыңыз.

Интеграциялар

Ең техникалық бөлім:

Баптау

Ұйым атауы, дүкен / қызмет аты, төлем бетінің бренд түсі, әдепкі successUrl. Хабарламалар: Telegram бот, chat id, email. Заңды деректер блогы — заңды атауы, БИН / ИИН, байланыс тұлғасы; ол чекте және офертада көрінеді. Осы жерде Қызметкерлер (шақыру, рөл) және Тіл баптауы бар.

Тариф

Қолданыстағы тариф, қалған күн саны, «Осы айда: n / m» есебі, тәуліктік есеп. Тарифті таңдап Төлеу, бірнеше айға төлеу, төлемдер тарихы. Сынақ туралы: Сынақ мерзімі.

Серіктестік

Реферал бағдарламасы: кодыңыз, сілтемеңіз, шақырылған ұйымдар, есептелген және төленген сыйақы. Осы жерде Partner API туралы ақпарат — ол «Серіктес» тарифінде ашылады.

Қолдау

Алдымен нұсқаулық сілтемелері, содан кейін Сұрақ жазу формасы: тақырыбы мен мәтіні. Жазғаныңыз Сұрауларым тізімінде қалады, жауап сол жерде көрінеді. Қосымша байланыстар: WhatsApp +7 778 881 3333, Telegram @qutpaybot, email kazprose@gmail.com.

Платформа деген тағы бір бөлім бар, ол тек платформа әкімшісіне көрінеді — сіздің кабинетіңізде болмайды.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлық бөлімді бәрі көре ме? Жоқ, рөлге байланысты. Иесі (owner) бәрін көреді, менеджер мен әзірлеушінің көретіні шектеулі.

Қараңғы режимді қалай қосамын? Жоғарғы жолдағы тақырып баптауынан: ашық, қараңғы немесе жүйе бойынша.

Ұйымды қалай ауыстырамын? Жоғарғы жолдағы ауыстырғыштан. Ұйым атауын Баптау бөлімінен өзгертесіз.

Счётты кабинеттен қалай іздеймін? Счёттар бөлімінде іздеу мен сүзгі бар — сома, күйі, кезең бойынша. Тапсырыс нөмірін жазып та іздеуге болады.

Кабинет телефоннан жұмыс істей ме? Иә, браузерден ашыла береді. Бөлек қосымша орнатудың қажеті жоқ.

Байланысты мақалалар

Кабинетке қалай кіру керекКіру телефон нөмірі арқылы, пароль жоқ. WhatsApp батырмасы, Telegram немесе код. Ең жиі қате — кассир нөмірімен кіруге тырысу, ол нөмір мүлде басқа нәрсеге арналған.Бірінші счётты қалай жасау керекЕкі жолы бар: кабинеттен қолмен екі өрісті толтырып немесе API арқылы бір сұраумен. Алдымен sandbox-та жасап, төлемді симуляциялап көру ұтымды.Терминдер сөздігіҚолдауға келетін сұрақтардың бір бөлігі — терминді түсінбегеннен. Мұнда 25 термин қарапайым тілмен, әрқайсысына бір-екі сөйлем және мысал.Сынақ мерзімі: қанша және не кіредіСынақ — 7 күн, тәулігіне 50 счёт. Ең бастысы: ол тіркелген күннен емес, бірінші нақты счёттан басталады. Сондықтан асықпай дайындалып, сосын бастауға болады.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.