Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Мәселені шешу

Кассир байланысы үзілді — қалай қалпына келтіру

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Kaspi бір кассир нөміріне бір ғана белсенді құрылғыға рұқсат береді. Сол нөмірмен біреу Kaspi Pay қосымшасына кірсе, Kaspi біздің сессияны үзеді де, счёт жасау тоқтайды. Қалпына келтіру — кабинет → Kaspi → байланыс картасындағы нөмірді енгізіп, SMS кодын растау. Шамамен бір минут. Қайталанбауы үшін кассир нөмірімен Kaspi Pay-ге кірмеңіз.

Қалай білесіз

Үш белгісі бар:

Бұрын жасалған, әлі төленбеген счёттар жоғалмайды. Байланыс қалпына келгенде олардың күйі қайтадан тексеріле бастайды.

Қалпына келтіру

  1. Кабинетке кіресіз: Kaspi кассирлері
  2. Белсенді емес байланыстың картасын табасыз
  3. Кассир нөмірін енгізіп, SMS жіберу батырмасын басасыз
  4. Сол нөмірге келген кодты жазып, Растау дейсіз

Болды. Жаңа API кілт жасаудың қажеті жоқ, ескі кілттер сол күйі жұмыс істей береді. Webhook адресі де өзгермейді.

Бастар алдында кассир нөмірі тұрған телефон қолыңызда екеніне көз жеткізіңіз: SMS коды шамамен бір минут қана жарамды.

Неге үзілді

Ең жиі кездесетін үш себеп.

1. Кассир нөмірімен Kaspi Pay-ге кірген. Ең жиі кездесетіні. Нөмір иесі өз телефонынан Kaspi Pay қосымшасын ашса, Kaspi оны жаңа құрылғы деп санап, бізді шығарып жібереді. Kaspi-дің бұл шектеуі қауіпсіздік үшін жасалған, айналып өтуге болмайды.

2. Kaspi Pay-де қызметкер өшірілген немесе рөлі өзгерген. Біреу кассирді «Сотрудники» тізімінен алып тастаса немесе рөлін «Кассир» емес етіп ауыстырса, байланыс жұмысын тоқтатады.

3. Kaspi жағындағы ұзақ үзіліс. Сирек, бірақ болады. Бұл жағдайда қалпына келтіру де бірден істемеуі мүмкін, біраз күтіп қайталаңыз.

Қайталанбауы үшін

Байланыс үзілген кезде не болады

НеКүйі
Жаңа счёт жасауІстемейді, қате қайтады
Бұрынғы төленбеген счёттарСақталады, байланыс қалпына келгенде тексеріледі
Бұрын төленген счёттарТиылмайды, бәрі орнында
Қайтару жасауІстемейді
API кілттерӨзгермейді, қайта жасау керек емес
Webhook баптауларыӨзгермейді
Sandbox режиміЖұмысын жалғастырады, Kaspi қатыспайды

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайта байланыстырғанда жаңа кілт керек пе? Жоқ. API кілттер мен webhook баптаулары сол күйі қалады.

Бірнеше кассирім бар, бәрі үзілді ме? Жоқ. Әр кассир — жеке байланыс, жеке құрылғы. Біреуі үзілсе, қалғандары жұмысын жалғастырады.

Сол нөмірмен қайта байланыстыруға бола ма? Иә, әдетте сол нөмір жарай береді. Бірақ нөмір Kaspi Pay-де қызметкер тізімінен алынып тасталған болса, алдымен қайта қосу керек.

Жиі үзіліп тұрса не істеу керек? Кассир нөмірімен біреу тұрақты кіріп жүр деген сөз. Нөмірді басқа, ешкім қолданбайтын нөмірге ауыстырған дұрыс: Кассир ауысты немесе нөмірі өзгерді.

Байланысты мақалалар

Кассир нөміріне қойылатын үш шартҚосылудың сәтті өтуі түгелдей осы үш шартқа байланысты: нақты SIM, иесінің ЖСН-іне ЖК/ЖШС тіркелмеген болуы және нөмірде тек «Кассир» рөлі. Нөмірді алдын ала қалай таңдау керек.Кассир ауысты немесе нөмірі өзгерді — не істеу керекКассир жұмыстан кетті, нөмірі ауысты, SIM жоғалды немесе бизнес иесі ауысты. Әр жағдайда кабинетте нені басу керек және бұрынғы счёттарға не болады.Қателер каталогы — API не қайтарады және не істеу керекQut Pay API-інің барлық негізгі қате кодтары топтап берілген: авторизация, Kaspi байланысы, счёт, қайтару, тариф лимиті, webhook, жазылым. Әрқайсысының себебі және шешімі.Кассир қосылмай жатыр — себебі және шешіміСимптом бойынша диагностика: Kaspi пароль немесе видеоверификация сұраса, ЖСН сұраса, SMS келмесе немесе код өтіп кетсе — әрқайсысының себебі мен шешімі. SMS уақыттары да осында.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.