Қысқаша
Сервис сіздің Kaspi Pay аккаунтыңыздағы «Кассир» рөлі арқылы жұмыс істейді. Бұл рөлдің құқығы аз: счёт шығару, счёттың күйін көру және өзі шығарған счёттар бойынша қайтару жасау. Аударым жасау, шоттан ақша алу, деректемелерді өзгерту, басқа қызметкерлерді басқару — бұлардың бірі де рөлге кірмейді. Сессия шифрланған күйде сақталады, байланысты кабинеттен бір батырмамен үзуге болады, ал Kaspi Pay-де қызметкерді өшірсеңіз де жеткілікті.
«Кассир» рөлі нені істей алады және нені істей алмайды
Kaspi Pay-де бес рөл бар: Управляющий, Бухгалтер, Кассир, Менеджер Магазина, Менеджер Маркетинга. Біз солардың ішінен ең шектеулісімен — «Кассир» рөлімен жұмыс істейміз, себебі QR арқылы төлем қабылдау құқығы сонда ғана бар.
| Әрекет | «Кассир» рөлінде |
|---|---|
| Счёт шығару (QR немесе телефонға) | Иә |
| Счёттың күйін көру | Иә |
| Өзі шығарған счёт бойынша қайтару | Иә |
| Шоттан аударым жасау | Жоқ |
| Ақшаны шығару, төлем жасау | Жоқ |
| Ұйым деректемелерін өзгерту | Жоқ |
| Қызметкер қосу немесе өшіру | Жоқ |
| Kaspi-дегі есеп айырысу бөлімін көру | Жоқ |
| Несие, депозит, өзге банк өнімдері | Жоқ |
Яғни ең жаман жағдайда да біреу сіздің атыңыздан счёт шығара алады, ақшаны ала алмайды. Ақша қайда жүретіні туралы: Ақша қашан және қайда түседі.
Сессия қалай сақталады
Kaspi-мен байланысу SMS коды арқылы бір рет жасалады, содан кейін сессия сақталады және счёт шығару үшін сол қолданылады.
- Сессия деректері шифрланған күйде сақталады.
- Kaspi бір кассир нөміріне бір ғана белсенді құрылғыға рұқсат береді. Сол нөмірмен Kaspi Pay қосымшасына кірсе, біздің сессия үзіледі. Бұл — Kaspi-дің қауіпсіздік шектеуі: Кассир байланысы үзілді.
- Сессия үзілгенде счёт шығару тоқтайды, бірақ бұрын төленген счёттарға да, Kaspi шотыңызға да ештеңе болмайды.
Кез келген уақытта ажыратуға болады
Байланысты үзудің екі жолы бар, екеуі де сіздің қолыңызда:
- Кабинеттен. Kaspi кассирлері бөліміне кіріп, байланысты ажыратасыз. Осыдан кейін біз сіздің атыңыздан ешқандай счёт шығара алмаймыз.
- Kaspi Pay қосымшасынан. Настройки → Сотрудники ішінен сол қызметкерді өшіресіз. Бұл да жеткілікті: рөл жойылған соң сессия жарамсыз болады, бізден рұқсат сұраудың қажеті жоқ.
Екінші жол маңызды: ажырату толығымен Kaspi жағында, бізге тәуелсіз жасалады.
Не сақтаймыз, не сақтамаймыз
Сақтаймыз — қызметтің жұмысына қажетті бөлігі:
- Kaspi сессиясы (шифрланған) және кассир нөмірі
- Счёттар: сомасы, сипаттамасы, күйі, уақыты, оқиғалар тарихы
- Сіз өзіңіз бергеніңіз:
externalOrderId,metadata, клиенттің аты/телефоны/email — бұларды счёт жасағанда өзіңіз жіберсеңіз ғана - Webhook жеткізу журналы және API кілттердің баптаулары
Сақтамаймыз — техникалық тұрғыдан бізге келмейтіндер:
- Клиенттің карта деректері, шот нөмірі, балансы. Төлем толығымен Kaspi қосымшасының ішінде өтеді, біз ол экранды да көрмейміз
- Сіздің Kaspi Pay кабинетіңізге кіру деректері. Бізде пароль жоқ, байланыстыру SMS коды арқылы
- Kaspi-дегі шот балансыңыз және есеп айырысу үзінділеріңіз
Интеграция жағындағы қауіпсіздік
Бір бөлігі сіздің қолыңызда — API кілтті қалай ұстайтыныңыз:
- Кілт тек серверде болсын. Браузерде орындалатын кодқа, мобильді қосымшаның ішіне (APK/IPA), жария репозиторийге салмаңыз.
- Ең аз құқық принципі. Кілтке тек керекті scope-тарды беріңіз:
invoices:read,invoices:write,refunds:write,subscriptions:manage,webhooks:manage,partner:manage. - Кілтті нақты кассирге байлауға болады. Сонда сол кілт басқа кассирдің счёттарын мүлде көрмейді.
- Webhook-та қолтаңбаны тексеріңіз.
HMAC-SHA256(secret, timestamp + "." + rawBody), денені өзгертілмеген байт күйінде, ал 5 минуттан ескіtimestampқабылданбасын. - Кілт сыртқа шығып кетсе — ескісін бірден жойып, жаңасын жасайсыз. Ескі кілт сол сәтте жұмысын тоқтатады.
Сервис Kaspi-мен қандай қатынаста
Qut Pay — тәуелсіз сервис. Біз Kaspi-дің өкілі емеспіз, оның атынан уәде бермейміз және оның шарттарын өзгерте алмаймыз. Біз істейтініміз — сіздің өз аккаунтыңыздағы «Кассир» рөлін автоматтандыру. Kaspi өз ережелерін кез келген уақытта өзгерте алады, ал біз ондай өзгеріске бейімделуге тырысамыз.
Сондықтан шешім қабылдағанда осыны ескеріңіз: сервисті кез келген уақытта ажыратуға болады, ал ажыратқан соң Kaspi Pay-іңіз бұрынғыдай жұмысын жалғастырады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Сіздер менің ақшама қол жеткізе аласыздар ма? Жоқ. «Кассир» рөлінде аударым жасау құқығы жоқ, ал ақша ешқашан бізге түспейді.
Kaspi паролімді беру керек пе? Жоқ. Байланыстыру кассир нөміріне келген SMS коды арқылы жүреді, пароль мүлде сұралмайды.
Ажыратсам, бұрынғы деректерім не болады? Счёттар тарихы кабинетте қалады, оны экспорттап ала аласыз. Kaspi шотыңызға және өткен төлемдерге ештеңе болмайды.
Қызметкерім кабинетті ашса, не көреді? Оған берген рөліңізге байланысты: кабинетте owner, manager және developer рөлдері бар, әрқайсысы әртүрлі бөлімдерді көреді.
Клиенттің деректері кімге көрінеді? Тек сізге және кабинетке кіру құқығы бар қызметкерлеріңізге. Клиент деректерін счёт жасағанда өзіңіз жібересіз — жібермесеңіз, бізде ол деректер де болмайды.