Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Анықтамалық

Қателер каталогы — API не қайтарады және не істеу керек

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Әр қате { "error": "код", "message": "түсіндірме" } түрінде келеді. HTTP күйі қатенің түрін көрсетеді: 4xx — сұрауда бірдеңе дұрыс емес, түзетіп қайталау керек; 429 — лимит, күте тұру керек; 5xx — біздің немесе Kaspi жағындағы уақытша ақау, қайталауға болады.

Интеграцияңызды message мәтініне емес, әрқашан error кодына қарап жазыңыз: мәтін өзгеруі мүмкін, код өзгермейді.

Авторизация және кілт

КодHTTPНе болдыНе істеу керек
unauthorized401Кілт жіберілмеген немесе жарамсызX-API-Key тақырыбын тексеріңіз
invalid_api_key422Кілттің пішімі дұрыс емесКілт qp_live_… немесе qp_test_… болуы керек
insufficient_scope403Кілтте бұл әрекетке құқық жоқКабинетте кілтке керекті scope қосыңыз
forbidden403Бұл ресурс сіздің ұйымыңызға тиесілі емесКілт пен счёт бір ұйымға тиесілі ме, тексеріңіз
account_blocked403Аккаунт бөгелгенҚолдауға жазыңыз
organization_inactive410Ұйым архивте немесе өшірілгенҚолдауға жазыңыз
not_sandbox403Бұл әрекет тек sandbox-та істейдіМысалы төлемді симуляциялау live режимде жұмыс істемейді

forbidden пен invoice_not_found кілт байланған кассирге де қатысты: байланған кілт басқа кассирдің счёттарын көрмейді. Толығы: API кілтті кассирге байлау.

Kaspi байланысы

КодHTTPНе болдыНе істеу керек
kaspi_session_expired409Кассир байланысы үзілгенҚайта байланыстырыңыз: Байланыс үзілді
kaspi_session_not_configured409Кассир әлі қосылмағанКабинет → Kaspi → Кассир қосу
connection_not_active400Байланыс бар, бірақ белсенді емесСол кассирді қайта байланыстырыңыз
connection_not_found404Көрсетілген connection_id табылмадыИдентификаторды тексеріңіз
no_provider409Ұйымда бірде-бір жұмыс істейтін кассир жоқКассир қосыңыз немесе sandbox-қа ауысыңыз
connection_has_keys409Бұл кассирге API кілт байланған, жою мүмкін емесАлдымен кілтті басқа кассирге ауыстырыңыз
cashier_number_rejected502Kaspi код экранын көрсетпедіНөмір жарамайды: Үш шарт

Счёт жасау

КодHTTPНе болдыНе істеу керек
invalid_amount422Сома жоқ немесе сан емесОң сан жіберіңіз
amount_too_small422Сома ең төменгі шектен азСомасын көбейтіңіз
amount_too_large422Сома ең жоғарғы шектен көпСомасын азайтыңыз немесе бөліп жіберіңіз
amount_must_be_whole_tenge422Тиын жіберілгенБүтін теңге жіберіңіз, Kaspi тиынды қабылдамайды
invalid_phone422Телефон пішімі дұрыс емес7XXXXXXXXXX түрінде, 11 сан
invalid_kind422Белгісіз счёт түріqr немесе phone
invoice_create_failed502Kaspi счётты қабылдамадыҚайталаңыз; қайталана берсе қолдауға жазыңыз
invoice_not_found404Счёт жоқ немесе сізге көрінбейдіИдентификаторды және кілттің кассирін тексеріңіз

Счёттың күйі, болдырмау, қайтару

КодHTTPНе болдыНе істеу керек
invoice_not_open409Счёт ашық емес: төленген, өтіп кеткен немесе болдырылғанКүйін GET /invoices/{id} арқылы қараңыз
invoice_changed409Сіз жұмыс істеп жатқанда счёттың күйі өзгергенКүйін қайта оқып, шешім қабылдаңыз
invoice_not_refundable409Бұл счётты қайтаруға болмайдыТөленген бе, мерзімі өтпеген бе, тексеріңіз
invalid_refund_amount422Қайтару сомасы дұрыс емесТөленген сомадан аспауы керек
refund_failed502Kaspi қайтаруды орындамадыKaspi шотында ақша жеткілікті ме, тексеріңіз
refund_unknown502Kaspi жауап бермеді, нәтижесі белгісізҚайталамаңыз, счёт күйін оқып тексеріңіз
refund_pending_unknown409Алдыңғы қайтарудың нәтижесі әлі белгісізКүте тұрыңыз, екінші рет жібермеңіз
refund_state_conflict409Қайтару күйі күткеннен басқаСчёт күйін қайта оқыңыз
cancel_failed502Kaspi счётты болдырмадыҚайталаңыз немесе счёттың өзі өтуін күтіңіз

Қайтару кезінде refund_unknown немесе refund_pending_unknown келсе, қайталап жібермеңіз — екі рет қайтарып жіберуіңіз мүмкін. Счёттың күйін оқып, нәтижесін содан біліңіз.

Тариф және лимиттер

КодHTTPНе болдыНе істеу керек
tariff_limit_reached429Айлық счёт лимиті біттіТарифті көтеріңіз немесе жаңа айды күтіңіз
tariff_daily_burst429Бір тәулікте тым көп счётБұл бизнес лимиті емес, циклге түскен интеграциядан қорғаныс. Кодыңызды тексеріңіз
tariff_inactive403Тариф белсенді емес немесе сынақ біттіКабинет → Тариф
rate_limited429Сұрау жиілігі шектен астыRetry-After тақырыбын қараңыз, күтіп қайталаңыз
request_rate_limited429Жалпы сұрау жиілігі шектен астыСұрауларды сирекетіңіз
too_many_attempts429Бір әрекетті тым жиі қайталадыңызБір минут күтіңіз

tariff_daily_burst пен tariff_limit_reached екеуі екі басқа нәрсе. Біріншісі — тәуліктік қорғаныс, әдетте кодтағы цикл. Екіншісі — сіздің тарифіңіздің айлық лимиті. Толығы: Тарифтер және лимиттер.

