Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Анықтамалық

Node.js SDK

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Node.js SDK — бір файлдан тұратын, сыртқы тәуелділігі жоқ ESM модулі. Node.js 18-ден жоғары нұсқада жұмыс істейді (ішінде кіріктірілген fetch пен node:crypto қолданылады). Екі нәрсені береді: QutPay клиенті және verifyWebhook функциясы.

Архив: https://api.qut.kz/downloads/qutpay-sdk-node.zip

SDK міндетті емес — бәрін кәдімгі fetch арқылы да жасауға болады. Бірақ қолтаңба тексеруді өз қолыңызбен жазбай, дайынын алғаныңыз дұрыс.

Орнату

Архивті жүктеп алып, жобаңыздағы бір қалтаға (мысалы vendor/qutpay-sdk) ашыңыз да, package.json ішіне жергілікті тәуелділік ретінде қосыңыз:

npm install ./vendor/qutpay-sdk

Немесе index.js файлын жобаңызға тікелей көшіріп, жолы бойынша импорттаңыз. Пакет атауы — @qutpay/sdk, түрі — ESM ("type": "module"), сондықтан CommonJS жобасында await import('@qutpay/sdk') арқылы алыңыз.

Инициализация

import { QutPay, verifyWebhook } from '@qutpay/sdk';

const qp = new QutPay({
  apiKey: process.env.QUTPAY_API_KEY,   // qp_live_… немесе qp_test_…
  baseUrl: 'https://api.qut.kz',        // әдепкі мән, өзгертудің қажеті жоқ
  timeoutMs: 20000,                     // әдепкі 20 секунд
});

apiKey берілмесе конструктор бірден қате лақтырады. Кілт тек серверде тұруы керек — браузерге, мобильді қосымшаға немесе жария репозиторийге салмаңыз.

Счёт жасау

const inv = await qp.createInvoice({
  amount: 12500,
  kind: 'qr',                          // 'qr' (әдепкі) немесе 'phone'
  description: 'Тапсырыс №4471',
  externalOrderId: '4471',
  customer: { name: 'Айгүл', phone: '77011234567', email: 'a@b.kz' },
  successUrl: 'https://site.kz/ok',
  failUrl: 'https://site.kz/fail',
  metadata: { branch: 'almaty-abay' },
  idempotencyKey: 'order-4471',        // Idempotency-Key тақырыбына кетеді
});

console.log(inv.id, inv.status, inv.payUrl, inv.expiresAt);

Жауапта id, status, payUrl, qrUrl, deepLink, qrImageUrl, expiresAt болады. Клиентті inv.payUrl адресіне бағыттасаңыз жеткілікті.

kind: 'phone' таңдасаңыз customer.phone міндетті, сома бүтін теңге болуы керек.

Қалған әдістер

ӘдісНе істейді
qp.getInvoice(id)Счётты оқиды. qp.getInvoice(id, { live: true }) — күйді Kaspi-ден сұрап, жаңартады
qp.listInvoices({ status, externalOrderId, from, to, limit, offset })Счёттар тізімі
qp.cancelInvoice(id)Ашық счётты болдырмайды
qp.refundInvoice(id, amount, reason)Қайтару. amount берілмесе — толық қайтару
qp.simulateInvoice(id, 'paid')Тек sandbox: төлемді имитациялау
qp.account()Ағымдағы ұйым туралы қысқа ақпарат — кілттің жарамдылығын тексеруге ыңғайлы
const fresh = await qp.getInvoice(inv.id, { live: true });
if (fresh.status === 'paid') await markOrderPaid('4471');

await qp.refundInvoice(inv.id, 5000, 'Тауардың бір бөлігі қайтарылды');

SDK-да жазылым, bulk және форма-хук әдістері жоқ. Оларды тікелей HTTP арқылы шақырыңыз:

const resp = await fetch('https://api.qut.kz/api/v1/invoices/bulk', {
  method: 'POST',
  headers: { 'X-API-Key': process.env.QUTPAY_API_KEY, 'Content-Type': 'application/json' },
  body: JSON.stringify({ invoices: [{ amount: 1000, externalOrderId: 'a-1' }] }),
});
const result = await resp.json(); // HTTP 207, әр элемент бойынша нәтиже

Webhook қолтаңбасын тексеру

verifyWebhook({ secret, rawBody, headers, toleranceSec = 300 }) // → true / false

rawBodyденесі өзгертілмеген байттар немесе жол. JSON-ға айналдырылған объект жарамайды: қолтаңба дәл сол байттар бойынша есептеледі. Функция X-Webhook-Signature пен X-Webhook-Timestamp тақырыптарын өзі оқиды, sha256= префиксін тексереді, 5 минуттан ескі жеткізілімді қабылдамайды және салыстыруды уақыт бойынша тұрақты әдіспен жасайды.

