Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Анықтамалық

API кілтті кассирге байлау

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Бір ұйымда бірнеше Kaspi кассирі болса, әр API кілтті нақты бір кассирге байлауға болады. Сонда сол кілтпен жасалған live счёттар тек сол кассир арқылы жүреді, ал кілт бөтен кассирдің счёттарын мүлдем көрмейді — оларға 404 қайтарады.

Бұл екі нәрсеге керек: жобаларды бір-бірінен бөлу және әр нүкте бойынша бөлек есеп алу.

Байланыс кабинеттің Интеграциялар бөлімінде кілт жасағанда «Кассир» тізімінен таңдалады.

Қашан керек

ЖағдайБайлау керек пе
Бір ұйым, бір кассир, бір сайтЖоқ, қажет емес
Бір ұйым, екі сайт, екі кассирИә, әр сайтқа өз кілті мен кассирі
Бір ұйым, бірнеше офлайн нүктеИә, нүкте бойынша есеп бөлінеді
Маркетплейс: әр сатушының өз кассиріИә
Тек sandbox-та жұмыс істеп жатырсызЖоқ, sandbox кассирге тіркелмейді

Байламасаңыз, счёт ұйымдағы белсенді кассир арқылы жүреді, ал кілт ұйымның барлық live счёттарын көреді.

Байланған кілт не істейді

ӘрекетМінез-құлқы
Live счёт жасауТек байланған кассир арқылы жүреді, басқасына ауыспайды
GET /api/v1/invoicesТек сол кассирдің счёттары тізімде көрінеді
GET /api/v1/invoices/{id}Бөтен кассирдің счёті — invoice_not_found, HTTP 404
Қайтару, болдырмауТек сол кассирдің счёттарына
Sandbox счёттарыОртақ: кассирге тіркелмейді, ұйымның тест деректері
ЖазылымҚай кассир арқылы жасалғанын есте сақтайды

Бөтен счёт «тыйым салынған» емес, жоқ деп қайтады — бұл әдейі істелген: кілт басқа жобада қандай счёт бар екенін де білмеуі тиіс.

Жазылым да қай кассир арқылы жасалғанын есте сақтайды. Сондықтан жазылымды бір кілтпен жасап, кейін сол кілтті басқа кассирге ауыстырсаңыз, кестелі счёттар бұрынғы кассир арқылы шыға береді.

Кабинетте қалай байлау керек

  1. Кабинетке кіріңіз: https://qut.kz/app
  2. Kaspi бөлімінде керекті кассир қосулы тұрғанына көз жеткізіңіз. Бірнеше кассир қосу: Бірнеше кассир.
  3. Интеграциялар бөліміне өтіп, жаңа API кілт жасаңыз.
  4. Кілт жасау терезесінде «Кассир» тізімінен нақты кассирді таңдаңыз.
  5. Кілтке керекті scope-тарды беріңіз: invoices:write, invoices:read, керек болса refunds:write.
  6. Кілт бір рет көрсетіледі — көшіріп, өз серверіңіздің құпия орнына сақтаңыз.

Кілтті кейін басқа кассирге ауыстыруға да болады: сол кілттің баптауындағы кассирді өзгертесіз.

Тексеру

Байланыс дұрыс па екенін бір сұраумен көресіз: байланған кілтпен бөтен жобаның счётын сұрап көріңіз.

curl -s -o /dev/null -w '%{http_code}\n' \
  -H 'X-API-Key: qp_live_…' \
  https://api.qut.kz/api/v1/invoices/inv_басқа_жобадан
# 404 — байланыс жұмыс істеп тұр

Өз жобаңыздың счёты 200 қайтаруы керек:

curl -H 'X-API-Key: qp_live_…' \
  https://api.qut.kz/api/v1/invoices?limit=5

Тізімде тек сол кассирдің счёттары келсе, бәрі дұрыс.

