Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Бастау

Telegram ботын қосу

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Telegram-да @qutpaybot ботын ашасыз, кабинеттегі Баптау бөлімінен байланыстыру кодын аласыз да, ботқа /start КОД деп жазасыз. Болды. Одан кейін төлемдер, қайтарулар, кассир байланысының үзілуі және лимит ескертулері сол чатқа келіп тұрады. Ботты жеке чатқа да, командалық топқа да қосуға болады.

Қалай қосу керек

  1. Кабинетке кіресіз: https://qut.kz/app
  2. Баптау бөлімін ашып, Telegram блогынан байланыстыру кодын аласыз.
  3. Telegram-да @qutpaybot ботын табасыз.
  4. Ботқа /start және кодты бірге жазасыз: /start КОД.
  5. Бот байланысқанын растайды. Кабинеттегі блокта да чат байланысқаны көрінеді.

Код бір ұйымға байланады. Аккаунтта бірнеше ұйым болса, әрқайсысы үшін жеке код аласыз — сонда әр ұйымның хабарламасы өз чатына келеді.

Топқа қосу

Ботты жеке чатқа емес, командалық топқа қосуға да болады — сонда хабарламаларды бірнеше адам бірден көреді.

  1. Ботты топқа қосасыз (Add member → @qutpaybot).
  2. Сол топта /start КОД деп жазасыз.

Топта бір жағдайды білу керек: Telegram-да боттар үшін құпиялық режимі (privacy mode) бар, ол қосулы болса бот топтағы барлық хабарды көрмейді. Сондықтан топта командаларды боттың атын қосып жазған сенімді: /today@qutpaybot. Бот жауап бермей қалса, алдымен осыны көріңіз.

Топқа қосқанда кімдер бар екеніне назар аударыңыз: чатқа счёт сомалары мен клиент деректері келеді.

Қандай хабарламалар келеді

ХабарламаҚашан келедіНеге маңызды
Төлем туралыСчёт төленген сәттеОфлайн нүктеде төлемді бірден көресіз, чек сұрамайсыз
Қайтару туралыҚайтару өткендеҚызметкер қайтару жасаса, сіз бірден білесіз
Кассир байланысы үзілгеніKaspi сессиясы үзілгендеЕң маңыздысы: счёт шығару тоқтағанын клиенттер хабарлағанша білесіз
Лимит ескертуіАйлық лимит таусылып қалғандаТарифті алдын ала көтеріп үлгересіз

Байланыс үзілгені туралы хабарлама — ботты қосудың басты себебі. Онсыз мәселені көбіне клиент «төлей алмай жатырмын» деп жазғанда ғана білесіз: Кассир байланысы үзілді.

Командалар

КомандаНе істейді
/invoiceСчёт шығару
/todayБүгінгі қорытынды
/lastСоңғы счёттар
/statusҚызмет пен байланыстың күйі
/cancelСчётты болдырмау
/supportҚолдауға жазу

/invoice командасы әзірлеуші жоқ кезде пайдалы: телефонды ашып, счётты сол жерден шығарасыз. /status — «мәселе менде ме» деген сұраққа ең жылдам жауап.

Қолдауға жазудың басқа жолдары да бар: Қолдауға қалай жазу керек.

Ботты ажырату

Чатты Баптау бөлімінен ажыратасыз — содан кейін ол чатқа хабарлама келмейді. Telegram жағында ботты блоктау немесе топтан шығарып жіберу де жеткілікті.

Ботты ажырату счёттарыңызға, API кілттеріңізге және Kaspi байланысыңызға әсер етпейді. Бот — тек хабарлама арнасы.

Жиі қойылатын сұрақтар

Бот жауап бермей жатыр, не тексеру керек? Үш нәрсе: чат байланысқан ба (Баптау бөлімінде көрінеді), ботты блоктап қоймадыңыз ба, топта командаға @qutpaybot қосып жазып көрдіңіз бе.

Бірнеше чатқа қосуға бола ма? Иә. Мысалы, бір топ — сатылым бөліміне, жеке чат — өзіңізге.

Бот арқылы ақшаға қол жеткізуге бола ма? Жоқ. Бот тек счёт шығарады және ақпарат береді, ақшаға қол жеткізу мүмкіндігі жүйенің ешбір бөлігінде жоқ.

Код өтіп кетсе не істеймін? Кабинеттегі Баптау бөлімінен жаңа код аласыз.

Sandbox счёттары туралы да хабарлама келе ме? Иә, режим бойынша бөлек көрінеді. Сынау кезінде бұл ыңғайлы: хабарламаның келетінін бірден тексересіз.

Байланысты мақалалар

Қолдауға қалай жазу керекАлдымен білім базасынан іздеңіз, содан кейін кабинеттегі Қолдау бөлімі, WhatsApp, Telegram немесе email. Бірінші хатқа нені қосу керек және ол неге жауапты бір айналымға жылдамдатады.Кассир байланысы үзілді — қалай қалпына келтіруСчёттар кенет жасалмай қалса, Kaspi сессиясы үзілген. Қалпына келтіру бір минут алады. Себебі, қадамдары және қайталанбауы үшін не істеу керек.Ұйым деректерін толтыруҰйым атауы, дүкен атауы, заңды деректер мен байланыс кабинеттегі Баптау бөлімінде толтырылады. Клиент қайсысын көреді, чекте не жазылады және атауды қалай өзгертуге болады.Кассир нөмірі мен өз нөміріңіз — айырмашылығыЖүйеде үш түрлі нөмір бар: жеке нөміріңіз, кассир нөмірі және клиенттің нөмірі. Әрқайсысы не үшін, қандай қате жиі кездеседі және өз нөміріңізді неге кассир қылуға болмайды.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.