Qut PayСайтКабинетБілім базасыAPI (OpenAPI)AI-нұсқаулықРУСҚАЗEN

Salebot + Qut Pay: Kaspi шоты боттан

Salebot-та бот жинап, WhatsApp, Telegram не Instagram арқылы сатасыз ба? Бот тапсырысты қабылдаған соң клиентке Kaspi шотын өзі жібере алады. Шот клиенттің Kaspi.kz қосымшасына түседі. Клиент төлеген соң бот мұны тексеріп, «Төленді» деп жазады. Бұл бір ғана HTTP сұраныспен жасалады, бағдарламашы керек емес.

Qut Pay мен Salebot — екі бөлек сервис, серіктес емеспіз. Бот Qut Pay API-ына Salebot-тың стандартты «API-запрос» блогы арқылы жүгінеді.

Не керек

ҚайдаНе
Qut PayКабинет qut.kz/app, қосылған Kaspi Pay кассирі және API кілті (Кабинет → Интеграциялар → API кілттері)
SalebotAPI функциялары ашық тариф: Salebot-та олар тек «Бизнес» және «Инфобиз» тарифтерінде жұмыс істейді
БоттаКлиенттің телефоны мен сома сақталған айнымалылар, мысалы phone және amount

Алдымен тест кілтімен (qp_test_…) сынаңыз: шот жасалады, бірақ ешкімнен ақша алынбайды.

1. Шот жасау блогы

Ботта тапсырыс расталатын блокты ашып, API-запрос бөлімін қосыңыз:

{"X-API-Key": "qp_live_…", "Content-Type": "application/json"}
{
  "kind": "phone",
  "amount": #{amount},
  "description": "Тапсырыс #{order_id}",
  "externalOrderId": "#{order_id}",
  "idempotencyKey": "salebot-#{order_id}",
  "customer": { "phone": "#{phone}" }
}
id->qp_invoice_id; status->qp_status; payUrl->qp_pay_url; error->qp_error

#{...} — Salebot айнымалылары, өз ботыңыздағы атауларды қойыңыз.

ӨрісНе үшін
kind: "phone"Шот клиенттің Kaspi.kz қосымшасына тікелей түседі, сілтеме жіберу керек емес. Сома тек бүтін теңге болуы керек
amountСома теңгемен: 12000
customer.phoneКлиенттің Kaspi-ге тіркелген нөмірі. +7 701 123 45 67, 87011234567, 77011234567 — бәрі қабылданады
idempotencyKeyКлиент батырманы екі рет басса не бот сұранысты қайталаса, екінші шот жасалмайды, бұрынғысы қайтады. Әр тапсырысқа бөлек болуы керек
descriptionКлиент Kaspi-де көретін түсініктеме

Сұраныс сәтті болса, qp_status = pending, ал qp_invoice_id = inv_…. Ботқа: «Kaspi қосымшаңызға шот жіберілді, 12 000 ₸. Төлеген соң «Төледім» деп жазыңыз» деп жаздырыңыз.

qp_error толып келсе, шот жасалмаған. Мысалы, invalid_phone — нөмір қате, kaspi_customer_not_found — бұл нөмір Kaspi-де жоқ. Екеуінде де клиенттен Kaspi-ге тіркелген нөмірін қайта сұраңыз.

2. Төлемді тексеру блогы

Клиент «Төледім» деп жазғанда не «Тексеру» батырмасын басқанда шот күйін сұраңыз:

Сосын шарт блогымен qp_status мәнін тексеріңіз:

qp_statusМағынасыБот не жазады
paidТөленді«✅ Төлем түсті, рақмет!» — сосын тапсырысты әрі қарай жүргізеді
pendingӘлі төленбеді«Шот Kaspi қосымшаңызда тұр, төлеген соң қайта жазыңыз»
failedKaspi шотты қабылдамады: бұл нөмір Kaspi-де жоқ не клиент бас тартты«Бұл нөмірге шот бармады. Kaspi-ге тіркелген нөміріңізді жазыңыз» → 1-блокқа қайта, жаңа нөмірмен
expiredШоттың мерзімі өтті1-блокқа қайта, жаңа шот
cancelledСіз шотты кабинеттен болдырмадыңызМенеджерге беру

Жаңа нөмірмен қайта жібергенде idempotencyKey-ді өзгертіңіз, мысалы salebot-#{order_id}-2. Әйтпесе бұрынғы шот қайта қайтады.

3. Төлем туралы сізге хабар

Клиент «Төледім» деп жазбаса да, сіз біле аласыз:

Telegram мен Instagram боттары үшін

WhatsApp-та kind: "phone" қолданыңыз: шот сілтемесіз, Kaspi қосымшасына барады. Ал Telegram-да не VK-да клиентке сілтеме жіберу ыңғайлы болса, kind-ті алып тастаңыз. Сонда qp_pay_url келеді (https://qut.kz/pay/inv_…). Ол бетте QR мен «Kaspi-де төлеу» батырмасы бар. Ботқа осы сілтемені жаздырыңыз. QR шамамен 3 минут жарамды, бет мерзімі өткенде жаңасын өзі ұсынады.

Тексеру

  1. Кабинетте тест кілтін (qp_test_…) жасап, 1-блоктың тақырыбына қойыңыз.
  2. Ботқа өзіңіз тапсырыс беріңіз. Кабинетте тест шоты пайда болады.
  3. Кабинетте сол шотты ашып, «[Sandbox] төленді» батырмасын басыңыз. 77000000404 нөмірі «Kaspi-де жоқ клиент» жағдайын сынауға арналған.
  4. Ботқа «Төледім» деп жазыңыз. Бот «✅ Төлем түсті» деп жауап беруі керек.
  5. Бәрі дұрыс болса, кілтті qp_live_…-ке ауыстырыңыз.

Жиі кездесетін қателер

ЖауапСебебіНе істеу
401 unauthorizedКілт қате не тақырыпта жоқX-API-Key дұрыс жазылғанын, кілт өшірілмегенін тексеріңіз
403 insufficient_scopeКілттің құқығы жоқКілтте invoices:write және invoices:read болуы керек
422 invalid_phoneНөмір 11 цифр емесКлиенттен нөмірді қайта сұраңыз
422 kaspi_customer_not_foundБұл нөмір Kaspi-де жоқСол нөмірмен қайталамаңыз, Kaspi нөмірін сұраңыз
422 amount_must_be_whole_tengekind: "phone" кезінде тиын барСоманы бүтін теңгеге дөңгелектеңіз
429 tariff_limit_reachedТарифтің айлық лимиті біттіКабинет → Тариф
503 kaspi_session_expiredKaspi кассирінің байланысы үзілгенКабинетте кассирді қайта қосыңыз
qp_status = failedКлиент бас тартты не Kaspi шотты қабылдамадыКлиентпен сөйлесіңіз; керек болса жаңа idempotencyKey-мен қайта жіберіңіз

Құны

Qut Pay тарифіне кіреді, бөлек ақы жоқ. Тарифтің айлық лимитіне тек төленген шоттар есептеледі. Kaspi өз комиссиясын бөлек ұстайды. Salebot тарифі өз алдына. Толығырақ: тарифтер.

Көмек

Бапталмай жатса, блоктың скриншотын (кілтті жасырып) WhatsApp-қа +7 778 881 3333 не Telegram @qutpaybot-қа жіберіңіз. API-дың толық сипаттамасы: сайтқа интеграция, ЖИ-агенттерге: api.qut.kz/llms.txt.


Көмек керек пе? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com · 09:00–21:00 (Алматы)
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.