Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Мәселені шешу

«Ұйым архивте» деген қате — не істеу керек

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

organization_inactive (HTTP 410) қатесі кілттің жарамсыз екенін білдірмейді. Ол «кілт дұрыс, ол қай ұйымға тиесілі екенін де көріп тұрмыз, бірақ сол ұйым белсенді емес» дегенді білдіреді. Сондықтан жаңа кілт жасау көмектеспейді: жаңа кілт те сол архивтегі ұйымға тиесілі болып шығады да, дәл сол қате қайталанады. Керегі — жұмыс істеп тұрған ұйымның кілті немесе ұйымды қайта белсенді ету.

Қатені қалай тану керек

{ "error": "organization_inactive", "message": "..." }

HTTP күйі — 410. Бұл маңызды белгі: 401 мен 403-тен бөлек нәрсе.

ҚатеHTTPМәселе қайда
unauthorized401Кілттің өзінде: жоқ, қате жазылған немесе өшірілген
invalid_api_key422Кілттің пішімінде
forbidden403Ресурс басқа ұйымға тиесілі
insufficient_scope403Кілтте бұл әрекетке құқық жоқ
tariff_inactive403Тариф белсенді емес немесе сынақ бітті
organization_inactive410Ұйымның өзі архивте немесе өшірілген

Егер сіз 401 көріп жүрсеңіз, бұл мақала сізге емес: API 401 қайтарады.

Неге жаңа кілт көмектеспейді

Кілт әрқашан бір ұйымның ішінде жасалады. Ол — есік кілті емес, белгілі бір бөлменің кілті. Бөлме жабық тұрса, оның жаңа кілтін жасаудың мәні жоқ.

Сондықтан мына әрекеттер нәтиже бермейді:

Нәтиже беретіні екеу ғана: дұрыс ұйымның кілтін қолдану немесе ұйымды қайта белсенді ету.

Себептері

1. Ұйым кабинетте архивке салынған. Бірнеше ұйым жүргізсеңіз, ескісін архивке салып, жаңасымен жұмыс істеп жүрген боларсыз. Ал серверде ескі ұйымның кілті қалып қойған. Ең жиі кездесетін себеп.

2. Кілт басқа ұйымнан алынған. Тест ортасы мен продакшенде әртүрлі ұйым қолданылып, бірі архивке салынған болуы мүмкін.

3. Аккаунт тәртібі бойынша шектелген. Бұл жағдайда қолдау сізге хабарлайды.

4. Ұйым сұрау бойынша жабылған. Біреу ұйымды жабуды сұраған да, кейін сол кілт қайтадан қолданылған.

Айырып қарау керек: account_blocked (403) — аккаунт бөгелген деген бөлек қате. organization_inactive — нақты ұйым туралы.

Не істеу керек

  1. Қай ұйымда тұрғаныңызды қараңыз. Кабинетке кіріп, ұйым ауыстырғышын тексеріңіз. Бірнеше ұйым болса, қайсысы белсенді екені бірден көрінеді: Бір аккаунтта бірнеше ұйым.
  2. Жұмыс істеп тұрған ұйымның кілтін алыңыз. Дұрыс ұйымды таңдап, Интеграциялар бөлімінен жаңа кілт жасаңыз. Оның scope-тары мен кассирге байлануы ескісіндей болсын.
  3. Серверде ауыстырыңыз. .env немесе құпиялар қоймасы, CMS плагині, автоматтандыру сценарийлері — бәрінде.
  4. Бір сынақ сұрау жіберіңіз. GET /api/v1/status немесе кішкене sandbox счёты.
  5. Дәл сол ұйым керек болса, қолдауға жазыңыз. Кейбір жағдайда ұйымды қайта белсенді етуге болады.

Есіңізде болсын: ұйым ауысса, кассир байланысы мен webhook баптаулары да сол жаңа ұйымның ішінде жеке болады. Бір ұйымның баптауы екіншісіне көшпейді.

Қолдауға нені жазу керек

Тез шешілуі үшін мыналарды бірден жазыңыз:

Кілттің толық мәнін ешқашан жібермеңіз. Оны чатқа жазсаңыз, кілт шығып кетті деп есептеу керек: API кілт сыртқа шығып кетті.

Байланыс: WhatsApp +7 778 881 3333, Telegram @qutpaybot, email kazprose@gmail.com.

Счёттар мен ақшаға не болады

НеКүйі
Бұрын жасалған счёттарЖоғалмайды
Бұрын түскен ақшаKaspi шотыңызда, тиылмайды
Жаңа счёт жасауІстемейді, 410 қайтады
Қайтару жасауІстемейді
Басқа белсенді ұйымыңызӘсер етпейді, өз бетінше жұмыс істейді

Архивтегі ұйым — деректердің жойылғаны емес. Жабылғаны — сол ұйым атынан жаңа әрекет жасау мүмкіндігі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйымды өзім архивтен шығара аламын ба? Кабинетте мұндай мүмкіндік болмаса, қолдауға жазыңыз.

Тарифті төлесем, қате кетеді ме? Жоқ. Тариф белсенді емес болса, бөлек қате шығады (tariff_inactive, 403). organization_inactive — тарифке қатысы жоқ.

Екі ұйымым бар, біреуі істеп тұр. Кілтті ауыстырсам жетеді ме? Иә, егер жаңа ұйымда кассир қосулы және тариф белсенді болса. Ұйым ауысқанда счёттар бірге көшпейтінін ескеріңіз.

Ескі ұйымның счёттарын көру үшін не істеу керек? Кабинеттен қарау мүмкіндігі туралы қолдаудан сұраңыз. API арқылы архивтегі ұйымға сұрау жіберілмейді.

Кассирді қайта қосуым керек пе? Жаңа ұйымда жұмыс істейтін болсаңыз, иә: әр ұйымның өз кассирі бар. Kaspi ұйымы бірінші байланыста бекітілетінін де ескеріңіз: Кассир басқа Kaspi ұйымына тиесілі.

Байланысты мақалалар

Бір аккаунтта бірнеше ұйымБір нөмірмен кіріп, бірнеше ұйымды бөлек жүргізуге болады. Әр ұйымның өз кассирі, кілттері, webhook-і және тарифі. Тарифтер қосылмайды — әрқайсысы бөлек төленеді.API кілтті жойып алдым — не болады және не істеу керекЖойылған кілт сол сәтте істемей қалады және оны қайтару мүмкін емес. Счёттар мен ақшаға әсері жоқ. Жаңа кілт жасап, интеграцияда ауыстыру реті және кассирге байлауды ұмытпау.API 401 қайтарады — кілт қабылданбай жатыр401 unauthorized дегені — сұрауыңызда жарамды API кілт жоқ. Себептері, тексеру реті және жұмыс істейтін curl мысалы. Көбіне тақырып атауы немесе Bearer префиксі кінәлі.Кассир басқа Kaspi ұйымына тиесіліKaspi ұйымы бірінші байланыста бекітіледі және кейін өзгермейді. Сондықтан қосылатын кассир сол ұйымның қызметкері болуы керек. Бірнеше ЖК/ЖШС болса қалай жоспарлау керегі.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.