Қысқаша
Бірнеше нүкте болса, ұйымды бөлудің қажеті жоқ. Әр нүктеге бөлек API кілт беріңіз — сонда әр счёт қай кілтпен жасалғаны белгілі болады, ал webhook-ты да нүкте бойынша бөлек жіберуге болады.
Бөлінетіні: кілттер, webhook адрестері, кассирлер және есеп кесіндісі. Бөлінбейтіні: ақша, тариф және лимиттер — олар ұйымға ортақ болып қалады.
Бөлек бухгалтерия, бөлек Kaspi шоты немесе бөлек тариф керек болса — ол бөлек ұйым ашатын жағдай.
Әр нүктеге бөлек кілт
Бір ұйымда бірнеше API кілт болуы қалыпты. Кілттерді нүкте атымен атаңыз, сонда кабинетте де, есепте де шатаспайсыз:
| Кілт атауы | Қайда тұрады |
|---|---|
Абай көшесі — касса | Бірінші дүкеннің кассасындағы бағдарлама |
Сейфуллин — касса | Екінші дүкен |
Интернет-дүкен | Сайттың сервері |
Telegram бот | Бот жұмыс істейтін сервер |
Не береді:
- Бір нүктенің кілті сыртқа шықса, тек сол кілтті жойып, жаңасын бересіз — қалған нүктелер жұмысын тоқтатпайды
- Әр кілттің құқығын бөлек шектеуге болады: кассаға
invoices:writeжеткілікті, алrefunds:writeкерек емес. Құқықтар (scopes) - Кабинетте әр кілттің соңғы қолданылған уақыты көрінеді — істемей тұрған нүктені солай табасыз
Кілттерді жасау мен жою — әзірлеуші немесе иесі рөлінде: Рөлдер мен құқықтар.
Кілтті нақты кассирге байлау
Ұйымда бірнеше кассир болса (мысалы әр нүктеде өз кассир нөмірі), кілтті нақты бір кассирге байлауға болады.
Байланған кілт:
- Нақты (live) счёттарды тек сол кассир арқылы жасайды
- Басқа кассирдің счёттарын көрмейді — оларға 404 қайтарады
- Sandbox счёттары бәріне ортақ болып қалады, олар — ортақ сынақ деректері
Бұл нүктелерді нағыз мағынада бөлудің жалғыз жолы: бір нүктенің жүйесі екінші нүктенің счёттарын оқи алмайды. Егжей-тегжейі: API кілтті кассирге байлау.
Бір ұйымға бірнеше кассир қосу туралы: Бірнеше кассир.
Әр нүктеге бөлек webhook
Webhook адрестерін де бөлуге болады. Екі жиі кездесетін құрылым:
| Құрылым | Қашан ыңғайлы |
|---|---|
| Бір ортақ webhook, ішінде бөлу | Бәрі бір серверде, счёттың белгісіне қарап бағыттайсыз |
| Әр нүктеге бөлек webhook адресі | Нүктелердің жүйелері бөлек, әрқайсысы өзіне ғана қатыстысын алады |
Екінші жағдайда әр адрестің өз құпиясы болады, сондықтан бір нүктенің құпиясы сыртқа шықса, қалғандарын ауыстырудың қажеті жоқ. Қолтаңбаны тексеру ережесі екеуінде де бірдей: Webhook қауіпсіздігі.
Счёттарды қалай белгілеу керек
Кілт пен кассирден бөлек, счёттың өзіне де нүкте белгісін қойған дұрыс — есеп сонда әлдеқайда жеңіл болады:
metadataішіне нүктенің кодын салыңыз:{ "branch": "abay" }externalOrderIdішінде нүкте префиксі болсын:ABAY-1024,SEIF-1024- Счёт сипаттамасына нүктені қоспаңыз — оны клиент көреді, ол оған қажет емес
Бұл белгілер webhook денесімен бірге қайта келеді, сондықтан өз жүйеңізде тапсырысты дұрыс филиалға бағыттайсыз. Толығырақ: Metadata және тапсырыс нөмірі.
Есепті жинау
- Кабинеттің Счёттар бөлімінде сүзіп, кезең бойынша экспорт жасайсыз: CSV экспорт және есеп
- Нүкте кесіндісі
metadataменexternalOrderIdбелгілері арқылы шығады - Бір нүктенің жүйесі өз кілтімен сұрау салғанда, кілт кассирге байланған болса, өз счёттарын ғана көреді
- Айлық жиынтық ұйымға ортақ болғандықтан, «бүкіл бизнес бойынша» есеп те бір жерден шығады
Не бөлінбейді
Мұны алдын ала білген дұрыс:
| Не | Күйі |
|---|---|
| Ақша | Ұйымның Kaspi шотына түседі. Кассир бойынша бөлек шот болмайды |
| Тариф және оның бағасы | Ұйымға бір тариф. Нүкте саны бағаға әсер етпейді |
| Айлық счёт лимиті | Ұйымға ортақ. Барлық нүкте бір лимиттен жейді |
| Тәуліктік қорғаныс | Ұйымға ортақ |
| Қызметкерлер мен рөлдер | Ұйым деңгейінде. Нүкте бойынша бөлек рөл жоқ |
| Кабинеттегі көріну | Ұйым мүшесі барлық нүктенің счёттарын көреді |
Яғни нүктелерді бөлу — есеп пен қауіпсіздік деңгейінде, қаржы деңгейінде емес.
Лимиттерді есептегенде барлық нүктенің счётын қосып есептеңіз: Тарифтер және лимиттер.
Қашан бөлек ұйым ашу керек
Бөлек ұйым ашу қажет болатын жағдайлар:
- Нүктелердің Kaspi шоты бөлек — әр ЖК немесе ЖШС өз ақшасын өзі алады
- Бухгалтерия бөлек, құжаттар да бөлек рәсімделеді
- Нүктелердің иелері әртүрлі адамдар, бір-бірінің счёттарын мүлдем көрмеуі керек
- Айлық көлемі әртүрлі, әрқайсысына өз тарифі керек
Есте сақтаңыз: тарифтер қосылмайды — әр ұйым өз тарифін бөлек төлейді. Толығырақ: Бір аккаунтта бірнеше ұйым.
Ал бір заңды тұлғаның ішіндегі бірнеше нүкте болса — бір ұйым, бірнеше кілт жеткілікті.
Жиі қойылатын сұрақтар
Бір нүктенің кассирі жұмыс істемей қалса, қалғаны істей ме? Иә, егер олардың кілттері басқа кассирге байланған болса. Бір кассир үзілгенде тек соған байланған кілттер зардап шегеді.
Бір нүктенің кілтін жойсам, оның ескі счёттары жоғала ма? Жоқ. Счёттар орнында қалады, тек жаңа счёт сол кілтпен жасалмайды.
Бір ұйымға қанша кілт жасауға болады? Практикада әр нүктеге және әр интеграцияға бір кілттен жеткілікті. Пайдаланылмайтын кілттерді жойып отырыңыз: API кілттер.
Менеджер рөліндегі кассир кілтті көре ме? Жоқ, кілттер оған мүлдем ашық емес.
Франшиза үшін не дұрыс? Әр серіктестің ақшасы өз шотына түсуі керек болса — әрқайсысы бөлек ұйым. Ол сценарий Partner API арқылы автоматтандырылады.