Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Бастау

Сынақ мерзімі: қанша және не кіреді

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Сынақ мерзімі — 7 күн, тәулігіне 50 счётқа дейін. Ол тіркелген күннен емес, бірінші нақты (live) счёттан басталады. Sandbox-тағы счёттар санақты бастамайды әрі мөлшермен шектелмейді. Яғни тіркеліп, sandbox-та интеграцияңызды толық жинап, жұмыс істейтініне көз жеткізіп барып қана сынақ күндерін жұмсай бастайсыз.

Сынақ қашан басталады

Не істедіңізСынақ басталды ма
Тіркелдіңіз, кабинетке кірдіңізЖоқ
Kaspi кассирін қостыңызЖоқ
API кілт жасадыңыз, webhook қойдыңызЖоқ
Sandbox-та ондаған счёт жасап сынадыңызЖоқ
Live режимде бірінші счётты жасадыңызИә, сол сәттен 7 күн

Санақ счёт жасалған сәттен басталады, төленген сәттен емес. Бірінші live счёт төленбей қалса да күндер жүре береді.

Кабинеттің Тариф бөлімінде қолданыстағы тариф, қалған күн саны және «Осы айда: n / m» есебі көрінеді.

Сынаққа не кіреді

Функциялар бойынша шектеу жоқ — сынақта бәрі ашық:

Жалғыз шектеу — сан: тәулігіне 50 live счёт. Sandbox счёттары бұл санға кірмейді.

Тәуліктік 50 — не үшін

Бұл бизнес лимиті емес, циклге түсіп кеткен интеграциядан қорғаныс. Дұрыс жазылмаған код бір түнде мыңдаған счёт шығарып, клиенттеріңізге қоқыс жіберіп үлгереді — сол болмасын деген шек.

Оған тірелсеңіз API tariff_daily_burst қатесін қайтарады. Бұл айлық лимиттің (tariff_limit_reached) қатесі емес, екеуі екі басқа нәрсе.

Сынақты бастар алдында не істеу керек

Күндерді бос жібермеу үшін мына реттілік ұтымды:

  1. Кабинетке кіресіз, ұйым деректерін толтырасыз
  2. Kaspi кассирін қосасыз — ол сынақты бастамайды
  3. Sandbox кілтімен (qp_test_…) интеграцияны жазасыз
  4. Sandbox-та счёт жасап, төлемді симуляциялап, webhook-тың келгенін тексересіз
  5. Бәрі жұмыс істегенде live режимге ауысып, бірінші нақты счётты жасайсыз — сынақ осы сәттен басталады

Sandbox-та қанша уақыт отырсаңыз да, қанша счёт жасасаңыз да сынақ мерзіміне әсер етпейді.

Бірінші счётты қалай жасау керегі: Бірінші счётты қалай жасау керек.

Сынақ біткенде не болады

Жалғастыру үшін кабинеттің Тариф бөлімінен тариф таңдап, төлейсіз. Төлем өткен соң бірден жалғасады, қайта баптаудың, кілт ауыстырудың қажеті жоқ.

Тарифтер: Бастау — 4 990 ₸, айына 800 счёт. Бизнес — 14 900 ₸, айына 4 000 счёт. Про — 39 900 ₸, айына 15 000 счёт.

Жиі қойылатын сұрақтар

Сынақ ақылы ма? Жоқ, тегін. Карта деректері сұралмайды.

7 күн жетпей қалса не істеймін? Тарифті кез келген сәтте төлеп жалғастыруға болады. Ерекше жағдай болса қолдауға жазыңыз: WhatsApp +7 778 881 3333 немесе Telegram @qutpaybot.

Тіркелгеніме бір ай болды, әлі live счёт жасаған жоқпын. Сынағым жанып кетті ме? Жоқ. Санақ бірінші live счёттан басталады, ол әлі басталмаған.

Sandbox-тағы счёттар лимитке кіре ме? Жоқ. Ол счёттар тәуліктік те, айлық та лимитке кірмейді және сынақты бастамайды.

Сынақ кезінде ақша қайда түседі? Әдеттегідей — тіке сіздің Kaspi шотыңызға. Live счёт — нақты счёт, нақты ақша. Сынақ дегеніміз тек бізге төлемнің әлі басталмағаны.

Тәулігіне 50-ден көп счёт керек болса? Тарифке көшесіз: Бастау тарифінде тәуліктік қорғаныс 200, Бизнесте 1 500, Про тарифінде 5 000.

Байланысты мақалалар

Бірінші счётты қалай жасау керекЕкі жолы бар: кабинеттен қолмен екі өрісті толтырып немесе API арқылы бір сұраумен. Алдымен sandbox-та жасап, төлемді симуляциялап көру ұтымды.Бастау үшін не керекТөрт нәрсе: Kaspi Pay бизнес-аккаунты, оның баптауына кіру құқығы, SMS қабылдайтын бөлек нөмір және сервер жағын жаза алатын адам. Соңғысы міндетті емес.Әзірлеуші жоқ — қалай бастау керекКод жазбай-ақ жұмыс істеудің бес жолы: кабинеттен қолмен счёт, тұрақты төлем сілтемелері, Telegram бот, WooCommerce/OpenCart модульдері және Tilda форма-хугы.Терминдер сөздігіҚолдауға келетін сұрақтардың бір бөлігі — терминді түсінбегеннен. Мұнда 25 термин қарапайым тілмен, әрқайсысына бір-екі сөйлем және мысал.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.