Webhook

КодHTTPНе болдыНе істеу керек
invalid_url422Адрес дұрыс емесТолық адрес жазыңыз
webhook_url_requires_https422HTTP адрес қабылданбайдыHTTPS қолданыңыз
webhook_url_requires_domain422IP немесе домені жоқ адресНақты домен жазыңыз
webhook_url_tunnel_forbidden422Уақытша туннель адресіТұрақты домен қолданыңыз
invalid_events422Оқиға тізімі дұрыс емесҚолдау көрсетілетін оқиға атауларын қараңыз
too_many_endpoints422Webhook саны шектен астыҚажетсізін жойыңыз
endpoint_not_found404Webhook табылмадыИдентификаторды тексеріңіз
hook_paused410Форма-хук тоқтатылғанКабинеттен қайта қосыңыз

Webhook жетпей жатса, себебі көбіне қате кодында емес: Webhook келмей жатыр.

Жазылым

КодHTTPНе болдыНе істеу керек
invalid_interval422Аралық дұрыс емесday, week немесе month
invalid_every422Қайталау саны дұрыс емесОң бүтін сан
invalid_retry422Қайталау сатысы дұрыс емесЕң көп 5 мән, әрқайсысы оң сан
invalid_misfire422Өткізіп алу саясаты дұрыс емесrun_once немесе skip
invalid_max_runs422Ең көп орындалу саны дұрыс емесОң бүтін сан
subscription_closed409Жазылым аяқталған немесе тоқтатылғанЖаңасын жасаңыз
subscription_not_found404Жазылым табылмадыИдентификаторды тексеріңіз

Төлем сілтемелері

КодHTTPНе болдыНе істеу керек
slug_taken409Мұндай мекенжай бос емесБасқа атау таңдаңыз
link_invalid410Сілтеме жарамсызЖаңасын жасаңыз
link_paused410Сілтеме тоқтатылғанКабинеттен қайта қосыңыз
too_many_links409Сілтеме саны шектен астыҚажетсізін жойыңыз

Кабинетке кіру

КодHTTPНе болдыНе істеу керек
invalid_code400Код дұрыс емесҚайта енгізіңіз
challenge_expired410Кодтың мерзімі өттіЖаңа код сұраңыз
challenge_used409Код бұрын пайдаланылғанЖаңа код сұраңыз
no_channel503Код жіберетін арна жоқҚолдауға жазыңыз
channel_forbidden403Бұл арна сізге ашық емесБасқа арнаны таңдаңыз

Қайталауға бола ма

ТүріҚайталау
4xx (422, 400, 403, 404, 409)Жоқ. Сұрауды түзетпей қайталаудың мәні жоқ
429Иә, бірақ Retry-After көрсеткен уақыттан кейін
502, 503Иә, өсіп отыратын кідіріспен (мысалы 1, 2, 4, 8 секунд)
refund_unknown, refund_pending_unknownЖоқ. Алдымен счёт күйін оқыңыз

Счёт жасауда қайталаудан қорғану үшін idempotencyKey жіберіңіз: сол кілтпен екінші рет жіберсеңіз, жаңа счёт жасалмай, бұрынғысы қайтады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қате мәтіні қазақша келе ме? Иә, message өрісі қазақша. Бірақ интеграцияны error кодына қарап жазыңыз.

Бұл тізімде жоқ код келді. Толық спецификацияны api.qut.kz/docs бетінен қараңыз немесе қолдауға жазыңыз.

Қай қатені клиентке көрсетуге болады? Ешқайсысын тікелей көрсетпеңіз. Клиентке «төлем өтпеді, қайталап көріңіз» деп жазып, техникалық мәтінді өз журналыңызға жазыңыз.

Байланысты мақалалар

Кассир байланысы үзілді — қалай қалпына келтіруСчёттар кенет жасалмай қалса, Kaspi сессиясы үзілген. Қалпына келтіру бір минут алады. Себебі, қадамдары және қайталанбауы үшін не істеу керек.Кассир қосылмай жатыр — себебі және шешіміСимптом бойынша диагностика: Kaspi пароль немесе видеоверификация сұраса, ЖСН сұраса, SMS келмесе немесе код өтіп кетсе — әрқайсысының себебі мен шешімі. SMS уақыттары да осында.Webhook келмей жатыр — себебін қалай табу керекСчёт төленді, бірақ сіздің серверіңізге хабарлама жетпеді. Диагностиканы қай жерден бастау керек, ең жиі кездесетін себеп қайсы және оны бір сынаумен қалай анықтауға болады.Тарифтер және лимиттер — толық анықтамаҮш тарифтің бағасы мен айлық счёт лимиті, тәуліктік қорғаныс саны, tariff_limit_reached пен tariff_daily_burst айырмашылығы, сынақ мерзімі және сұрау жиілігінің шектеулері — бір бетте.API кілтті кассирге байлауБір ұйымда бірнеше жоба немесе нүкте болғанда әр кілтті өз кассиріне байлауға болады. Байланған кілт нені көреді, нені көрмейді, кассирді неге жою мүмкін емес және кабинетте бұны қалай баптау керек.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.