Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Мәселені шешу

Кассир ауысты немесе нөмірі өзгерді — не істеу керек

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Кассир нөмірін ауыстыру үшін жаңа байланыс қосасыз, оны негізгі етесіз, сосын ескісін ажыратасыз. Бұрын жасалған счёттар мен ақша тиылмайды. Ескі байланысқа API кілт байланған болса, алдымен кілтті жаңасына ауыстыру керек, әйтпесе жою жұмыс істемейді.

Реті

Ескісін бірден жоймаңыз. Алдымен жаңасы жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.

  1. Жаңа нөмірді Kaspi Pay-де дайындаңыз. Қосымшада: Настройки → Сотрудники → Добавить сотрудника, рөлі «Кассир». Нөмір үш шартқа сай болуы керек: Кассир нөміріне қойылатын үш шарт.
  2. Кабинетте жаңа байланыс қосыңыз. Kaspi кассирлері → атауын жазып Кассир қосу, сосын жаңа нөмірді енгізіп, SMS кодын растаңыз.
  3. Жаңасын негізгі етіңіз. Оның картасындағы Негізгі ету батырмасын басыңыз. Осыдан кейін жаңа счёттар сол кассир арқылы кетеді.
  4. Сынап көріңіз. Кішкентай сома, мысалы 50 ₸, счёт жасап, төленетінін тексеріңіз.
  5. Ескісін ажыратыңыз. Ескі байланыстың картасында Ажырату, сосын қаласаңыз Жою.

API кілт ескі кассирге байланған болса

Кабинетте әр API кілтті нақты бір кассирге байлауға болады. Байланған кілттің live счёттары тек сол кассир арқылы жүреді.

Ескі кассирде байланған кілт болса, оны жою connection_has_keys қатесін береді. Реті мынадай:

  1. Интеграциялар бөліміне барасыз
  2. Кілттің қасындағы кассир тізімінен жаңасын таңдайсыз
  3. Содан кейін ғана ескі байланысты жоясыз

Кілт ешбір кассирге байланбаған болса, ол автоматты түрде негізгі кассир арқылы жұмыс істейді — ештеңе өзгертудің қажеті жоқ.

Жазылымдар да қай кассир арқылы жасалғанын есте сақтайды. Ескі кассирге байланған жазылым болса, оны да жаңасына ауыстырыңыз.

Нақты жағдайлар

Кассир жұмыстан кетті

Егер нөмір сол адамның жеке нөмірі болса, оны бірден ауыстырған дұрыс: ол адам кез келген уақытта Kaspi Pay-ге кіріп, байланысты үзіп жіберуі мүмкін. Жоғарыдағы реті бойынша жаңа нөмірге көшіріңіз.

Мұндай жағдай қайталанбауы үшін кассир нөмірін қызметкердің жеке нөмірі емес, компанияның өз SIM-картасы етіп ұстаған жөн.

Нөмір өзгерді, адам сол

Kaspi Pay-де ескі қызметкерді өшіріп, жаңа нөмірмен қайта қосасыз. Сосын кабинетте жаңа байланыс жасайсыз. Ескі нөмірді «жаңарту» деген нәрсе жоқ — Kaspi үшін бұл басқа қызметкер.

SIM жоғалды немесе өшіп қалды

Байланыс әлі белсенді болса, счёттар жұмысын жалғастыра береді. Бірақ келесі рет қайта байланыстыру керек болғанда SMS келмейді. Сондықтан SIM-ді қалпына келтіріңіз немесе алдын ала басқа нөмірге көшіңіз.

Бизнес иесі ауысты

Kaspi Pay аккаунты жаңа иеге өтсе, ескі кассир қызметкер тізімінен алынып тасталуы мүмкін. Сонда байланыс үзіледі. Жаңа иенің Kaspi Pay-інде жаңа кассир ашып, кабинетте жаңа байланыс жасайсыз.

Qut Pay кабинетіндегі ұйым, счёттар тарихы, кілттер мен тариф сол күйі қалады.

Уақытша кассир жоқ

Кассир нөмірін ауыстыратын уақыт болмаса, sandbox режиміне ауысып, интеграцияңызды сынауды жалғастыра аласыз. Нақты төлем қабылдау үшін белсенді кассир міндетті.

Бұрынғы деректерге не болады

НеАуыстырғаннан кейін
Төленген счёттарОрнында, тарихта көрінеді
Төленбеген ескі счёттарЕскі кассирге байланған, ол ажыратылса күйі тексерілмейді
АқшаБәрібір сіздің Kaspi шотыңызда, тиылмайды
ҚайтаруЕскі счёт бойынша қайтару ескі кассир белсенді болғанда ғана жасалады
API кілттерҚалады, бірақ байланғаны болса қайта байлау керек
WebhookӨзгермейді
Тариф және лимитӨзгермейді

Сондықтан ескі кассирді бірден жоймай, төленбеген счёттар бітуін немесе қайтару мерзімі өтуін күткен дұрыс.

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ұйымда бірнеше кассир болуы мүмкін бе? Иә. Әрқайсысы — бөлек нөмір, бөлек байланыс. Біреуі негізгі болады, қалғандары API кілт арқылы таңдалады.

Ауыстырғанда счёттар тарихы жоғала ма? Жоқ. Тарих ұйымға тиесілі, кассирге емес.

Жаңа нөмірді бірден негізгі ету керек пе? Жоқ, алдымен сынап көріңіз. Негізгі етпей тұрып та, кілтті сол кассирге байлап тексеруге болады.

Ескі кассирді жоймай қалдырсам бола ма? Болады. Ажыратылған байланыс ештеңеге кедергі жасамайды, тек тізімде тұрады.

Байланысты мақалалар

Кассир байланысы үзілді — қалай қалпына келтіруСчёттар кенет жасалмай қалса, Kaspi сессиясы үзілген. Қалпына келтіру бір минут алады. Себебі, қадамдары және қайталанбауы үшін не істеу керек.Кассир нөміріне қойылатын үш шартҚосылудың сәтті өтуі түгелдей осы үш шартқа байланысты: нақты SIM, иесінің ЖСН-іне ЖК/ЖШС тіркелмеген болуы және нөмірде тек «Кассир» рөлі. Нөмірді алдын ала қалай таңдау керек.API кілтті кассирге байлауБір ұйымда бірнеше жоба немесе нүкте болғанда әр кілтті өз кассиріне байлауға болады. Байланған кілт нені көреді, нені көрмейді, кассирді неге жою мүмкін емес және кабинетте бұны қалай баптау керек.Кассир қосылмай жатыр — себебі және шешіміСимптом бойынша диагностика: Kaspi пароль немесе видеоверификация сұраса, ЖСН сұраса, SMS келмесе немесе код өтіп кетсе — әрқайсысының себебі мен шешімі. SMS уақыттары да осында.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.