Qut PayСайтКабинетБілім базасыAPI (OpenAPI)AI-нұсқаулық

Қалай қосу керек

Бұл бет — ең басы. Қосылу 15 минут алады, әзірлеуші керек емес. Кодпен интеграция Сайтқа интеграция бетінде.

Алдымен: ақша қайда түседі

Ақша ешқашан Qut Pay-де болмайды. Клиент тіке сіздің Kaspi Pay шотыңызға төлейді, біз тек счёт жасап, төленгенін бақылап, сізге хабарлаймыз.

Төлем қалай жүреді

Бес қадам

Qut Pay-ді жобаға қосудың бес қадамы

1-қадам. Kaspi Pay-де бөлек нөмірмен кассир ашыңыз

Өз телефоныңыздағы Kaspi Pay қосымшасын ашасыз (веб-кабинет емес):

НастройкиСотрудникиДобавить сотрудника

Kaspi Pay: Настройки мәзірі, Сотрудники тармағы

Жаңа нөмірді жазып, рөлін таңдайсыз. Нөмір міндетті түрде басқа болуы керек — өзіңіз күнде қолданатын нөмір емес. Себебі төменде жазылған.

Рөл тек «Кассир» болуы керек

Kaspi бес рөл ұсынады. Бізге тек біреуі жарайды:

Қызметкер рөлін таңдау: тек «Кассир» жарайды

РөлKaspi не істей алады дейдіБізге жарай ма
УправляющийАударым жасайды, қызметкер қосадыЖоқ
БухгалтерСчёттарды, аналитиканы көреді, салық төлейдіЖоқ
КассирKaspi QR арқылы және қашықтан төлем қабылдайды, қайтару рәсімдейдіИә
Менеджер МагазинаKaspi-де әлі қосылмағанЖоқ
Менеджер МаркетингаKaspi-де әлі қосылмағанЖоқ

Басқа рөл таңдасаңыз, SMS коды дұрыс болса да байланыс жұмыс істемейді: тек «Кассир» рөлінде QR арқылы төлем қабылдау құқығы бар.

2-қадам. Сол нөмірмен бір рет кіріп, шығыңыз

Kaspi Pay қосымшасына жаңа нөмірмен кіресіз. Аккаунт белсенді болады (Kaspi оны «активация» деп атайды). Сосын сол қосымшадан шығып кетесіз — орын бос қалады, біз соны аламыз.

Бұл қадамды өткізіп жіберсеңіз, 4-қадамда SMS коды дұрыс болса да байланыс орнатылмайды.

Кассир нөмірі тұрған телефонда Kaspi Pay қосымшасы тұрақты керек емес — активациядан кейін ол нөмірге тек SMS келіп тұрса жеткілікті.

Байланыстырғаннан кейін бұл нөмірмен Kaspi Pay-ге қайта кірмеңіз. Kaspi жаңа құрылғыны көріп, біздің сессияны үзеді, байланысты қайта жасауға тура келеді.

3-қадам. qut.kz сайтында тіркеліңіз

qut.kz → өз нөміріңізбен тіркелесіз. Бір минут, құжат сұралмайды. Бұл жерде өз нөміріңіз — кассир нөмірі емес.

4-қадам. Кассирді жалғаңыз

Кабинетте Kaspi кассирлері бөліміне барасыз:

  1. Атауын жазасыз (мысалы «Негізгі касса» немесе «Дүкен №2»)
  2. Кассир қосу батырмасын басасыз
  3. Бірінші қадамда ашқан нөмірді енгізесіз
  4. Сол нөмірге келген SMS кодын жазасыз

Болды. Пароль сұралмайды, біз оны ешқашан сұрамаймыз.

5-қадам. API кілт пен webhook алыңыз

Интеграциялар бөлімінде:

Енді қосымшаңыз төлем қабылдай береді.

Неге бөлек нөмір керек

Kaspi бір кассирге бір ғана белсенді құрылғыға рұқсат береді. Жаңа құрылғы кірсе, ескісі шығып қалады.

Егер өз нөміріңізді берсеңіз, біз байланысқан сәтте өз телефоныңыздағы Kaspi Pay қосымшасы шығып қалады. Күнде қолданатын болсаңыз, бұл қолайсыз.

Бөлек қызметкер нөмірі бұл мәселені толық шешеді: сіздің телефоныңыз тиылмайды, Kaspi Pay-ді бұрынғыдай пайдала бересіз, ал біз тек сол қызметкер орнын ұстаймыз.

