Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Бастау

Бір аккаунтта бірнеше ұйым

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Бір аккаунтта бірнеше ұйым болуы қалыпты жағдай. Кабинетке бір рет кіресіз де, жоғарғы жақтағы ауыстырғыштан қай ұйыммен жұмыс істейтініңізді таңдайсыз. Ұйымдар бір-бірінен толық бөлек: әрқайсысының өз Kaspi кассирі, өз API кілттері, өз webhook адрестері, өз счёттары және өз тарифі бар. Тарифтер қосылмайды — әр ұйым өз тарифін өзі төлейді, лимиттері де бөлек.

Не бөлек, не ортақ

НеҰйымдар арасында
Kaspi кассирлері мен байланыстарыБөлек
API кілттеріБөлек, бір ұйымның кілті екіншісін көрмейді
Webhook адрестері мен құпияларыБөлек
Счёттар, жазылымдар, төлем сілтемелеріБөлек
Тариф, айлық лимит, тәуліктік қорғанысБөлек
Қызметкерлер мен рөлдерБөлек, әр ұйымға өз тізімі
Telegram чаттары мен хабарламаларБөлек
Сіздің жеке аккаунтыңыз (кіру нөміріңіз)Ортақ — бір нөмірмен бәріне кіресіз

Практикада бұл дегеніміз: бір ұйымның кілтімен екінші ұйымның счётын сұрасаңыз, жауап 404 болады, ал кейбір жағдайда 403. Бұл қате емес, қауіпсіздік шекарасы.

Кабинетте ұйым ауыстыру

Кабинеттің жоғарғы жағында ағымдағы ұйымның аты тұрады. Соны басып, тізімнен екіншісін таңдайсыз. Ауысқан соң барлық бөлім — Шолу, Счёттар, Kaspi, Интеграциялар, Тариф — сол ұйымның деректерін көрсетеді.

Жиі кездесетін шатасу: адам бірінші ұйымда тұрып, екінші ұйымның кілтін іздейді де, «кілтім жоғалып кетті» деп ойлайды. Алдымен қай ұйымда тұрғаныңызды тексеріңіз.

Жаңа ұйым қосу да сол ауыстырғыштан жасалады. Жаңа ұйым бос күйде ашылады: кассирі жоқ, кілті жоқ, тарифі сынақ күйінде.

Қашан бөлек ұйым керек

Бөлек ұйым — ауыр құрал. Ол керек болатын нақты жағдайлар:

Қашан бөлек кілт жетеді

Көп жағдайда бөлек ұйымның қажеті жоқ, бөлек API кілт жеткілікті:

МақсатШешімі
Екі дүкеннің есебін бөлуБір ұйым, екі кассир, әрқайсысына байланған кілт
Сайт пен Telegram ботын бөлуБір ұйым, екі кілт, әрқайсысына өз scope-ы
Әзірлеушіге шектеулі рұқсат беруБір ұйым, бөлек кілт және developer рөлі
Тестті өнімнен бөлуБір ұйым, sandbox режимі мен qp_test_ кілті
Нүктелер бойынша есепБір ұйым, бөлек есеп

Ереже қарапайым: ақша бір Kaspi шотына түсетін болса — бір ұйым жеткілікті. Ақша бөлек шотқа түсуі керек болса — бөлек ұйым.

Тарифтер қосылмайды

Бұл ең жиі қойылатын сұрақ. Әр ұйымның тарифі өз алдына:

Сондықтан төрт кішкентай бизнесіңіз болса, тарифті таңдағанда алдымен оларды шынымен бөлу керек пе екенін ойлаңыз: төрт «Бастау» тарифінен гөрі бір «Бизнес» тарифі арзан әрі оңай болуы мүмкін. Есептеу: Қай тарифті таңдау керек.

Қызметкерлер мен рөлдер

Рөлдер әр ұйымға бөлек беріледі. Бір адам бір ұйымда иесі (owner), екіншісінде тек менеджер бола алады — бұл қалыпты жағдай.

Мысалы, бухгалтерді екі ұйымға да менеджер етіп шақырсаңыз, ол екеуінің де счёттарын көреді, бірақ кілттерге де, кассирге де тимейді. Толығырақ: Қызметкерге кабинетке рұқсат беру.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанша ұйым ашуға болады? Шектеу қойылмаған. Бірақ әрқайсысы өз тарифін талап етеді, сондықтан шынымен қажет болғанда ғана ашыңыз.

Бір Kaspi кассирін екі ұйымға қосуға бола ма? Жоқ. Бір нөмір — бір байланыс, бір ұйымда. Сонымен қатар кассир алғаш байланысқан Kaspi ұйымына бекітіледі.

Бір API кілт екі ұйымда жұмыс істей ме? Жоқ. Кілт бір ұйымға тиесілі. Екінші ұйымға бөлек кілт жасайсыз.

Webhook адресім бір — екі ұйымға да сол адресті қоюға бола ма? Иә, болады. Бірақ құпиясы екі ұйымда екі бөлек болады, сондықтан қолтаңбаны тексергенде қай ұйымның оқиғасы екенін ажырата білуіңіз керек.

Ұйымдардың есебін бір жерде көру мүмкін бе? Кабинетте әр ұйым бөлек көрінеді. Біріктірілген есеп керек болса, әр ұйымнан CSV экспортын алып, өз жағыңызда біріктіресіз.

Байланысты мақалалар

Бір ұйымға бірнеше кассир қосуға бола маИә, болады. Әр кассир — бөлек нөмір және бөлек байланыс. Негізгі кассир деген не, API кілтті нақты кассирге қалай байлау керек және айлық лимит қалай есептеледі.Қызметкерге кабинетке рұқсат беруКабинетте үш рөл бар: owner, developer, manager. Әрқайсысы нені көреді және не істей алады, қызметкерді қалай шақыру керек және ол жұмыстан кетсе не істеу керек.Қай тарифті таңдау керекТариф айына шығаратын счёт санына қарай таңдалады, төлем сомасына емес. Үш тарифтің кестесі, өз санын қалай есептеу керек және тәуліктік сан неге бизнес лимиті емес.API кілттер — жасау, сақтау, ауыстыруqp_live_ және qp_test_ кілттерінің айырмашылығы, кілтті кабинетте жасау, қайда сақтау керек және қайда мүлдем сақтамау керек, әр интеграцияға бөлек кілт, үзіліссіз ауыстыру реті және жою салдары.Нүктелер бойынша бөлек есеп — әр дүкенге өз кілтіБірнеше дүкен, филиал немесе нүкте болғанда счёттарды қалай бөлу керек: әр нүктеге бөлек API кілт пен webhook, кілтті кассирге байлау, нені бөлуге болады және нені болмайды, қашан бөлек ұйым ашу керек.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.