WhatsApp: счёт жіберу және эфир-сауда
TikTok эфирінде нөмір жазуға шектеу бар, сондықтан сатушылар сатып алушыны WhatsApp-қа жазуға шақырады, ал сатып алушы тауарды бронь нөмірімен — телефонының соңғы 4 санымен — броньдайды. Qut Pay-де бұған екі құрал бар:
| Құрал | Кім жазады | Не болады | Қайда жұмыс істейді |
|---|---|---|---|
| Эфир-сауда (Chrome кеңейтімі не QR арқылы сервер) | Сатып алушы сіздің WhatsApp-ыңызға: «4412» | Бот соманы сұрайды, оның нөміріне Kaspi шоты кетеді, төлегенде «✅ Төленді» | Компьютерде, Chrome-да ашық WhatsApp Web; не компьютерсіз (QR, «Бизнес» тарифінен) |
| Qut Pay нөміріндегі бот | Сіз не көмекшіңіз Qut Pay-дің WhatsApp нөміріне: 12000 77011234567 | Клиенттің Kaspi қосымшасына шот кетеді, төленгенде сол чатқа хабар келеді | Телефоннан, кез келген жерден |
Екеуі де кез келген тарифте істейді (тек эфир-сауданың компьютерсіз QR режимі — «Бизнес» тарифінен бастап және сынақ кезеңінде, төменде қараңыз). Төленген әр шот тарифтің айлық төлем лимитіне кіреді («Тегін» тарифінде — айына 20 төлем). Ақша тіке сіздің Kaspi Pay шотыңызға түседі.
Эфир-сауда: бронь нөмірі бойынша
Орнату (Chrome кеңейтімі)
- Кабинет → Эфир-сауда → «Chrome-ға орнату», не тікелей Chrome Web Store.
- «Установить» (Add to Chrome) басыңыз. Компьютерде Chrome болуы керек. Кеңейтім нұсқасы 0.3.0 не жаңарағы болсын.
- Кабинетте «Кеңейтімге кілт жасау» → кілтті көшіріп, кеңейтім терезесіне қойыңыз → «Сақтау». Кілт тек осы браузерде сақталады.
- https://web.whatsapp.com ашыңыз. Сол жақ төменгі бұрышта «Qut Pay ●» белгісі шықса, кеңейтім қосулы.
Компьютерсіз жұмыс істеу үшін кеңейтімнің орнына төмендегі QR режимін (сервер) қосуға болады.
Қалай жұмыс істейді
- Эфирде сатып алушы тауарды WhatsApp нөмірінің соңғы 4 санымен броньдайды: «4412 — қара куртка».
- Ол сіздің WhatsApp-қа «4412» деп жазады. Бот: «Сәлеметсіз бе! Бронь №4412. Қанша сомаға шот жіберейін?»
- Сатып алушы соманы еркін жазады:
5000,5 мың,5к,3500 ден екі,2 куртка 3500,3 500 × 2,5000 және 2000,по 3500 две. Kaspi шоты оның нөміріне «Бронь нөмір: 4412» түсініктемесімен кетеді: «✅ 7 000 ₸ шот Kaspi-ге жіберілді (3 500 × 2). Бронь №4412.» - Төлегенде чатқа: «✅ Төленді: Бронь №4412 — 7 000 ₸».
Боттың жұмысы шотпен бітеді: ол тауар іздемейді, бағаны өзі білмейді, басқа сұрақтарға жауап бермейді.
| Жағдай | Бот не істейді |
|---|---|
| Нөмірде Kaspi жоқ | «Бұл нөмірде Kaspi табылмады. Kaspi тіркелген нөміріңізді жазыңыз.» — жазған нөмірге шот бірден кетеді (сома сақталады) |
| WhatsApp нөмірді жасырған | Бронь нөмірін, Kaspi нөмірін және соманы бір хабармен сұрайды, кез келген ретпен қабылдайды |
| «Басқа нөмірге: 8701…» | Шот сол нөмірге жіберіледі; бұрын жіберілген шот болдырылмайды |
| Сома емес, сұрақ: өлшемі, түсі, жеткізу… | Жауап бермейді. Кабинетте чат «Менеджер жауап берсін» тізіміне түседі, оған адам WhatsApp-та жауап береді |
| Сандары бар, бірақ сома оқылмайды | «Соманы санмен жазыңыз, мысалы: 7000» |
| Бронь нөмірін қайта жазады | Екінші шот жасалмайды, еске салады |
Нөмір кез келген түрде жазылады: 8 700 123 45 67, +7 747 …, 747 123 4567, 7747…. Хабардағы сағат («18:56») сома деп оқылмайды.