Кассир нөміріне қойылатын үш шарт

Байланыс сәтті болуы үшін нөмір үш шартқа бірдей сай болуы керек.

1. Нақты SIM-карта, SMS қабылдайтын. Виртуалды нөмірлер, IP-телефония жарамайды — Kaspi растау кодын SMS-пен жібереді. Байланыстыру сәтінде сол SIM салынған телефон қолыңызда болуы керек.

2. Нөмір иесінің ЖСН-іне Kaspi Pay-де ЖК немесе ЖШС тіркелмеген болуы керек. Егер нөмір иесі кәсіпкер болса, Kaspi кіру кезінде SMS-тің орнына пароль мен видеоверификация сұрайды. Біз кассирді тек SMS арқылы байланыстырамыз, сондықтан ондай нөмір жарамайды. Нөмір иесі кәмелетке толған болуы керек — бұл Kaspi талабы.

3. Нөмірде тек «Кассир» рөлі болуы керек. Басқарушы, бухгалтер, басшы сияқты қосымша рөлдер болса, нөмір өтпейді. Сіздің ұйымыңызда жалғыз ғана «Кассир» рөлі болсын.

Болашаққа бір ереже: SIM белсенді болып тұруы керек. Оператор ұзақ қолданылмағаны үшін өшірсе, байланыс жұмысын тоқтатады. Нөмірде шағын баланс ұстаңыз немесе абоненттік төлемсіз тариф қосыңыз.

Қалай тексеруге болады

Ең сенімді белгі — байланыстыру кезінде Kaspi не сұрайтыны:

Kaspi не сұрайдыМағынасы
Тек SMS кодыНөмір жарайды, байланыс бір минутта бітеді
Пароль немесе видеоверификацияНөмір кассир рөліне жарамайды, басқасын алыңыз

Нөмірді қосымшаға кіріп тексермеңіз. Байланысқаннан кейін кассир нөмірімен Kaspi Pay-ге кірсеңіз, байланыс үзіледі.

Кімнің нөмірін алуға болады

Kaspi Pay-де ЖК/ЖШС-і жоқ кез келген адамның нөмірі жарайды: жұбайыңыз, ата-анаңыз, серіктесіңіз. Көбі жаңа SIM сатып алады — 500 теңгеден басталады, мәселені біржола шешеді.

Нөмір иесіне алдын ала екі нәрсені айтып қойған жөн:

Үш түрлі нөмірді шатастырмаңыз

НөмірНе үшінЖиі кездесетін қате
Жеке нөміріңізqut.kz кабинетіне кіру, хабарламаларКабинетке кассир нөмірімен кіруге тырысады
Кассир нөміріKaspi Pay-де «Кассир» рөлімен қосылған бөлек SIMНегізгі, ЖК тіркелген нөмірін кассир қылады
Клиент нөміріСчёт жіберетін сатып алушының нөміріKaspi қосымшасы жоқ нөмірге счёт жібереді

Бір жолмен: жеке нөмір — кабинетке, кассир нөмірі — Kaspi-ге, клиент нөмірі — счётқа.

Мобильді қосымшаға қалай қосамыз

Ең жиі қойылатын сұрақ. Жауабы: қосымша бізге тікелей жүгінбейді, сіздің серверіңіз арқылы жүреді.

Қосымша → Сіздің серверіңіз → Qut Pay → Kaspi

Себебі: API кілт тек серверде тұруы керек. Кілтті қосымшаның ішіне (APK немесе IPA файлына) салсаңыз, оны шығарып алып, сіздің атыңыздан счёт жасай алады.

Реті:

  1. Қолданушы қосымшада «Төлеу» дейді
  2. Қосымша өз серверіңізге сұрау жібереді
  3. Сервер бізге POST /api/v1/invoices жібереді (сома, тапсырыс нөмірі)
  4. Біз payUrl және QR қайтарамыз
  5. Қосымша payUrl-ді ашады — телефондағы Kaspi қосымшасы бірден ашылады
  6. Клиент төлейді, ақша сіздің шотыңызға түседі
  7. Біз серверіңізге invoice.paid webhook жібереміз
  8. Сервер қосымшаға «төленді» дейді

Дайын SDK бар: Node.js, PHP, Python. Толығы Сайтқа интеграция бетінде.

App Store және Play Market ережесі

Егер қосымшаңыз цифрлық тауар сатса (жазылым, премиум, ойын ішіндегі монета), Apple мен Google өз төлем жүйесін талап етеді — сыртқы төлемге рұқсат бермейді.

