Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Бизнесіңізге

Жалға беру бизнесіне

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Жалға беруде екі бөлек ақша қозғалысы бар: депозит (кепілдік, көбіне толық қайтарылады) және жалдау ақысы (қайтарылмайды). Екеуін бір счётқа қоспаңыз — бөлек счёт жасаңыз, сонда қайтару таза шығады. Автомат немесе құлып арқылы беретін болсаңыз, схема біреу: клиент QR-ды сканерлейді → төлейді → бізден сіздің серверге invoice.paid webhook келеді → сіздің сервер құрылғыны ашады. Қай құрылғы екенін metadata өрісіне жазып қоясыз.

Кімге жарайды

Пауэрбанк станциялары, велосипед пен самокат, аспап-құрал, құрылыс жабдығы, той киімі мен костюм, фотоаппарат, палатка — реті бәрінде бірдей.

Жұмыс схемасы қадамдап

Автомат арқылы беретін нұсқасы:

ҚадамКімНе болады
1КлиентСтанциядағы QR-ды Kaspi қосымшасымен сканерлейді
2Станция немесе сіздің серверPOST /api/v1/invoices — счёт жасайды, metadata-ға слот пен құрылғы нөмірін салады
3КлиентKaspi-де растайды
4Qut Payinvoice.paid оқиғасын сіздің адреске жібереді
5Сіздің серверmetadata-дан құрылғы нөмірін оқып, құлыпты ашады
6КлиентЗаттың өзін алады

Адам қабылдайтын нүктеде (прокат пункті, киім салоны) 5-қадам орнына қызметкер затты береді — қалғаны сол.

Депозитті қалай алу керек

Екі счёт жасаңыз:

СчётСомасыСипаттамасыТағдыры
Жалдау ақысыМерзімге қарай«Велосипед, 2 сағат»Қалады
ДепозитТұрақты сома«Велосипед, кепілдік»Қайтарылады

Неге бөлек? Себебі қайтару счёт бойынша жүреді. Екеуін біріктірсеңіз, депозитті қайтару үшін ішінара қайтару жасауға тура келеді және есебіңіз шатасады.

Депозит — нақты ақша, оны клиент шынымен төлейді. Біз ақшаны бұғаттап ұстай алмаймыз: біздің жағымызда «ұсталған сома» деген нәрсе жоқ, ақша бірден сіздің Kaspi шотыңызға түседі. Сондықтан депозитті қайтару — бұл нақты қайтару операциясы, оны өзіңіз жасайсыз.

Клиентке мұны алдын ала түсіндіріңіз: «депозит қайтарылады, әдетте сол күні».

Депозитті қайтару

Зат түскенде, тексеріп болған соң:

POST https://api.qut.kz/api/v1/invoices/{депозит счётының id}/refund
{ "reason": "зат бүтін күйінде қайтарылды" }

amount бермесеңіз толық сома қайтарылады.

Ішінара қайтару

Зат зақымдалса немесе мерзімінен кеш қайтарылса, депозиттің бір бөлігін ұстап қаласыз:

POST https://api.qut.kz/api/v1/invoices/{id}/refund
{ "amount": 7000, "reason": "1 сағат кешіктірілді" }

Мұнда amountқайтаратын сома, ұстап қалатын емес. 10 000 ₸ депозиттен 3 000 ₸ ұстағыңыз келсе, 7000 жазасыз. Счёт partially_refunded күйіне өтеді.

Қайтару жауабы белгісіз болып қалатын жағдай бар (refund_unknown) — бірден қайталамай, алдымен счёттың күйін оқыңыз. Толығы: Қайтару API.

Мерзімдік төлем

Ұзақ мерзімге беретін болсаңыз (айлық жабдық жалдау, ай сайынғы прокат), екі жол бар:

1. Әр кезеңге қолмен счёт. Кабинеттен немесе API-дан. Мерзім аяқталар алдында клиентке сілтеме жібересіз. Ең икемдісі: сома әр ай сайын өзгеруі мүмкін.