Толық Express мысалы

import express from 'express';
import { QutPay, verifyWebhook } from '@qutpay/sdk';

const app = express();
const qp = new QutPay({ apiKey: process.env.QUTPAY_API_KEY });

// 1) Webhook — express.json() ҚОСЫЛҒАНҒА ДЕЙІН тұруы керек
app.post('/qutpay-webhook', express.raw({ type: '*/*' }), async (req, res) => {
  const ok = verifyWebhook({
    secret: process.env.QUTPAY_WEBHOOK_SECRET,
    rawBody: req.body,          // Buffer
    headers: req.headers,
  });
  if (!ok) return res.sendStatus(401);

  const { event, invoice } = JSON.parse(req.body.toString('utf8'));

  // Идемпотенттілік: бір оқиға екі рет келуі мүмкін
  const seen = await alreadyHandled(invoice.id, invoice.status);
  if (!seen) {
    if (event === 'invoice.paid') await markOrderPaid(invoice.externalOrderId, invoice);
    if (event === 'invoice.refunded') await markOrderRefunded(invoice.externalOrderId);
    await rememberHandled(invoice.id, invoice.status);
  }

  res.sendStatus(200); // 2xx бермесеңіз 11 рет қайталанады
});

// 2) Қалған маршруттар үшін JSON
app.use(express.json());

app.post('/buy', async (req, res) => {
  const order = await createOrder(req.body);
  try {
    const inv = await qp.createInvoice({
      amount: order.total,
      description: `Тапсырыс №${order.id}`,
      externalOrderId: String(order.id),
      successUrl: `https://site.kz/orders/${order.id}`,
      idempotencyKey: `order-${order.id}`,
    });
    await saveInvoiceId(order.id, inv.id);
    res.redirect(303, inv.payUrl);
  } catch (err) {
    console.error('qutpay', err.status, err.code, err.message);
    res.status(502).render('pay-error');
  }
});

app.listen(3000);

Ең жиі кездесетін қате — express.json() webhook маршрутынан бұрын тұруы. Сонда req.body объектіге айналып кетеді де, қолтаңба ешқашан сәйкес келмейді.

Қате өңдеу

SDK әр сәтсіз жауапты Error түрінде лақтырады, оған екі қосымша өріс қояды:

ӨрісМәні
err.statusHTTP күйі. Желі қатесі мен таймаутта 0
err.codeМашиналық код: invalid_amount, invoice_not_found, request_rate_limited… Таймаутта timeout, желі үзілсе network_error
err.messageАдамға арналған мәтін
try {
  await qp.createInvoice({ amount, externalOrderId });
} catch (err) {
  switch (err.code) {
    case 'kaspi_session_expired':
      notifyAdmin('Кассир байланысы үзілді');
      break;
    case 'tariff_limit_reached':
    case 'tariff_daily_burst':
      notifyAdmin('Лимит');
      break;                      // қайталамаңыз
    case 'request_rate_limited':
    case 'timeout':
    case 'network_error':
      await retryLater();         // 1, 2, 4, 8 секунд бэкоффпен
      break;
    default:
      throw err;
  }
}

Логикаңызды әрқашан err.code мәніне қарап жазыңыз: message мәтіні өзгеруі мүмкін, код өзгермейді. Барлық кодтар: Қателер каталогы.

Жиі қойылатын сұрақтар

npm-нен орнатуға бола ма? Жоқ, пакет жария тізілімде емес. Архивті жүктеп алып, жергілікті тәуелділік ретінде қосыңыз.

CommonJS жобасында жұмыс істей ме? Иә: const { QutPay } = await import('@qutpay/sdk');.

TypeScript-та қолдануға бола ма? Иә. Модульде JSDoc аннотациялары бар, бірақ бөлек .d.ts файлы жоқ — өз типтеріңізді жазуыңызға тура келеді.

Fastify немесе Koa-да raw body қалай аламын? Fastify-да addContentTypeParser('*', { parseAs: 'buffer' }, …), Koa-да koa-bodyparser орнына raw-body. Негізгі шарт — денені өзгертілмеген күйінде алу.

Сынауды қалай бастаған дұрыс? Sandbox кілтімен счёт жасап, qp.simulateInvoice(id, 'paid') шақырыңыз — webhook шынайы жіберіледі: Sandbox-та төлемді симуляциялау.

Байланысты мақалалар

Счёт жасау: барлық өрістерPOST /api/v1/invoices эндпоинтінің толық анықтамасы — әр өрістің типі мен шектеуі, жауаптағы барлық өріс, curl мен Node мысалдары, qr мен phone айырмашылығы және жиі кездесетін қателер.Webhook қауіпсіздігі және қолтаңбаны тексеруҚолтаңба қалай құралады, неге raw body міндетті, timestamp-ты қалай тексеру керек, Express, Laravel, Django және таза Node үшін код мысалдары, идемпотентті өңдеу және жиі кездесетін қателер.Қайтару API — толық және ішінара қайтаруPOST /invoices/{id}/refund әдісінің толық анықтамасы: сұрау өрістері, толық және ішінара қайтару, сома шектеуі, барлық қате коды, refund_unknown келгенде не істеу керек және қандай оқиғалар жіберіледі.Қателер каталогы — API не қайтарады және не істеу керекQut Pay API-інің барлық негізгі қате кодтары топтап берілген: авторизация, Kaspi байланысы, счёт, қайтару, тариф лимиті, webhook, жазылым. Әрқайсысының себебі және шешімі.Sandbox-та төлемді симуляциялауsimulate эндпоинті арқылы sandbox счётының күйін өзгерту: paid, failed, expired. Kaspi шақырылмайды, webhook нағыз төлемдегідей келеді. Сынау циклі және автоматты тест жазу.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.