Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Бизнесіңізге

TikTok тікелей эфирінде сатуға

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Тікелей эфирде уақыт жоқ: клиент комментарийде «аламын» деп жазады, сіз бірнеше секундта счёт шығаруыңыз керек. Ең ыңғайлы жол — телефон нөмірі бойынша счёт (kind: "phone"): клиенттің Kaspi қосымшасына push келеді, ол ештеңе сканерлемейді, эфирден шықпайды. Счётты Telegram боттың /invoice командасымен телефоннан шығарасыз немесе көмекшіңіз кабинеттен жасайды. Экранда QR көрсету — қосымша нұсқа, негізгісі емес.

Эфир кезіндегі жұмыс реті

ҚадамКімНе істейді
1КлиентКомментарийде «аламын», сосын директке нөмірін жібереді
2КөмекшіНөмірді алып, /invoice арқылы счёт шығарады
3КлиентKaspi-де push-ты растайды
4Бот«Төленді» деп жазады
5КөмекшіТізімге белгілеп, тапсырысты жинайды

Сіз эфирді жүргізе бересіз. Счёт шығару мен бақылауды көмекші істейді — эфирде екеуін бір адам істеу мүмкін емес.

Қандай API әдісі қолданылады

Кодсыз істесеңіз API қажет емес. Ішкі схемасы мынау: POST /api/v1/invoices, kind: "phone", customer.phone7XXXXXXXXXX пішімінде.

Телефонға счёттың ерекшелігі:

QR счёт үшін (kind: "qr") нөмір керек емес, сипаттама 100 таңба, сома екі ондыққа дейін болады. Жауапта qrImageUrl мен payUrl келеді.

Егер эфирге өз жүйеңізді жазсаңыз (мысалы, комментарийлерді өңдейтін скрипт), externalOrderId ретінде эфир нөмірі мен лот нөмірін беріңіз, metadata ішіне TikTok никін жазыңыз — кейін кімге не жіберу керегін сол өрістен табасыз.

Telegram боттан счёт шығару

Эфир кезінде ең жылдам жол. Ботты кабинетке бір рет байланыстырасыз, сосын телефоннан:

Ботты топ чатқа қосуға болады — сонда сіз бен көмекшіңіз бір жерден көріп отырасыз. Нұсқаулық: Telegram бот.

Экранда QR көрсету

Кейде клиент нөмірін бергісі келмейді немесе сіз бір лотты бәріне бірдей бағамен сатып жатырсыз. Сонда экранда QR көрсетуге болады, бірақ екі шектеуді ескеріңіз.

Бірінші: сканерлеу терезесі шамамен үш минут. Оны Kaspi белгілейді, expiresAt өрісінен нақты уақытын көресіз. Эфирде QR-ды жарты сағат бойы қойып қоюға болмайды — ол жұмысын тоқтатады. Лот сайын жаңа счёт жасаңыз.

Екінші: бір QR — бір счёт. Бір QR-ды бес адам сканерлесе, олардың бәрі бір счётқа төлейді немесе біреуі ғана өтеді. Жеке тапсырыстарды осылай жинау мүмкін емес. Экрандағы QR тек «бәріне бірдей сома» сценарийіне жарайды (мысалы, кіру ақысы, бір бағалы лот).

Тұрақты нәрсені (донат, чаевые, ашық сомалы төлем) экранда көрсету керек болса, QR емес, төлем сілтемесін қойыңыз: qut.kz/p/<slug>. Оның мерзімі бітпейді, оны био бөліміне де қоя аласыз.

Ағын кезінде реттеу

Төлемді бақылау

Эфирде «төледім» деген сөзге сүйенуге болмайды. Үш тәсіл:

  1. Telegram бот/last немесе автоматты хабарлама. Ең жылдамы.
  2. Кабинеттегі счёттар тізімі — көмекшінің экранында ашық тұрады, жаңа төлем түскен сайын көрінеді.
  3. Webhook — өз жүйеңіз болса, invoice.paid оқиғасы клиент растағаннан кейін әдетте бес секунд ішінде келеді.

Кешігіп жатса, ол көбіне webhook мәселесі: Webhook келмей жатыр. Төлемнің расталу жылдамдығы туралы: Төлем баяу расталады.

Ерекше ескертулер

Жиі қойылатын сұрақтар

Эфирде QR көрсеткен ыңғайлы емес пе? Жеке тапсырыстар үшін емес. Бір QR — бір счёт, әрі терезесі шамамен үш минут. Нөмір бойынша push әлдеқайда сенімді.

Клиенттің нөмірін қайдан аламын? Директтен сұраңыз. Ол нөмір Kaspi-ге тіркелген нөмір болуы керек, әйтпесе push келмейді.

Клиентте Kaspi қосымшасы жоқ болса? Онда push жарамайды — QR немесе сілтеме беріңіз: Клиентте Kaspi қосымшасы жоқ.

Бір эфирде екі адам счёт шығара ала ма? Иә. Екеуі де кабинетке кіре алады немесе екеуіне бөлек API кілт беруге болады. Керек болса екінші кассир де қосылады: Бірнеше кассир қосуға бола ма.

Қате сома шықса не істеймін? Счётты /cancel немесе кабинеттен болдырыңыз да, жаңасын шығарыңыз. Клиент төлеп қойған болса, қайтару жасайсыз.

Байланысты мақалалар

Instagram арқылы сатуғаДиректтегі жұмыс реті: төлем сілтемесі, кабинеттен қолмен счёт, Telegram боттан счёт шығару. Бәрі кодсыз істейді. Тапсырысты шатастырмай есеп жүргізу жолы.Telegram ботында тауар сатуБот → сіздің сервер → счёт → клиентке push немесе сілтеме → webhook → тауарды беру. Төленбеген счёттардың жиналуынан қорғану, бірнеше бренд, Python пен Node мысалы.Интернет-дүкенге Kaspi төлемін қосуСебеттен «төленді» күйіне дейінгі толық схема: счёт, төлем беті, webhook. Tilda, WooCommerce, OpenCart және өзі жазылған сайт үшін кодсыз жол мен API жолы.Бірінші счётты қалай жасау керекЕкі жолы бар: кабинеттен қолмен екі өрісті толтырып немесе API арқылы бір сұраумен. Алдымен sandbox-та жасап, төлемді симуляциялап көру ұтымды.Бір ұйымға бірнеше кассир қосуға бола маИә, болады. Әр кассир — бөлек нөмір және бөлек байланыс. Негізгі кассир деген не, API кілтті нақты кассирге қалай байлау керек және айлық лимит қалай есептеледі.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.