Хабарларда сілтеме болмайды. WhatsApp сілтеме жіберетін нөмірлерді бұғаттайды, сондықтан бот ешқашан сілтеме жібермейді: нөмір Kaspi-де болмаса, басқа нөмірін сұрайды.
«Эфир жүріп жатыр» ауыстырғышы
Беттің жоғарғы жағындағы үлкен батырма. Қосулы кезде WhatsApp-қа жазған кез келген жаңа чатқа бот бронь ашады (нөмірдің соңғы 4 саны) — сатып алушы сандарды жазбаса да. Өшірулі кезде тек 4 санды бронь нөмірін жазғандарға жауап береді, қалған хабарларға үндемейді. Ауыстырғыш таңдалған уақыттан кейін (1–12 сағат, әдепкі 4 сағат) өзі өшеді, қалған уақыт кабинетте көрінеді. Эфир кезінде жеке чаттағы таныстарыңызға да бот жауап беретінін ескеріңіз.
«Менеджер жауап берсін»
Сатып алушы соманың орнына сұрақ жазса, бот үндемейді, ал кабинеттің Эфир-сауда бетінде «Менеджер жауап берсін» плиткасы (саны) мен тізімі шығады: бронь нөмірі, сатып алушының соңғы хабары, «WhatsApp-та ашу» батырмасы. Жауап бергеннен кейін «Жауап берілді» басыңыз — чат тізімнен кетеді. Сатып алушы кейін соманы жазса, бот әдеттегідей шот жібереді.
ЖИ өшірулі кезде бот ережелер бойынша оқиды: ішінде бірде-бір сан жоқ хабар «Менеджер жауап берсін» тізіміне түседі.
ЖИ: соманы сатып алушының сөзінен оқу (міндетті емес)
Кабинет → Эфир-сауда → «Жауап мәтіндері» → «ЖИ» ауыстырғышы. Әдепкі бойынша өшірулі; Qut Pay платформасында ЖИ қосылған болса ғана жұмыс істейді (кабинетте көрінеді).
- ЖИ (Claude) тек ережелер соманы оқи алмағанда іске қосылады: «үш жарым мыңнан екеуі», «бес мың екі жүз», аралас тілдер, қате жазу.
- Соманы сервер тексереді: ол сатып алушының мәтінінде шынымен бар сандардан құралуы керек (біреуі, қосындысы не баға × саны) және 100 – 5 000 000 ₸ аралығында болуы керек. Әйтпесе шот жіберілмейді.
- Хабар сома емес, сұрақ болса, ЖИ оны «Менеджер жауап берсін» тізіміне жібереді.
- «ЖИ-ге нұсқау» (1000 таңбаға дейін): тек өзіңіз жазған тұрақты түзетулерді қосуға болады, мысалы «Жеткізу 1 500 ₸ қосыңыз», «5 данадан бастап 10% жеңілдік». Әр түзету соманың 50%-ынан аспайды; басқа түзетулер есепке алынбайды.
- Айлық лимит (ЖИ шақырулары): Тегін / Сынақ — 200, Бастау — 1 000, Бизнес — 5 000, Желі — 20 000. Кабинетте «ЖИ: 12 / 1000 осы айда» деп көрінеді. Лимит біткенде ережелер жұмысын үнсіз жалғастырады.
- «Сынап көру» терезесіне үлгі хабар жазып, бот не істейтінін көресіз — шот жіберілмейді, бірақ ЖИ шақыруы лимитке кіреді.