Кассирді жою: connection_has_keys

Кілт байланған кассирді жою мүмкін емес. Жоюға тырыссаңыз:

{ "error": "connection_has_keys", "message": "Бұл кассирге API кілт байланған" }

HTTP күйі — 409. Реті мынандай:

  1. Қай кілттердің осы кассирге байланғанын кабинеттің Интеграциялар бөлімінен көріңіз.
  2. Әр кілтті басқа кассирге ауыстырыңыз немесе кілттің өзін жойыңыз.
  3. Кілт қалмағанда кассирді жоя аласыз.

Бұл әдейі істелген қорғаныс: кассирді жойып жіберсеңіз, сол кілтпен жұмыс істеп тұрған сайт немесе қосымша бірден счёт жасай алмай қалар еді.

Кассир ауысып жатса, жоюдың орнына кілтті жаңа кассирге көшіру дұрыс: Кассир ауысты.

Жиі кездесетін қателер

Не көрдіңізСебебіШешімі
invoice_not_found (404), бірақ счёт кабинетте тұрКілт басқа кассирге байланғанДұрыс кілтті қолданыңыз немесе кілттің кассирін тексеріңіз
forbidden (403)Счёт мүлдем басқа ұйымға тиесіліКілт пен счёт бір ұйымнан ба, тексеріңіз
connection_has_keys (409)Кілті бар кассирді жойғыңыз келдіАлдымен кілтті ауыстырыңыз
Счёт «жаңылыс» кассир арқылы кеттіКілт байланбағанКілтке кассирді байлаңыз
Sandbox-та бөлу жұмыс істемейдіSandbox кассирге тіркелмейдіБұл қалыпты, live-та тексеріңіз

Толық тізім: Қателер каталогы, 404 туралы бөлек: Счёт табылмады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір кассирге бірнеше кілт байлауға бола ма? Иә. Мысалы бір нүктеде сайт та, касса қосымшасы да жұмыс істесе, әрқайсысына өз кілтін беріп, екеуін де сол кассирге байлауға болады.

Кілтті ауыстырсам, бұрынғы счёттарға не болады? Ештеңе болмайды — олар сол кассир арқылы жүре береді. Ауысу тек жаңа счёттарға әсер етеді.

Webhook-ты да бөлуге бола ма? Иә. Webhook адресін сол кілтке байласаңыз, әр жоба өз оқиғаларын ғана алады. Толығырақ: Webhook баптау.

Байланбаған кілт нені көреді? Ұйымның барлық live счёттарын, қай кассир арқылы жасалғанына қарамастан.

Есепті нүкте бойынша қалай бөлемін? Әр нүктеге бөлек кілт беріп, оны сол нүктенің кассиріне байлаңыз: Нүктелер бойынша бөлек есеп.

Байланысты мақалалар

API кілттер — жасау, сақтау, ауыстыруqp_live_ және qp_test_ кілттерінің айырмашылығы, кілтті кабинетте жасау, қайда сақтау керек және қайда мүлдем сақтамау керек, әр интеграцияға бөлек кілт, үзіліссіз ауыстыру реті және жою салдары.Бір ұйымға бірнеше кассир қосуға бола маИә, болады. Әр кассир — бөлек нөмір және бөлек байланыс. Негізгі кассир деген не, API кілтті нақты кассирге қалай байлау керек және айлық лимит қалай есептеледі.API 403 қайтарады — құқық жетпей тұр403 дегені кілтіңіз танылды, бірақ бұл әрекетке рұқсат жоқ. Бес түрлі себебі бар: scope жетпеуі, тариф, бөтен ұйым, кілт байланған кассир, sandbox әрекеті. Әрқайсысын қалай ажырату керек.«Счёт табылмады» деген қате — себебі және шешіміinvoice_not_found қатесінің төрт себебі бар: идентификатор қате, счёт басқа режимде жасалған, кілт басқа кассирге байланған немесе счёт басқа ұйымдікі. Тексеру реті.Нүктелер бойынша бөлек есеп — әр дүкенге өз кілтіБірнеше дүкен, филиал немесе нүкте болғанда счёттарды қалай бөлу керек: әр нүктеге бөлек API кілт пен webhook, кілтті кассирге байлау, нені бөлуге болады және нені болмайды, қашан бөлек ұйым ашу керек.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.