Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Бастау

Кассир нөмірі мен өз нөміріңіз — айырмашылығы

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Жүйеде үш түрлі нөмір бар және оларды шатастыру — жаңадан бастағандардың ең жиі кездесетін қатесі. Жеке нөміріңіз кабинетке кіру үшін. Кассир нөмірі — Kaspi Pay-де «Кассир» рөлі берілген, бөлек SIM-дегі нөмір. Клиент нөмірі — телефонға счёт жібергенде қолданылады. Ең бастысы: өз нөміріңізді кассир қылмаңыз, себебі кассир нөмірімен Kaspi Pay қосымшасына кіруге болмайды.

Үш нөмір

Жеке нөміріңізКассир нөміріКлиент нөмірі
Не үшінКабинетке кіру, хабарламаларKaspi-де счёт шығаруТелефонға счёт жіберу
Қайда енгізіледіhttps://qut.kz/app кіру бетіндеКабинет → Kaspi → байланыстыруСчёт жасағанда customer.phone
Kaspi Pay-де рөліИесі немесе басқа рөл болуы мүмкінТек «Кассир»Ешқандай, ол сіздің клиентіңіз
Kaspi Pay қосымшасына кіруге бола маИә, әдеттегідейЖоқ — сессия үзіледіКлиенттің өз ісі
Кімге көрінедіТек сізгеКлиентке (Kaspi көрсетеді)Тек сізге
SMS келе меКіру кодын алғандаБайланыстырғандаСчёт туралы push
ПішіміКез келген өз нөміріңізНақты SIM, SMS қабылдайтын7XXXXXXXXXX

Жеке нөміріңіз

Кабинетке нөмір арқылы кіресіз — пароль жоқ. Кіру коды WhatsApp арқылы, Telegram арқылы немесе SMS-пен келеді.

Бұл нөмір — сіздің әдеттегі жұмыс нөміріңіз. Kaspi Pay-де сіз иесі болсаңыз да, басқа рөлде отырсаңыз да, оған ешқандай шектеу жоқ: Kaspi қосымшасын қалағаныңызша ашасыз.

Жиі кездесетін қате: кабинетке кассир нөмірімен кіруге тырысу. Кабинет ол нөмірді танымайды немесе бос кабинет ашылады — өйткені ұйым сіздің жеке нөміріңізге тіркелген. Өз нөміріңізбен кіріңіз.

Кассир нөмірі

Бұл — Kaspi Pay-де «Кассир» рөлі берілген бөлек нөмір. Оны Kaspi Pay қосымшасында (веб-кабинет емес) Настройки → Сотрудники → Добавить сотрудника арқылы қосасыз, рөлі «Кассир» болуы керек.

Нөмірге үш шарт қойылады:

  1. Нақты SIM, SMS қабылдайтын. Виртуалды нөмір, IP-телефония жарамайды.
  2. Нөмір иесінің ЖСН-іне Kaspi Pay-де ЖК немесе ЖШС тіркелмеген болуы керек. Әйтпесе Kaspi SMS орнына пароль мен видеоверификация сұрайды, оны өту мүмкін емес. Иесі кәмелетке толған болуы керек.
  3. Нөмірде тек «Кассир» рөлі. Басқа рөлдер болса өтпейді.

Оған қоса SIM белсенді болып тұруы керек: оператор нөмірді өшіріп тастаса, байланыс жұмысын тоқтатады.

Жиі кездесетін қате: кассир нөмірімен Kaspi Pay қосымшасына кіру. Kaspi бір кассирге бір ғана белсенді құрылғыға рұқсат береді, сондықтан ол нөмірмен қосымшаға кірген сәтте біздің сессия үзіледі де, счёт шығару тоқтайды: Кассир байланысы үзілді.

Тағы бір нәрсе: кассир нөмірі клиентке счёт туралы хабарламада көрінеді. Бұл Kaspi-дің қалыпты жұмысы, жасыруға болмайды.

Клиент нөмірі

Телефонға счёт (kind: "phone") шығарғанда клиенттің нөмірі керек — Kaspi сол нөмірдегі Kaspi қосымшасына push жібереді. Пішімі: 7XXXXXXXXXX.

