Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Анықтамалық

Ашық сомалы төлем сілтемелері — соманы клиент енгізеді

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Ашық сомалы сілтеме — соманы клиенттің өзі енгізетін тұрақты төлем беті. Сіз сілтемені бір рет жасайсыз, ол qut.kz/p/<slug> түрінде тұрақты мекенжай алады, ал әр адам өз сомасын енгізіп төлейді.

Жасау орны: кабинеттің Сілтемелер бөлімі. Соманы бос қалдырсаңыз — сілтеме ашық сомалы болады. Код жазудың қажеті жоқ.

Клиент соманы енгізіп «Төлеу» батырмасын басқанда, сол сәтте нақты счёт жасалады және әдеттегі QR счёт сияқты жүреді.

Қашан пайдалы

СценарийНеге ашық сома
Қайырымдылық, садақа, жоба қолдауыӘркім қалаған сомасын береді
Шәкіртақы, жарна, мүшелік жарнаСомасы әртүрлі, бірақ бір сілтеме жеткілікті
Кеңес беру, репетиторлық, коучингСағат саны мен бағасы әр клиентте әртүрлі
Қосымша жұмыс, түзету, шұғыл тапсырысӘр жолы бөлек келісіледі
Кофехананың «чаевые» QR-ыКлиент өзі шешеді
Алдын ала төлем, депозитКлиент келісілген үлесін енгізеді

Сомасы әр төлемде өзгеретін, бірақ әр клиентке жеке счёт жасағыңыз келмейтін жағдайлардың бәрі осыған келеді.

Белгіленген сомалы сілтемеден айырмашылығы

Белгіленген сомаАшық сома
Соманы кім қоядыСіз, сілтемені жасағандаКлиент, төлер алдында
Қатені кім жібередіСіз (бір рет)Клиент (әр төлемде)
Басып қоюға ыңғайлы маИә, бір тауарғаИә, әмбебап QR ретінде
ЕсепСома әрқашан бірдейСома әртүрлі, тексеру керек
Қашан таңдауБір ғана тауар немесе қызметСомасы құбылмалы қызмет

Екеуі де бір бөлімде жасалады, айырмашылығы жалғыз өрісте: Сома өрісін толтырсаңыз — белгіленген, бос қалдырсаңыз — ашық.

Ең аз және ең көп сома

Ашық сома дегеніміз шектеусіз деген сөз емес. Сілтемеде екі қосымша өріс бар:

Шектен шыққанда клиент бірден түсінікті қате көреді және счёт жасалмайды. Одан бөлек бір төлемге жалпы шек бар: 5 000 000 ₸.

Кеңес: екеуін де қойыңыз. Мысалы кеңес беру үшін мин 2 000, макс 200 000. Бұл клиенттің қате басуынан және кездейсоқ ірі сомадан қорғайды.

Клиенттен қандай дерек сұрауға болады

Сілтемені баптағанда «Сұралатын өрістер» ішінен таңдайсыз:

ӨрісҚашан керек
АтыКімнен түскенін білу үшін — қайырымдылықта, жарнада міндетті
ТелефонБайланысу немесе төлемді тапсырыспен салыстыру үшін
EmailЧекті немесе қолжетімділікті жіберу үшін
ПікірНе үшін төлегенін клиент өзі жазады

Клиент жазған пікір счёттың сипаттамасына қосылады: «Кеңес беру: желтоқсан айы». Яғни ол клиенттің өзіне де көрінеді — құпия дерек сұрамаңыз.

Тек қажетін ғана сұраңыз: әр артық өріс төлемнен бас тарту ықтималдығын арттырады. QR арқылы төлеу үшін бірде-бір өріс міндетті емес.

Есеп жүргізу

Ашық сомада «жоспарлы сома» болмағандықтан, есепті басқаша жүргізесіз.

Бірнеше бағыт болса (мысалы «Қайырымдылық» және «Кеңес беру»), әр бағытқа бөлек сілтеме жасаңыз — есеп сонда өзінен-өзі бөлінеді. Бір ұйымда ең көбі 50 сілтеме.

Сілтемені басқару

Жиі қойылатын сұрақтар

Клиент нөл немесе теріс сома енгізе ала ма? Жоқ, ондай сома қабылданбайды. Ең аз соманы өзіңіз де қойыңыз.

Тиын енгізуге бола ма? QR счётта ең көбі екі ондық таңба. Дөңгелек сомаға бейімделген нүктелерде мин/макс арқылы реттеп қойған дұрыс.

Бір сілтемені бірнеше адам қатар аша ала ма? Иә. Әр адамға өз счёті жасалады, олар бір-біріне кедергі келтірмейді.

Ашық сомалы сілтеме sandbox-та жұмыс істей ме? Иә, режим ұйымға ортақ. Sandbox режимінде нақты ақша жүрмейді: Sandbox пен нақты режим.

Клиент телефонына счёт келе ме? Сілтеме QR және төлем беті арқылы жұмыс істейді. Клиенттің Kaspi-іне тікелей push жіберу керек болса, ол бөлек сценарий: QR счёт пен телефонға счёт.

Байланысты мақалалар

Төлем сілтемелері — тұрақты мекенжай арқылы қабылдауqut.kz/p/<slug> түріндегі тұрақты төлем сілтемесі: өз атауыңызды қою, белгіленген және ашық сома, тоқтату мен қайта қосу, счёт сілтемесінен айырмашылығы, есеп және қате кодтары.Фрилансер мен жеке маманғаЕң қарапайым сценарий: кабинетке кіресіз, счёт шығарасыз, сілтемені клиентке жібересіз. Тұрақты сілтеме, ашық сомалы сілтеме, Telegram боттан счёт. Код керек емес.Instagram арқылы сатуғаДиректтегі жұмыс реті: төлем сілтемесі, кабинеттен қолмен счёт, Telegram боттан счёт шығару. Бәрі кодсыз істейді. Тапсырысты шатастырмай есеп жүргізу жолы.Әзірлеуші жоқ — қалай бастау керекКод жазбай-ақ жұмыс істеудің бес жолы: кабинеттен қолмен счёт, тұрақты төлем сілтемелері, Telegram бот, WooCommerce/OpenCart модульдері және Tilda форма-хугы.Бірінші счётты қалай жасау керекЕкі жолы бар: кабинеттен қолмен екі өрісті толтырып немесе API арқылы бір сұраумен. Алдымен sandbox-та жасап, төлемді симуляциялап көру ұтымды.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.