Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Мәселені шешу

Кассир басқа Kaspi ұйымына тиесілі

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Qut Pay ұйымыңыз бірінші сәтті байланыстан кейін нақты бір Kaspi ұйымына бекітіледі. Одан кейін ол байланыс өзгермейді. Яғни екінші кассирді қосқыңыз келсе, ол сол Kaspi ұйымының қызметкері болуы керек — басқа ЖК немесе ЖШС-ның кассирі жарамайды. Басқа заңды тұлғамен жұмыс істеу керек болса, шешім біреу: бөлек ұйым ашу.

Неге бұлай жасалған

Ақша әрқашан кассир тиесілі Kaspi ұйымының шотына түседі. Егер бір Qut Pay ұйымының ішінде әр кассир әртүрлі заңды тұлғаға тиесілі болса, шыққан счёттардың ақшасы әртүрлі шотқа кетер еді, ал есеп пен қайтару шатасар еді.

Сондықтан байланыс бір рет бекітіледі: бір Qut Pay ұйымы — бір Kaspi ұйымы. Бұл шектеу емес, есептің анық болуы үшін жасалған шешім. Қай счёттың ақшасы қай шотқа түскенін әрқашан бір мәнді айтуға болады.

Қалай білінеді

Байланыстыру кезінде кассир нөмірі басқа Kaspi ұйымына тиесілі болса, процесс аяқталмайды: кабинет сол кассирді қабылдамайды. Қате мәтіні нақты не болғанын айтады.

Мұны мына жағдайлармен шатастырмаңыз:

БелгіБұл не
Kaspi SMS орнына пароль мен видеоверификация сұрайдыНөмір иесінің ЖСН-іне ЖК/ЖШС тіркелген: Кассир нөміріне қойылатын үш шарт
SMS мүлде келмейдіSIM немесе оператор мәселесі
Байланыс бұрын істеп тұрып, кенет үзілдіСол нөмірмен Kaspi Pay-ге кірген
Кассир қабылданбайды, ұйым басқа деп тұрДәл осы мақаланың жағдайы
API organization_inactive (410) қайтарадыБұл Kaspi туралы емес, біздің жақтағы ұйым архивте: «Ұйым архивте» деген қате

Не істеу керек

  1. Kaspi Pay қосымшасын ашыңыз. Веб-кабинет емес, дәл қосымша.
  2. Настройки → Сотрудники бөліміне барыңыз. Сіз қай ұйымның астында тұрғаныңыз көрінеді.
  3. Бұрын байланысқан кассир қай ұйымда екенін еске түсіріңіз. Қосқыңыз келген жаңа кассир сол ұйымның тізімінде болуы керек.
  4. Керек болса, сол ұйымға жаңа қызметкер қосыңыз: Добавить сотрудника, рөлі — Кассир.
  5. Кабинетке қайтып, сол нөмірді байланыстырыңыз.

Жаңа қызметкердің нөміріне үш шарт бәрібір орындалуы керек: нақты SIM, нөмір иесінің ЖСН-іне Kaspi Pay-де ЖК/ЖШС тіркелмеген, және нөмірде тек «Кассир» рөлі болуы керек.

Бірнеше ЖК немесе ЖШС болса

Бұл жиі кездесетін жағдай: бір адамның екі ЖК-сы бар, немесе дүкен бір заңды тұлғада, ал кафе екіншісінде.

Ереже: әр Kaspi ұйымына — бөлек Qut Pay ұйымы.

Не керекҚалай жасайсыз
Екі заңды тұлғадан төлем қабылдауЕкі Qut Pay ұйымы, әрқайсысында өз кассирі
Әр ұйымға бөлек кілтКілт әрқашан бір ұйымның ішінде жасалады
Әр ұйымға бөлек тарифТарифтер қосылмайды, әрқайсысы өз лимитімен
Есепті бөлек жүргізуСчёттар мен экспорт та ұйым бойынша бөлек

Толығы: Бір аккаунтта бірнеше ұйым.

Ал бір ғана заңды тұлғаның ішінде бірнеше нүкте немесе бірнеше кассир керек болса, ол басқа әңгіме — ол қалыпты жағдай: Бір ұйымға бірнеше кассир қосуға бола ма.

Жоспарлау кезінде нені шешіп алу керек

Бірінші кассирді байланыстырар алдында мына сұрақтарға жауап беріңіз. Кейін өзгерту қиын.

Жаңа ұйым ашу

Басқа Kaspi ұйымымен жұмыс істеу керек болса, кабинеттен жаңа Qut Pay ұйымын ашасыз да, оның ішінде жаңа кассирді байланыстырасыз. Ол ұйым мүлде бөлек өмір сүреді: өз кассирі, өз кілттері, өз webhook баптауы, өз тарифі және өз счёттар тізімі.

Ескі ұйым бұзылмайды, жұмысын жалғастыра береді. Екеуін кабинеттегі ұйым ауыстырғышы арқылы қатар жүргізесіз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Бекітілген Kaspi ұйымын ауыстыруға бола ма? Жоқ. Ол бірінші байланыста бекітіледі және кейін өзгермейді. Басқа ұйым керек болса — жаңа Qut Pay ұйымы.

Кассирді жойып, басқасын қоссам ше? Сол Kaspi ұйымының басқа кассирі болса — иә, қосасыз. Басқа ұйымның кассирі болса — жоқ.

Екі ұйым үшін бір API кілт жеткілікті ме? Жоқ. Кілт бір ұйымның ішінде жасалады және тек сол ұйымның счёттарын көреді. Әр ұйымға бөлек кілт керек.

Тарифті екі ұйымға бөлуге бола ма? Жоқ, тарифтер қосылмайды: әр ұйым өз тарифімен және өз айлық лимитімен жұмыс істейді.

Бұрын жасалған счёттар қайда кетеді? Ешқайда. Олар өз ұйымында қалады. Жаңа ұйым — таза парақ, ондағы тізім бос басталады.

Байланысты мақалалар

Бір аккаунтта бірнеше ұйымБір нөмірмен кіріп, бірнеше ұйымды бөлек жүргізуге болады. Әр ұйымның өз кассирі, кілттері, webhook-і және тарифі. Тарифтер қосылмайды — әрқайсысы бөлек төленеді.Бір ұйымға бірнеше кассир қосуға бола маИә, болады. Әр кассир — бөлек нөмір және бөлек байланыс. Негізгі кассир деген не, API кілтті нақты кассирге қалай байлау керек және айлық лимит қалай есептеледі.Кассир нөміріне қойылатын үш шартҚосылудың сәтті өтуі түгелдей осы үш шартқа байланысты: нақты SIM, иесінің ЖСН-іне ЖК/ЖШС тіркелмеген болуы және нөмірде тек «Кассир» рөлі. Нөмірді алдын ала қалай таңдау керек.«Ұйым архивте» деген қате — не істеу керекAPI organization_inactive (410) қайтарса, кілт емес, ұйым белсенді емес. Жаңа кілт жасау көмектеспейді. Себептері, дұрыс кілтті таңдау және қолдауға жазғанда нені көрсету керек.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.