Жиі кездесетін қате: клиент нөмірінің орнына кассир нөмірін немесе өз нөміріңізді жазу. Сонда счёт өзіңізге келеді де, клиент ештеңе көрмейді.

Екінші қате: клиентте Kaspi қосымшасы жоқ немесе ол нөмірге тіркелмеген. Мұндайда телефонға счёт жетпейді — QR немесе төлем сілтемесін беріңіз.

Неге өз нөміріңізді кассир қылуға болмайды

Себебі бір-ақ, бірақ ол шешуші: кассир нөмірімен Kaspi Pay қосымшасына кіруге болмайды.

Өз нөміріңізді кассир қылсаңыз, Kaspi Pay-ді ашқан сайын байланыс үзіледі. Ал сіз оны күнде ашасыз: түскен ақшаны көру үшін, есеп айырысуды тексеру үшін, басқа операциялар үшін. Нәтижесінде счёт шығару күніне бірнеше рет тоқтайды, әр жолы қайта байланыстыруға тура келеді, ал арасында клиенттер төлей алмай қалады.

Оның үстіне екінші шарт жиі бөгет болады: Kaspi Pay-де ЖК немесе ЖШС тіркелген ЖСН-нің иесі болсаңыз (әдетте бизнес иесі дәл солай), Kaspi сіздің нөміріңізден SMS орнына пароль мен видеоверификация сұрайды. Оны өту мүмкін емес, яғни байланыстыру сәтсіз аяқталады.

Дұрыс шешім: бөлек SIM алыңыз. Ол нөмір тек осы жұмыс үшін болсын, ондағы телефонды ешкім қолданбасын, Kaspi Pay қосымшасын оған орнатпаңыз.

Кімнің нөмірін алуға болады

Кассир байланысы үзілгенде бірден білу үшін Telegram ботын қосыңыз: Telegram ботын қосу.

Жиі қойылатын сұрақтар

Кассир нөмірімен жеке Kaspi қосымшасын пайдалануға бола ма? Жеке Kaspi (банк қосымшасы) мен Kaspi Pay (бизнес қосымшасы) — екі бөлек нәрсе. Ашпау керегі — Kaspi Pay.

Бір нөмірді екі ұйымға кассир қылуға бола ма? Кассир Kaspi-дегі нақты бір ұйымға байланады. Әр ұйымға өз кассирін қосқан дұрыс, әйтпесе счёттар басқа ұйымның шотына түсуі мүмкін.

Кассир нөмірі клиентке көрінбей тұрсын десем? Мұны өзгерту мүмкін емес, оны Kaspi көрсетеді. Сол себепті ол нөмір жеке нөміріңіз болмағаны жөн.

Кабинетке кассир нөмірімен кіріп көрдім, бос кабинет шықты. Неге? Ұйым сіздің жеке нөміріңізге тіркелген. Сол нөмірмен кіріңіз.

Кассир нөмірін ауыстырсам, API кілттерім өзгере ме? Жоқ. Кілттер мен webhook баптаулары сол күйі қалады. Кілт нақты кассирге байланған болса ғана, оны жаңа кассирге қайта байлау керек.

Байланысты мақалалар

Қосу қауіпсіз бе және сервис қалай құрылғанСервис Kaspi Pay-дегі шектеулі «Кассир» рөлі арқылы жұмыс істейді: счёт шығарады, күйін көреді, өз счёттары бойынша қайтару жасайды. Ақшаға қол жеткізе алмайды. Нені сақтаймыз және қалай ажыратасыз.Кассир байланысы үзілді — қалай қалпына келтіруСчёттар кенет жасалмай қалса, Kaspi сессиясы үзілген. Қалпына келтіру бір минут алады. Себебі, қадамдары және қайталанбауы үшін не істеу керек.Ұйым деректерін толтыруҰйым атауы, дүкен атауы, заңды деректер мен байланыс кабинеттегі Баптау бөлімінде толтырылады. Клиент қайсысын көреді, чекте не жазылады және атауды қалай өзгертуге болады.Telegram ботын қосуКабинеттегі Баптау бөлімінен байланыстыру кодын аласыз да, @qutpaybot ботына /start КОД деп жазасыз. Жеке чатқа да, топқа да қосуға болады. Қандай хабарламалар келеді және қандай командалар бар.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.