Ал нақты тауар, жеткізу, қызмет ақысы, брондау болса, сыртқы төлем қалыпты жағдай. Kaspi QR осы санатқа кіреді.

Қосымшаңыз қай санатқа жататынын алдын ала біліп алыңыз.

Алдымен sandbox-та тексеріңіз

Кабинетте екі режим бар:

РежимКілтНе болады
Sandboxqp_test_…Нақты ақша жүрмейді, Kaspi шақырылмайды, бәрін қалағаныңызша сынайсыз
Liveqp_live_…Нақты Kaspi QR, нақты ақша

Sandbox-та счёт жасау, webhook алу, қайтару — бәрі live-пен бірдей істейді. Интеграцияңыз дұрыс жұмыс істегенде ғана live-қа ауысыңыз.

Sandbox үшін Kaspi кассирі де керек емес — 3-қадамнан кейін бірден тексере бересіз.

Сынақ мерзімі

7 күн тегін, күніне 50 счётқа дейін. Сынақ бірінші нақты счёттан басталады, тіркелген күннен емес. Яғни бір апта дайындалып, сосын сынақты бастауға болады.

Тарифтер мен лимиттер: Тарифтер.

Не керек болады

Сервер жағы жоқ болса: WordPress, OpenCart, Telegram-бот, Tilda формасы және төлем сілтемелері кодсыз істейді.

SMS коды: алдын ала білетін уақыттар

Байланыстыруды кассир телефоны қолыңызда тұрғанда бастаңыз. Уақыт тығыз:

Жиі кездесетін қателер

Kaspi пароль немесе видеоверификация сұрайды. Ең жиі кездесетіні. Нөмірде «Кассир» рөлінен басқа рөл бар, немесе нөмір иесінің ЖСН-іне ЖК/ЖШС тіркелген. Шешім біреу: басқа нөмір алу. Жоғарыдағы үш шартты қараңыз.

«Бұл нөмір Kaspi Pay-де жоқ» дейді немесе ЖСН сұрайды. Нөмір «Сотрудники» бөліміне мүлдем қосылмаған. 1-қадамды орындап, байланыстыруды қайта бастаңыз.

SMS келмейді. SIM өшік, код өтіп кеткен, немесе Kaspi код беруді шектеген. Телефонды қосып, бір минут күтіп, қайта бастаңыз.

SMS орнына Kaspi «жүктеп алу сілтемесін» жіберді. Бұл қалыпты жағдай, ештеңе жүктеудің қажеті жоқ. Ол хабар қызметкердің қосылғанын білдіреді.

Рөлі дұрыс емес. Қызметкер «Управляющий» немесе «Бухгалтер» болып тұрса, төлем қабылдау құқығы жоқ. Kaspi Pay қосымшасынан рөлін «Кассир» етіп ауыстырыңыз.

«Басқа құрылғыдан кірген» деген қате. Кассир нөмірі басқа телефонда Kaspi Pay қосымшасында ашық тұр. Сол телефоннан шығыңыз, қайта байланыстырыңыз.

Байланыс үзіліп қалды. Кассир нөмірімен біреу Kaspi Pay-ге кірсе, біздің сессия шығып қалады. Кабинетте қайта байланыстырасыз, Telegram-ға ескерту келеді.

Бәрі дұрыс, бірақ байланыс орнамайды. Қолдауға жазыңыз: кассир нөмірін, Kaspi экранының скриншотын және әрекет уақытын жіберіңіз.

Webhook жетпей жатыр. Адресіңіз паролмен жабық емес пе, тексеріңіз. Біз кірмейміз, сондықтан ашық болуы керек. Сынау үшін webhook.site адресін қоюға болады.

Бұл сервис не емес

Qut Pay — сіздің өз Kaspi Pay аккаунтыңыздың үстінде жұмыс істейтін тәуелсіз сервис. Біз «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбегенбіз және Kaspi атынан ешқандай уәде бермейміз. Kaspi мен Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.

Бізде «Кассир» рөлінің құқығы ғана бар: счёт шығару, күйін көру, өз счёттары бойынша қайтару жасау. Ақшаға қолымыз жетпейді — төлем тіке сіздің Kaspi шотыңызға түседі. Байланысты кабинеттен кез келген уақытта үзе аласыз.

Көмек керек болса

Осы беттегі қадамдар бойынша сұрағыңыз болса, кабинеттегі Қолдау бөлімінен жазыңыз немесе төмендегі байланыстарға хабарласыңыз. Экранды бөлісіп, бірге орнатып береміз.


Көмек керек пе? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com · 09:00–21:00 (Алматы)
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.