Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бет → Білім базасы → Бизнесіңізге

Өзіне-өзі қызмет көрсету аппараттары: самомойка, су автоматы, гүл автоматы, сатушысыз дүкен

Жаңартылды: 2026-11-11 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Экраны жоқ аппараттың әр постына не есігіне тұрақты төлем сілтемесін (qut.kz/p/<slug>) жасап, оның QR-ын жапсырасыз. Клиент сканерлеп төлейді. Сіздің серверге invoice.paid келеді, ішінде metadata.slug болады, яғни қай пост не қай есік екені белгілі. Сервер сол посттың модуліне импульс беруді не есіктің релесін қосуды айтады. Экраны бар аппарат болса, әр сатылымға жаңа счёт жасайтын схема ыңғайлы: Вендинг автоматына терминалсыз төлем.

Qut Pay аппарат, контроллер не модуль сатпайды және орнатпайды. «Темір» жағын сіз не интеграторыңыз жасайды.

Қай аппаратқа қай схема

Басқару тәсіліАппараттарСхема
Экран баркиоск, фотобудка, зарядтау станциясы, жаңа кофе автоматтарыӘр сатылымға счёт, QR экранда
Импульс (тиын қабылдағыш)самомойка, шаңсорғыш, водомат, массаж креслосы, кір жуу машинасы, хватайкаӘр постқа тұрақты QR, импульс модулі
Электр құлып, релегүл автоматы, ақылды тоңазытқыш, сақтау ұяшығы, ақылы дәретхана, шлагбаумӘр есікке QR, реле
MDB шинасыснэк, сусын, кофе автоматтарыMDB cashless модулі API-ді шақырады
«Темір» жоқсатушысыз кітап сөресі, дала дүкеніБір QR, клиент соманы өзі енгізеді

Аппараттардың толық тізімі мен әр түрінің сипаттамасы: qut.kz/kk/ozine-ozi-qyzmet-apparattary-kaspi.

Самомойка мен водомат: импульс

  1. Кабинеттің Сілтемелер бөлімінде әр постқа сілтеме жасайсыз: moika-post-1, moika-post-2. Соманы бекітесіз не клиентке қалдырасыз, ең аз және ең көп шекпен: Ашық сомалы төлем сілтемелері.
  2. QR-ды басып шығарып, постқа жапсырасыз.
  3. Webhook келгенде сервер invoice.metadata.slug бойынша постты табады да, импульс санын есептейді: amount / бір импульстің бағасы.
  4. Пост модулі (ESP32 не Raspberry Pi, оптрон не реле) монета қабылдағыштың сигнал сымына параллель жалғанады. Аппарат оның импульсін тиын түскендей қабылдайды.

Модуль серверге өзі қосылады (MQTT не HTTP сұрау). Сондықтан посттағы GSM модем жеткілікті, тұрақты IP адрес керек емес.

Гүл автоматы мен ұяшықтар: реле

Ұяшық бос тұрса, оның сілтемесін кабинеттен Тоқтату батырмасымен тоқтатыңыз.

Сатушысыз дүкен мен кітап сөресі

Соманы клиент өзі енгізетін бір сілтеме жасайсыз, «Түсініктеме» өрісін қосасыз. Әр төлемді кабинеттен көресіз, Telegram бот хабарлайды: Төлем сілтемелері. Бұл жерде модуль де, сервер де керек емес.

Міндетті түрде

Жиі қойылатын сұрақтар

Аппараттың өзінде интернет болуы керек пе? Модульде не сервер мен аппарат арасында байланыс болуы керек, GSM модем жеткілікті. Клиенттің телефонында да интернет болады.

Самомойкада клиент 300 ₸ салса, импульс қалай есептеледі? Сервер түскен соманы бір импульстің бағасына бөледі. 1 импульс 10 ₸ болса, 30 импульс шығады.

Бір QR-ды бірнеше клиент қолдана ала ма? Иә. Тұрақты сілтеменің мерзімі бітпейді. Әр клиент сканерлегенде жаңа счёт жасалады.

Модульді Qut Pay береді ме? Жоқ. Біз тек счёт жасаймыз, төлемді бақылаймыз және webhook жібереміз. Модульді сіз не интеграторыңыз жасайды, кодын ЖИ-агентке жаздыруға болады: ЖИ-агентке интеграцияны тапсыру.

Байланысты мақалалар

Вендинг автоматына терминалсыз төлемАвтомат экранында динамикалық QR, клиент сканерлейді, webhook келеді, контроллер тауарды береді. Су, кофе және снек автоматтары үшін схема, жабдық жағы және QR терезесі.Төлем сілтемелері — тұрақты мекенжай арқылы қабылдауqut.kz/p/<slug> түріндегі тұрақты төлем сілтемесі: өз атауыңызды қою, белгіленген және ашық сома, тоқтату мен қайта қосу, счёт сілтемесінен айырмашылығы, есеп және қате кодтары.Ашық сомалы төлем сілтемелері — соманы клиент енгізедіСома алдын ала белгіленбейтін тұрақты төлем сілтемесі: қайырымдылық, шәкіртақы, кеңес беру, әртүрлі бағадағы қызмет үшін. Ең аз және ең көп соманы шектеу, клиенттен қандай өріс сұрау, есепті қалай жүргізу.Webhook қауіпсіздігі және қолтаңбаны тексеруҚолтаңба қалай құралады, неге raw body міндетті, timestamp-ты қалай тексеру керек, Express, Laravel, Django және таза Node үшін код мысалдары, идемпотентті өңдеу және жиі кездесетін қателер.Кеш келген төлем — счёт жабылған, ал ақша келдіБолдырылған немесе мерзімі өткен счётқа ақша кешігіп келуі мүмкін. Ондайда invoice.paid оқиғасы late: true белгісімен келеді. Не істеу керек және кодта бұған қалай дайын болу керек.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.