2. Жазылым. Кестеге сай счёт өздігінен шығады: day, week, month аралықтары бар. Бірақ маңызды: ақша клиенттің шотынан өздігінен шешілмейді, ол әр счётты Kaspi-де өзі растайды. Толығы: Жазылымдық бизнеске.

Тәулік бойынша есептелетін жалдау (самокат, велосипед) үшін жазылым жарамайды — ол жерде әр жолы бөлек счёт дұрыс.

Metadata: құрылғы нөмірін жазу

Бұл жалға беру бизнесіндегі ең маңызды техникалық тұсы. Счёт жасағанда:

{
  "amount": 500,
  "kind": "qr",
  "description": "Пауэрбанк, 2 сағат",
  "externalOrderId": "rent-90412",
  "metadata": {
    "station": "ALM-014",
    "slot": 7,
    "deviceId": "PB-33921",
    "type": "rent",
    "hours": 2
  }
}

metadata — кез келген JSON. Ол webhook-та қайта келеді, сондықтан invoice.paid алған кезде қай станцияның қай ұясын ашу керегін базадан іздеудің қажеті жоқ — оқиғаның өзінде тұрады.

externalOrderId — сіздің жалдау нөміріңіз, ол да webhook-та қайтады. Екеуін қатар қолданыңыз: Metadata және тапсырыс нөмірі.

Депозит счётында "type": "deposit" деп белгілеңіз — сонда webhook өңдеушіңіз екеуін шатастырмайды.

Webhook жағында не істеу керек

Баптау: Webhook баптау.

Ерекше ескертулер

Жиі қойылатын сұрақтар

Депозитті ұстап тұрып, кейін «босатуға» бола ма? Жоқ. Ондай механизм жоқ. Депозит — толық төлем, оны қайтару үшін қайтару операциясын жасайсыз.

Қайтаруға мерзім бар ма? Иә, шектеу бар. Ұзақ мерзімді жалдауда депозитті бірнеше ай ұстамаңыз — мерзімі мен қателері: Қайтару API.

Автоматта экран жоқ, тек жапсырма QR қойсам бола ма? Тұрақты (статикалық) сілтеме жасауға болады, бірақ ондайда счёт нақты құрылғыға байланбайды. Схемасы тұрақ пен шлагбаумға ұқсас: Тұрақ пен шлагбаумға және Вендинг автоматына.

Клиент затты қайтармаса ше? Депозитті ұстап қаласыз, ол сіздің шотыңызда тұр — ешқандай әрекет керек емес. Қалғаны сіз бен клиенттің арасындағы мәселе.

Бірнеше станциям бар, есепті бөлек көргім келеді. Әр станцияға бөлек API кілт жасаңыз немесе metadata.station бойынша сүзіңіз: Нүктелер бойынша бөлек есеп.

Байланысты мақалалар

Metadata және тапсырыс нөміріexternalOrderId мен metadata өрістерінің айырмашылығы, олардың webhook-та қалай қайта келетіні, metadata ішіне нені жазуға болады және нені ешқашан жазбау керек — нақты мысалдармен.Қайтару API — толық және ішінара қайтаруPOST /invoices/{id}/refund әдісінің толық анықтамасы: сұрау өрістері, толық және ішінара қайтару, сома шектеуі, барлық қате коды, refund_unknown келгенде не істеу керек және қандай оқиғалар жіберіледі.Вендинг автоматына терминалсыз төлемАвтомат экранында динамикалық QR, клиент сканерлейді, webhook келеді, контроллер тауарды береді. Су, кофе және снек автоматтары үшін схема, жабдық жағы және QR терезесі.Тұрақ пен шлагбаумғаШығу тұсындағы экранда QR немесе билет нөмірі бойынша счёт, төлем расталғанда webhook IP-реле арқылы шлагбаумды ашады. Динамикалық және басылған QR, көлік нөмірі, кідіріс.Webhook баптауКабинетте webhook адресін қосу, оқиғаларды таңдау, құпияны сақтау, тақырыптар мен дене пішімі, 11 рет қайталау кестесі, журналды оқу, адресті сынау және қайта бағыттау ережесі.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.