Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бет → Білім базасы → Бизнесіңізге

Qut Club — ақылы Telegram каналға жазылымды Kaspi төлемімен сату

Жаңартылды: 2026-11-28 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Qut Club — Қазақстандағы ақылы Telegram каналдарға жазылымды Kaspi төлемімен автоматтандыратын Telegram бот платформасы. Жазылушы ботта тарифті таңдап, Kaspi арқылы төлейді. Бот оны каналға өзі кіргізеді, мерзімі біткенде шығарады. Ақша тікелей канал иесінің өз шотына түседі.

Qut Club — Qut Pay-мен бір командадан шыққан бөлек жоба: өз сайты, өз боты және өз ақысы бар. Оның «Kaspi шоты» режимі канал иесінің Qut Pay аккаунты арқылы жұмыс істейді.

Кімге арналған

Жабық Telegram каналға ақылы кіру сататындарға:

Канал иесі қалай қосады

  1. @qutclubbot ботына /connect деп жазыңыз. Бот жобаға атау сұрайды. /connect бар каналды қосады, жаңа канал ашпайды.
  2. Ботты каналға әкімші қылыңыз, екі құқықпен: «Invite users via link» (кіру сұрауын мақұлдау үшін) және «Ban users» (мерзімі біткенде шығару үшін). Бот құқықтарды өзі тексеріп, каналды қосады.
  3. Ботта тариф қосыңыз (/admin, сосын канал): атауы, бағасы бүтін теңгемен, мерзімі күнмен. Мерзімі 0 болса, тариф мерзімсіз: бір рет төленеді, бітпейді.
  4. /admin ішінде төлем тәсілін таңдаңыз: Kaspi шоты не чекті қолмен растау.
  5. Сілтемеңізді бөлісіңіз. Ботта https://p2.kz/<атауы> қысқа сілтемесі дайын тұр, оны Instagram не TikTok биосына қоясыз.

Бір жобаға бірнеше канал қосуға болады: /admin → «+ Канал қосу». Әр каналдың өз тарифтері және өз сілтемесі болады.

Жазылушы қалай төлеп, каналға кіреді

  1. Иесінің сілтемесін ашады. Бот тарифтерді батырма етіп көрсетеді.
  2. Тарифті таңдап, төлейді.
  3. Төлем расталғанда жазылым іске қосылады, бот каналға кіру сілтемесін жібереді.
  4. Сілтеме тек кіру сұрауын жібереді. Бот сұрауды осы каналға белсенді жазылымы бар адамға ғана мақұлдайды. Сілтемені біреуге жіберсе, ол адам кіре алмайды.
  5. Мерзім бітуге 3 күн және 1 күн қалғанда бот еске салады, хабарда ұзарту батырмасы бар.
  6. Мерзім біткенде бот адамды каналдан шығарып, қайта жазылу батырмасын жібереді. Адам қара тізімге түспейді: қайта төлесе, қайта кіреді.

Мерзімінен бұрын ұзартса, жаңа мерзім қазіргі мерзімнің соңынан қосылады, төленген күндер күймейді. Жазылушы каналдан өзі шығып кетсе, ал жазылымы әлі белсенді болса, ботқа /status деп жазып, жаңа кіру сілтемесін алады.

Екі төлем тәсілі

ТәсілҚалай жүредіQut Pay аккаунты
Kaspi шотыБот жазылушының Kaspi нөміріне шот жібереді, ол Kaspi.kz қосымшасында төлейді, бот төлемді өзі растайды. Нөмір Kaspi-де болмаса, бот Kaspi QR бар төлем бетінің сілтемесін бередіКерек
Чекті қолмен растауЖазылушы сіздің реквизиттеріңізге аударып, чекті (фото, сурет не PDF) ботқа жібереді. Сіз ботта растайсыз не қабылдамайсызҚажет емес

Тариф бағасынан аз төленсе, жазылым ашылмайды: жазылушыға соны айтады, канал иесіне ескерту барады.

Kaspi шоты режиміне керек Qut Pay аккаунты туралы: Qut Pay деген не, қосу қадамдары: Қалай қосу керек, тарифтері: Қай тарифті таңдау керек.

Ақша қайда түседі

Жазылушының ақшасы Qut Club арқылы өтпейді. Ол тікелей канал иесіне түседі:

Qut Club төлемнің өткені туралы растауды ғана алады.

Платформа ақысы

Канал иесі Qut Club-қа платформаны пайдаланғаны үшін ақы төлейді. Жазылушылар төлеген ақша бәрібір тікелей иесіне түседі.

ДеңгейБелсенді жазылушы30 күнге
Старт0–414 491 ₸
Про42–1499 941 ₸
Безлимит150 және одан көп14 941 ₸

Бірнеше каналы бар жобада ақы жоба бойынша алынады және барлық каналдағы белсенді жазылушылар санына байланысты.

Қысқа сілтеме (p2.kz)

Әр иеде https://p2.kz/<атауы> қысқа сілтемесі болады. Ол @qutclubbot ішіндегі жобаңызға апарады.

Веб-әкімші панелі

Мекенжайы: https://club.qut.kz/admin. Кіру бот арқылы: /web командасы 10 минут жарамды бір реттік сілтеме жібереді.

Панельде: белсенді жазылушылар мен түсім шолуы, жазылушылар тізімі (іздеу, қолмен қосу, CSV-ге шығару), төлем тарихы, тарифтер, платформа ақысын көру және төлеу. Сол статистика мен жазылушыларды басқару ботта /admin ішінде де бар.

Жиі қойылатын сұрақтар

Qut Pay міндетті ме? Kaspi шоты режиміне Qut Pay аккаунты керек. Чекті қолмен растау режиміне қажет емес.

Бот қай тілде сөйлейді? Қазақша және орысша.

Qut Pay-дің Telegram боты мен Qut Club боты бір бот па? Жоқ. @qutpaybot — Qut Pay кабинетінің боты: шот шығарады, төлем туралы хабарлайды. @qutclubbot — Qut Club боты: каналға жазылым сатады.

Толық сипаттамасы қайда? Qut Club сайтында: https://club.qut.kz/

Qut Club бойынша сұрақты кімге жазамын? Telegram: @kazprose.

Байланысты мақалалар

Telegram ботында тауар сатуБот → сіздің сервер → счёт → клиентке push немесе сілтеме → webhook → тауарды беру. Төленбеген счёттардың жиналуынан қорғану, бірнеше бренд, Python пен Node мысалы.Жазылымдық бизнескеЖазылым — счётты кестеге сай автоматты шығару, ақша клиенттің шотынан өздігінен шешілмейді. Қайталау сатысы, өткізіп алу саясаты, pause/resume, ескерту және есеп.Онлайн мектеп пен курс платформасынаКурсқа кіруді сатудан бастап, webhook арқылы қолжетімділікті ашуға, кезеңдік төлемге, топтық тариф пен жеңілдікке дейін. Мобильді қосымшаңыз болса App Store мен Play ережесін де қараңыз.Qut Pay деген не және қалай жұмыс істейдіQut Pay — Kaspi Pay үстінде жұмыс істейтін тәуелсіз сервис: «Кассир» рөлі арқылы Kaspi QR төлемдерін қабылдауға арналған API мен кабинет. Ақша тіке сіздің Kaspi шотыңызға түседі, бізде ешқашан болмайды.Қай тарифті таңдау керекТариф айына қабылдайтын төлем санына қарай таңдалады, төлем сомасына емес. «Тегін» және ақылы тарифтердің кестесі, өз санын қалай есептеу керек және тәуліктік сан неге бизнес лимиті емес.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.