Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Бастау

Әзірлеуші жоқ — қалай бастау керек

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Бастау үшін әзірлеуші міндетті емес. Ең қарапайым жолы — кабинеттен қолмен счёт шығару: сома жазып, Счёт жасау батырмасын бассаңыз, сілтеме шығады, оны клиентке жібересіз. Күніне ондаған, тіпті жүздеген счётты осылай шығаруға болады. Одан бөлек тұрақты төлем сілтемелері, Telegram бот, дайын CMS модульдері және форма-хуктар бар — бәрі кодсыз.

Бес кодсыз жол

ЖолКімге ыңғайлыНе керек
Кабинеттен қолмен счётДиректтен, WhatsApp-тан сататындарғаТек кабинет
Тұрақты төлем сілтемесі / статикалық QRInstagram, кассадағы жапсырма, визиткаТек кабинет
Telegram ботКассир мен әкімшіге, телефоннанTelegram
WooCommerce / OpenCart модуліДайын интернет-дүкенгеСайтқа модуль орнату
Форма-хук (Tilda және кез келген форма)Лендинг, форма арқылы сатуғаФорманың баптауына кіру

1. Кабинеттен қолмен счёт

Ең тез басталатыны — бүгін бастауға болады.

  1. Счёттар бөліміне кіресіз
  2. QR / сілтеме немесе Телефонға счёт (Kaspi қосымшасы) таңдайсыз
  3. Соманы, қаласаңыз сипаттама мен тапсырыс нөмірін жазасыз
  4. Счёт жасау басасыз
  5. Төлем беті сілтемесін көшіріп, клиентке жібересіз

Телефонға счёт таңдасаңыз, клиенттің Kaspi қосымшасына тікелей келеді — сілтеме жіберудің қажеті жоқ.

Толығырақ: Бірінші счётты қалай жасау керек.

Егер бір мезгілде көп счёт керек болса, сол бөлімдегі Топтап (CSV) батырмасы бір жүктеуде жүзге дейін счёт жасайды — мысалы, ай сайын оқушылардан төлем жинайтын курс үшін.

2. Тұрақты төлем сілтемесі мен статикалық QR

Сілтемелер бөлімінде бір рет сілтеме жасайсыз да, оны шексіз қолданасыз:

Сілтемені Instagram профиліне, WhatsApp автожауабына қоюға, QR суретін басып шығарып кассаға, үстелге, көлікке жапсыруға болады. Керек болмай қалса Тоқтату басасыз.

3. Telegram бот

Телефоннан жұмыс істеуге ыңғайлы. Ботты Баптау бөлімінен байланыстыру кодымен қосасыз. Командалары:

КомандаНе істейді
/invoiceСчёт жасайды
/todayБүгінгі есеп
/lastСоңғы счёттар
/statusСчёттың күйі
/cancelСчётты болдырмайды
/supportҚолдауға жазу

Ботты жұмыс тобына қосып қоюға болады — сонда счёттар мен төлемдерді бүкіл команда бірден көреді.

4. Дайын CMS модульдері

Сайтыңыз WordPress (WooCommerce) немесе OpenCart 4-те тұрса, дайын модуль бар. Реті: модульді орнатасыз, кабинеттен алған API кілтті баптауға қоясыз, режимді таңдайсыз. Содан кейін тапсырыс төлемі өзі жүреді, тапсырыс күйі де өзі жаңарады.

Модульдер: https://api.qut.kz/downloads/ — нұсқаулығы https://api.qut.kz/docs/guide/wordpress

Бұл жолға бір рет орнату керек. Өзіңіз істей алмасаңыз, сайтыңызды баптап беретін кез келген адам жарты сағатта орната алады.

5. Форма-хук: Tilda және кез келген форма

Лендингіңізде форма тұрса, оны төлем формасына айналдыруға болады. Кабинеттің Интеграциялар бөлімінде Форма-хуктар блогынан жеке адрес аласыз да, форманың жауап жіберетін адресі етіп сол адресті қоясыз.

Форма жіберілген сәтте счёт жасалады. Танылатын өрістер: amount / sum / price, phone, email, name, comment. «жауап орнына төлем бетіне бағыттау» опциясын қоссаңыз, клиент форманы жіберген бойда төлем бетіне түседі.

Нұсқаулық: https://api.qut.kz/docs/guide/integration

Қашан бәрібір әзірлеуші керек

Мына жағдайларда сервер жағында код керек:

Ондай жағдайда екі амал бар. Бірі — таныс әзірлеушіге тапсыру, оған https://api.qut.kz/docs сілтемесін беру жеткілікті. Екіншісі — ЖИ-агентке тапсыру: кабинеттің Интеграциялар бөлімінде «ЖИ-агентке нұсқаулық» блогы бар, сол мәтінді көшіріп агентке бересіз. API кілті мен webhook құпиясын ЖИ чатына ешқашан жазбаңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Күніне қанша счётты қолмен шығаруға болады? Техникалық шектеу — тарифтің тәуліктік саны (сынақта 50, Бастауда 200, Бизнесте 1 500). Іс жүзінде күніне ондаған счётты қолмен шығару әдеттегі жағдай.

Қолмен шығарылған счёт пен API арқылы жасалғанның айырмашылығы бар ма? Жоқ. Клиент үшін бірдей, есепте де бірдей көрінеді.

Сайтым жоқ, тек Instagram бар. Жарай ма? Иә. Тұрақты төлем сілтемесі немесе әр клиентке жеке счёт — екеуі де жарайды.

Кассирім счёт шығара ала ма? Иә, оны Баптау → Қызметкерлер арқылы кабинетке шақырасыз. Ол өз нөмірімен кіреді. Kaspi-дегі кассир нөмірімен шатастырмаңыз.

Кодсыз бастап, кейін API-ге көшуге бола ма? Иә. Деректеріңіз, тарихыңыз, тарифіңіз сол күйі қалады — тек интеграцияны қосасыз.

Байланысты мақалалар

Бірінші счётты қалай жасау керекЕкі жолы бар: кабинеттен қолмен екі өрісті толтырып немесе API арқылы бір сұраумен. Алдымен sandbox-та жасап, төлемді симуляциялап көру ұтымды.Кабинетте не қайда тұрОн бөлімнің әрқайсысы не үшін керегі, жоғарғы жолдағы режим белгісі, ұйым ауыстырғышы, тіл мен қараңғы режим. Бір рет оқысаңыз, іздеп жүрмейсіз.Бастау үшін не керекТөрт нәрсе: Kaspi Pay бизнес-аккаунты, оның баптауына кіру құқығы, SMS қабылдайтын бөлек нөмір және сервер жағын жаза алатын адам. Соңғысы міндетті емес.Терминдер сөздігіҚолдауға келетін сұрақтардың бір бөлігі — терминді түсінбегеннен. Мұнда 25 термин қарапайым тілмен, әрқайсысына бір-екі сөйлем және мысал.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.