- ЖИ қосулы болса, сатып алушы хабарларының мәтіні соманы оқу үшін ЖИ провайдеріне (Anthropic) жіберіледі.
Жауап мәтіндері
Кабинетте өзгертесіз: қазақша, орысша немесе екеуі бірге. Мәтінде {booking} (бронь нөмірі), {amount} (сома), {calc} (есеп, мысалы «(3 500 × 2)») қолдануға болады.
Кабинетте не көрінеді
Эфир-сауда бетінде: «Менеджер жауап берсін», соңғы 24 сағаттағы өтінімдер, төленгендер мен сомасы, кім не жазды, күйі (сома күтілуде / шот жіберілді / нөмір күтілуде / төленді), «Төленді» хабары чатқа жазылды ма. Тізімді CSV-ге жүктеп аласыз. Telegram бот байланыстырылған болса, әр төлем сонда да келеді.
Эфирде қандай тауар сатылатынын менеджерлерге көрсету үшін «Қойма» бөлімінде тауарларға «Бүгінгі эфирде сатылады» белгісін қоюға болады. Бот бұл тізімді қолданбайды.
Шектеулер мен ескертулер
- Бот тек өзі бірінші жазғандарға жауап береді. Ешкімге бастап жазбайды, топтарға, каналдарға, статусқа жазбайды. Жауап алдында адамша кідіріс пен «жазып жатыр…» белгісі бар.
- Кеңейтім серверге не жібереді: ішінде сан бар жеке хабарлар; бот соңғы 3 сағатта жауап берген не менеджерге белгілеген чаттың хабарлары; «Эфир жүріп жатыр» қосулы кезде — кез келген жеке хабар.
- Бұл WhatsApp-тың ресми құралы емес. WhatsApp автоматты жауаптарға шектеу қоюы мүмкін. Жауаптарды қысқа ұстаңыз, жауап мәтінін жиі өзгертпеңіз.
- Компьютер мен Chrome қосулы, WhatsApp Web ашық тұруы керек. Телефонда кеңейтім жұмыс істемейді: телефоннан шот жіберу үшін төмендегі ботты қолданыңыз.
- WhatsApp Web беті жаңартылғанда кеңейтім кейде жаңартуды қажет етеді. Chrome оны Chrome Web Store-дан өзі жаңартады.
- Алдымен тест режимінде байқап көріңіз: sandbox кілтімен шоттар тест ретінде жасалады, ақша түспейді.
QR арқылы (сервер): компьютерсіз эфир-сауда
Кеңейтімнің орнына сатушының WhatsApp нөмірін Qut Pay серверіне «байланысқан құрылғы» ретінде қосуға болады. Сонда компьютер мен Chrome-ды ашып отыру керек емес: сервер сатып алушыларға кеңейтім сияқты жауап береді — сол бронь, сол мәтіндер, сол «✅ Төленді».
Тариф: QR режимі «Бизнес», «Желі», «Серіктес» тарифтерінде және 7 күндік сынақ кезеңінде қолжетімді. Chrome кеңейтімі барлық тарифте жұмыс істейді, «Бастау» мен «Тегін» де кіреді; «Тегін» тарифінде QR режимі жоқ. Тариф төмендесе не мерзімі біткен соң (ұйым «Тегін» тарифіне өтеді) сервер жауап беруді тоқтатады (құрылғы телефонда байланысқан күйі қалады), ескерту келеді, ал Chrome кеңейтімі қайта жұмыс істей бастайды. Тарифті көтерсеңіз, сессия QR-сыз өзі қайта қосылады.
- Кабинет → Эфир-сауда → «QR арқылы (сервер)» → «QR көрсету» (иесі не әзірлеуші рөлі керек).
- Телефонда WhatsApp → Баптаулар → Байланысқан құрылғылар → Құрылғыны байланыстыру → экрандағы QR-ды сканерлеңіз. QR өздігінен жаңарып тұрады; бірнеше минутта сканерленбесе, «QR көрсету»-ді қайта басыңыз.
- «Қосулы» шыққан соң нөмірдің бір бөлігі, қосылған уақыт пен соңғы хабар уақыты көрінеді. «Автожауаптар қосулы» белгісімен жауаптарды уақытша тоқтатасыз.
