Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бет → Білім базасы → Бизнесіңізге

WhatsApp чат-бот клиенттің фотосы мен құжатын қай тарифте оқиды

Жаңартылды: 2026-11-28 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

WhatsApp чат-бот клиент жіберген фото мен құжатты «Негізгі» тарифінен бастап оқиды: «Негізгі», «Корпорация», «Безлимит». Бұған бөлек ақы алынбайды. «Шағын» тарифінде бот оларды ашпайды. Фотоға не құжатқа берген жауабы — тарифтің бір жауабы. Дауыстық хабар мен видеоны бот оқымайды.

Тариф бойынша

Чат-бот тарифіБағасы, айынаАйлық жауапФото мен құжат
Шағын9 990 ₸20 000оқымайды
Негізгі29 941 ₸75 000оқиды
Корпорация59 990 ₸150 000оқиды
Безлимит129 491 ₸айлық шек жоқ, күніне 12 000 жауапқа дейіноқиды

«Шағын» «Бастау» не одан жоғары тарифпен, қалғандары «Бизнес» не одан жоғары тарифпен қосылады.

Енді сатылмайтын ескі «Негізгі» (айына 50 000 жауап) мен «Pro» (айына 100 000 жауап) тарифіндегі дүкенде де, тарифтер шыққанға дейін жазылған дүкенде де бот фото мен құжатты оқиды.

Қай тарифте екеніңіз WhatsApp чат-бот бетінің төменгі жағындағы «Жазылым» бөлімінде көрінеді. Тариф карталарында әр тариф не оқитыны жазылған.

Бот нені оқиды

Клиент не жібердіБот
Фото: тауар, скриншот, прайсКөреді. 8 МБ-қа дейін
Файл ретінде жіберілген суретКөреді
Чек не аударым скриншотыКөреді, бірақ төлем деп қабылдамайды
PDF, Word (.docx), Excel (.xlsx), мәтін не CSV файлыОқиды. 10 МБ-қа дейін
Сканерленген PDF (ішінде мәтін жоқ)Оқиды. 5 МБ-қа дейін
Дауыстық хабар, аудио, видеоОқымайды

Клиент фотоны не құжатты сөзсіз жіберсе де, бот оны оқи алса, соған қарап жауап береді. Мысалы, клиент тауардың скриншотын жіберсе, бот одан оқығанына қарап, білім базасы бойынша жауап береді.

Бот не оқығаны кабинетте көрінеді: «Диалогтар» қойындысында хабардың астында «Бот оқыды» деген жол тұрады.

«Шағын» тарифінде не болады

Бот тіркемені ашпайды. Чатта «[фото]» не «[құжат]» деген белгі мен клиенттің сол фотоға жазған сөзі ғана қалады.

Чек — төлем емес

Клиент чектің не аударымның скриншотын жіберсе, бот оны оқиды, бірақ төлем деп қабылдамайды. Төлемді бот тек өзі жіберген Kaspi шоттарының күйінен көреді. Шот төленгенде чатқа «✅ Төлем түсті» деп өзі жазады (орысша чатта — «✅ Оплата получена»).

Сома тек фотода не құжатта көрінсе, бот шотты бірден жібермейді: алдымен соманы атап, клиенттен сөзбен растауды сұрайды.

Қосу және өшіру

WhatsApp чат-бот → «Баптау» → «Бот клиенттің фотосы мен құжатын оқысын». Әдепкіде қосулы. Өшірсеңіз, бот кез келген тарифте тіркемені ашпайды.

«Шағын» тарифінде қосқыш басылмайды, астында «Фото мен құжатты оқу «Негізгі» тарифінен бастап бар» деп тұрады. Тарифті сол беттегі «Жазылым» бөлімінен ұйым иесі ауыстырады: жаңа тариф төленген сәттен қолданылады.

Не сақталады

ЖИ жеткізушілері Жеке деректер саясатында аталған. Жалпы ережелер: Деректер және құпиялық.

Жиі қойылатын сұрақтар

Фотоны оқығаны үшін бөлек төлеймін бе? Жоқ. Фотоға не құжатқа берілген жауап — тарифтің бір жауабы, кәдімгі хабарға жауап сияқты.

Бот дауыстық хабарды тыңдай ма? Жоқ. Дауыстық хабар чатта «[дауыстық хабар]» деген белгі болып қалады.

Телефоннан өзім жіберген фото мен дауыстық хабар кабинетте көріне ме? Иә: «Диалогтар»-да олар менеджердің «[фото]» не «[дауыстық хабар]» белгісі бар хабары болып тұрады. Бот оларды ашпайды және солар үшін чатта үнсіз қалмайды — телефоннан мәтін жазсаңыз ғана үнсіз қалады.

Клиент үлкен файл жіберсе? Шектен үлкен не түрі басқа файлды бот ашпайды. Ішіндегісі керек болса, клиенттен мәтінмен жазуды сұрайды.

Бот фотоны қате оқуы мүмкін бе? Иә, оқылғаны — машинаның оқуы. Сондықтан бот фотодағы сомаға бірден шот жібермейді, алдымен клиенттен растауды сұрайды.

Ескі «Негізгі» не «Pro» тарифіндемін. Маған не өзгереді? Ештеңе: бот фото мен құжатты оқиды, лимитіңіз төленген мерзім біткенше сол күйі қалады. Ұзартқанда сатылатын тарифтердің бірін таңдайсыз.

Байланысты мақалалар

WhatsApp бот жауап бермей қалды: «ажыратылды» хабары және қайта қосуWhatsApp дүкеннің нөмірін серверден ажыратса, чат-бот пен эфир-сауда жауаптары тоқтайды. Иесіне қандай хабар келеді, QR-ды қай жерден қайта сканерлеу керек және бот тағы қандай себеппен үндемеуі мүмкін.Трек-нөмірді сатып алушыға WhatsApp арқылы өзі жіберуҚаптаушы Қазпошта жапсырмасының фотосын дүкеннің WhatsApp тобына сатып алушы нөмірінің соңғы 4 санымен жібереді, ал дүкеннің нөмірі сол фотоны трек-кодымен сатып алушының чатына жеткізеді. Қалай қосылады, кімге жіберіледі, топқа қандай жауап келеді.TikTok тікелей эфирінде сатуғаTikTok эфирінде WhatsApp арқылы бронь нөмірі бойынша сату: сатып алушы «4412» деп жазады, бот соманы сұрап, оның нөміріне Kaspi шотын жібереді, «✅ Төленді» деп жазады. Qut Pay WhatsApp боты, Telegram бот, QR және төлемді бақылау.Instagram арқылы сатуғаДиректтегі жұмыс реті: төлем сілтемесі, кабинеттен қолмен счёт, Telegram боттан счёт шығару. Бәрі кодсыз істейді. Тапсырысты шатастырмай есеп жүргізу жолы.Деректер және құпиялық — не сақталады, кім көредіQut Pay счёт, клиент және кассир деректерінің қайсысын сақтайды және қайсысын мүлдем сақтамайды, оларды кім көреді, қанша уақыт тұрады. Счёт сипаттамасы мен metadata-ға нені жазбау керек.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.