Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бет → Білім базасы → Бастау

Salebot ботынан Kaspi шотын жіберу

Жаңартылды: 2026-11-18 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Salebot-та жиналған бот Kaspi шотын өзі жібере алады. Ол үшін тапсырыс расталатын блокқа Salebot-тың «API-запрос» бөлімін қосып, Qut Pay API-ына бір сұраныс жібересіз. Шот клиенттің Kaspi.kz қосымшасына түседі. Клиент «Төледім» деп жазғанда екінші сұраныспен шот күйін тексересіз. Бағдарламашы керек емес. Толық нұсқаулық: api.qut.kz/docs/guide/kk/salebot.

Qut Pay мен Salebot — бөлек сервистер, серіктес емеспіз. Salebot-та API функциялары тек «Бизнес» және «Инфобиз» тарифтерінде жұмыс істейді.

Шот жасау блогы

ӨрісМәні
ТүріPOST-json
URLhttps://api.qut.kz/api/v1/invoices
Заголовок запроса{"X-API-Key": "qp_live_…", "Content-Type": "application/json"}
JSON параметры{"kind": "phone", "amount": #{amount}, "description": "Тапсырыс #{order_id}", "idempotencyKey": "salebot-#{order_id}", "customer": {"phone": "#{phone}"}}
Сохраняемые значенияid->qp_invoice_id; status->qp_status; error->qp_error

kind: "phone" шотты клиенттің Kaspi қосымшасына тікелей жібереді, сондықтан WhatsApp-та сілтеме жіберудің қажеті жоқ. Сома бүтін теңге болуы керек. Неліктен phone жақсы екенін QR мен телефонға шот мақаласынан оқыңыз.

idempotencyKey клиент батырманы екі рет басқанда екінші шот жасалмауы үшін керек. Толығырақ: қайталанатын сұраныс.

Төлемді тексеру блогы

ӨрісМәні
ТүріGET
URLhttps://api.qut.kz/api/v1/invoices/#{qp_invoice_id}
Заголовок запросашот жасау блогындағыдай
Сохраняемые значенияstatus->qp_status

Сосын шарт блогымен тексересіз:

Salebot Qut Pay webhook-тарын тікелей қабылдай алмайды, сондықтан күйді клиент жазғанда не батырма басқанда сұрайсыз. Ал сіздің өзіңізге әр төлем туралы хабар Qut Pay кабинетіне қосылған Telegram арқылы келеді.

Алдымен тест режимінде

  1. Кабинет → Интеграциялар → API кілттері → тест кілтін (qp_test_…) жасаңыз (API кілттер).
  2. Ботқа өзіңіз тапсырыс беріңіз, кабинетте тест шоты шығады.
  3. Шотты ашып, «[Sandbox] төленді» батырмасын басыңыз.
  4. Ботқа «Төледім» деп жазыңыз — бот «✅ Төлем түсті» деуі керек.
  5. Сосын кілтті qp_live_…-ке ауыстырасыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл ақылы ма?

Qut Pay тарифіне кіреді, бөлек ақы жоқ. Айлық лимитке тек төленген шоттар есептеледі. Kaspi өз комиссиясын бөлек ұстайды. Salebot тарифі өз алдына.

Клиенттің нөмірі «+7 701 …» деп сақталған, жарай ма?

Иә. +7 701 123 45 67, 87011234567 және 77011234567 — бәрін Qut Pay өзі 11 цифрға келтіреді.

Telegram ботында не істеймін?

kind-ті алып тастасаңыз, жауапта payUrl келеді. Бұл QR мен «Kaspi-де төлеу» батырмасы бар бет. Сақталатын мәндерге payUrl->qp_pay_url қосып, сілтемені клиентке жібересіз.

Кілтті ботқа қою қауіпсіз бе?

Кілт Salebot серверінде сақталады, клиентке көрінбейді. Бірақ оны чатқа, скриншотқа не ашық құжатқа салмаңыз. Кілт тараса, кабинеттен өшіріп, жаңасын жасаңыз.

Байланысты мақалалар

Счёт жасау: барлық өрістерPOST /api/v1/invoices эндпоинтінің толық анықтамасы — әр өрістің типі мен шектеуі, жауаптағы барлық өріс, curl мен Node мысалдары, qr мен phone айырмашылығы және жиі кездесетін қателер.QR счёт пен телефонға счёт — қайсысын таңдау керекЕкі счёт түрінің толық салыстыруы: kind мәні, клиент не істейді, нөмір керек пе, сипаттама мен сома шектеулері, мерзімі және қай сценарийге қайсысы келеді.Клиентте Kaspi қосымшасы жоқ — қалай төлетуге боладыТелефонға счёт (kind phone) клиенттің Kaspi қосымшасына келеді, қосымша болмаса ол жетпейді. Орнына QR немесе төлем сілтемесін беру керек. Алдын ала қалай тексеруге болады.Идемпоттылық: қайталаудан қорғануIdempotency-Key тақырыбы қалай жұмыс істейді, кілтті қалай құру керек, externalOrderId-дің рөлі неде, webhook өңдеуде және қайтаруда қайталанудан қалай сақтану керек.API кілттер — жасау, сақтау, ауыстыруqp_live_ және qp_test_ кілттерінің айырмашылығы, кілтті кабинетте жасау, қайда сақтау керек және қайда мүлдем сақтамау керек, әр интеграцияға бөлек кілт, үзіліссіз ауыстыру реті және жою салдары.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.