- «Ажырату» — құрылғы телефондағы тізімнен шығарылады, сессия серверден өшіріледі.
- Ережелер кеңейтіммен бірдей: тек жеке чаттар, тек сізге бірінші жазғандарға жауап, топтар, каналдар, статустар елеусіз қалады. Қосылғанға дейінгі хабарларға жауап берілмейді. Жауап алдында кідіріс пен «жазып жатыр…» белгісі бар.
- Сервер қосулы тұрғанда Chrome кеңейтімі жауап бермейді — сатып алушыға екі жауап кетпейді.
- Телефонда «Байланысқан құрылғылар» тізімінен шығарсаңыз не WhatsApp сессияны тоқтатса, жауаптар тоқтайды, Telegram/WhatsApp арқылы ескерту келеді; QR-ды қайта сканерлеңіз.
- Сессия кілттері серверде шифрланып сақталады.
- Бұл WhatsApp-тың ресми API-і емес. Сервер WhatsApp Web хаттамасы арқылы жұмыс істейді. WhatsApp автоматты хабар жіберетін нөмірді шектеуі не бұғаттауы мүмкін — мұның алдын толық алу мүмкін емес. Тек жауап беріңіз, мәтіндерді қысқа ұстаңыз, алдымен тест режимінде байқап көріңіз.
Qut Pay нөміріндегі WhatsApp бот
Кабинет → Баптау → «WhatsApp арқылы счёт» → жасыл батырма Qut Pay-дің WhatsApp нөміріне чат ашады.
| Жазасыз | Не болады |
|---|---|
12000 77011234567 | Клиенттің Kaspi қосымшасына 12 000 ₸ шот |
12000 77011234567 Көйлек | Сипаттамамен |
12000 | Төлем сілтемесі (клиентке өзіңіз жібересіз) |
бүгін | Бүгінгі түсім |
соңғы | Соңғы 10 счёт |
болдырмау inv_… | Счётты болдырмау |
ұйым | Бірнеше ұйымыңыз болса, ауыстыру |
көмек | Командалар тізімі |
- Кабинетке кіретін нөміріңізден жазыңыз. Көмекшілеріңізді кабинетте Қызметкерлер бөліміне қоссаңыз, олар өз нөмірінен жаза алады.
- Тіркелмеген нөмірге бот шот жасамайды.
- Клиент төлегенде сол чатқа «✅ Төленді» келеді.
- Сіздің өз WhatsApp-ыңыз өзгермейді.
API
Кеңейтім ашық API арқылы жұмыс істейді, өз ботыңызды не CRM-ді де осыған қосуға болады. Кілт: invoices:read + invoices:write.
| Әдіс | Не істейді |
|---|---|
GET /api/v1/live | Баптаулар («Эфир жүріп жатыр» күйі), жауап мәтіндері, соңғы 24 сағат |
POST /api/v1/live/messages | { "chat", "messageId", "phone", "name", "text" } → { "action", "reply" } |
GET /api/v1/live/notices | Чатқа жазылуы керек «Төленді» хабарлары |
POST /api/v1/live/notices/{id}/sent | Хабар жіберілді деп белгілеу |
GET /api/v1/live/claims?status=paid | Өтінімдер |
action: ask_amount (соманы сұрау), ask_phone (Kaspi нөмірін сұрау), invoice (шот кетті), again (еске салу), ignore / replayed / disabled (жауап жоқ). ignore пен needsManager: true бірге келсе — чат «Менеджер жауап берсін» тізіміне түсті, жауап жібермеңіз. reply болса, оны сатып алушының чатына жіберіңіз. Бір messageId екі рет келсе, екінші шот жасалмайды. Тауар кодтары бойынша сату алынып тасталды: PUT /api/v1/live/lots енді HTTP 410 { "error": "lots_removed" } қайтарады. Толығырақ: https://api.qut.kz/openapi.json, https://api.qut.kz/for-ai.
Көмек керек пе? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com · 09:00–21:00 (Алматы)
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.
Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.