Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Мәселені шешу

Экспорт ашылмайды немесе дұрыс емес болып көрінеді

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Экспорттың үш жиі мәселесі бар және үшеуінің де себебі файлда емес. Иероглиф — Excel файлды UTF-8 деп танымағаны, файлды «Данные → Из текста/CSV» арқылы ашып, кодтауды UTF-8 қойсаңыз түзеледі. Бәрі бір бағанда — бөлгіш дұрыс таңдалмағаны. Счёттар жетіспейді — кезең сүзгісі немесе режим сүзгісі: sandbox счёттары нақты счёттардан бөлек тұрады. Файлдың өзін қолмен түзетудің қажеті жоқ, дұрыс ашсаңыз бәрі орнында.

Excel-де иероглиф шығады

Ең жиі кездесетіні. Файлда мәтін дұрыс, бірақ Excel оны өз компьютеріңіздің ескі кодтауымен оқып, қазақша мен орысша әріптерді бұзып көрсетеді.

Дұрыс ашу реті (Excel):

  1. Excel-де бос кітап ашыңыз
  2. ДанныеПолучить данныеИз текста/CSV (нұсқаға қарай «Из файла»)
  3. Файлды таңдаңыз
  4. Ашылған терезеде Кодировка файла (File Origin) өрісін 65001: Юникод (UTF-8) етіп қойыңыз
  5. Бөлгішті дұрыс таңдап, Загрузить басыңыз

Файлды екі рет шертіп ашсаңыз, Excel бұл қадамдарды сұрамай, өзінше шешім қабылдайды — сондықтан иероглиф шығады.

Оңай жол: файлды Google Sheets немесе LibreOffice Calc арқылы ашыңыз. Екеуі де UTF-8-ті өзі дұрыс таниды, ешқандай баптау керек емес.

Бәрі бір бағанға сыйып кеткен

Бұл — бөлгіш мәселесі. Excel сіздің жүйеңіздің аймақтық баптауына сүйеніп, «тізім бөлгіші» ретінде үтірді немесе нүктелі үтірді күтеді. Егер файлдағы бөлгіш басқа болса, бүкіл жол бір ұяшыққа түседі.

Шешімі сол — файлды «Из текста/CSV» арқылы ашу. Сол терезеде Разделитель өрісі бар, оны файлдағы бөлгішке сай қойыңыз. Алдын ала қарау терезесінде бағандар дұрыс бөлінгенін бірден көресіз.

Файлды блокнотпен ашып, бірінші жолды қарасаңыз, қандай бөлгіш қолданылғаны көрініп тұрады.

Ұзын сандар мен телефон бұзылып кетеді

Excel-дің тағы бір әдеті: ұзын сандарды ғылыми пішімге (7,7051E+10) айналдырады немесе басындағы нөлді алып тастайды. Бұл әсіресе телефон нөмірі мен тапсырыс нөміріне тиеді.

Алдын алу: «Из текста/CSV» терезесінде бағанның типін Текст етіп қойыңыз. Файл жүктеліп болған соң түзету қиын, сондықтан жүктер алдында қойған дұрыс.

Сома бағанында керісінше — ол сан болып қалуы керек, әйтпесе қосынды шықпайды.

Счёттар жетіспейді немесе артық

Файлда күткен счёттарыңыз жоқ болса, себебі әдетте сүзгіде.

Не болып тұрТексеретін жер
Кейбір күндер жоқКезең сүзгісі. Басы мен соңын қайта қойыңыз
Барлық счёт «тестілік» болып тұрРежим сүзгісі. Sandbox режимінде тұрсыз
Нақты счёттар жоқСол себеп: sandbox пен live бөлек, аралас көрсетілмейді
Тек бір нүктенің счёттарыКілт нақты кассирге байланған болса, ол тек өз счёттарын көреді
Мүлде бос файлТаңдалған кезеңде счёт болмаған, немесе басқа ұйымда тұрсыз

Sandbox пен live бөлек. Sandbox счёттары нақты ақша жүрмейтін тест жазбалары, оларды нақты есепке қосуға болмайды. Экспортты бухгалтерияға берер алдында нақты режимде тұрғаныңызға көз жеткізіңіз.

Бірнеше ұйым жүргізсеңіз, әр ұйымның экспорты бөлек: Бір аккаунтта бірнеше ұйым.

Бағандар нені білдіреді

Бағандар счёттың өрістеріне сай келеді: идентификаторы, жасалған уақыты, сомасы, сипаттамасы, күйі, сіздің тапсырыс нөміріңіз (externalOrderId), клиент деректері.

Күй бағанын оқығанда мынаны есте ұстаңыз:

КүйЕсепте нені білдіреді
new, pendingАшық счёт, ақша әлі түспеген
paidТөленген
cancelled, expiredЖабылған, ақша жоқ
refundedТөленген, сосын толық қайтарылған
partially_refundedТөленген, бір бөлігі қайтарылған

Түсім есептегенде paid, refunded және partially_refunded — бәрі төленген счёттар, бірақ соңғы екеуінде қайтарылған соманы шегеру керек. new мен pending счёттарды түсімге қоспаңыз: олар әлі төленбеген.

Бухгалтерияға беру

Жиі қойылатын сұрақтар

Файл мүлде жүктелмейді. Браузердің жүктеу бөгегішін немесе корпоративтік сүзгіні тексеріңіз. Басқа браузерде қайталап көріңіз.

Экспорт бұрынғыдан аз жол қайтарды, бірақ сүзгі сол. Есептен кейін кейбір счёттар қайтарылған болуы мүмкін — олардың күйі өзгерген, бірақ жолдың өзі жоғалмайды. Күй бағанын салыстырыңыз.

Тиын неге жоқ? QR счётта сома ең көбі екі ондық болады, телефонға жіберілетін счёт бүтін теңгемен жүреді. Сондықтан кейбір жолдарда ондық бөлік болмайды.

Файлды қолмен түзетуге бола ма? Болады, бірақ қажет емес. Дұрыс ашсаңыз, деректер бүтін. Қолмен түзету қате енгізу қаупін ғана арттырады.

Экспортта клиенттің толық деректері бола ма? Тек сіз счёт жасағанда өзіңіз берген деректер. Біз клиент туралы қосымша ақпарат жинамаймыз.

Байланысты мақалалар

Төлем баяу расталады — неге және не істеу керекКлиент төледі, бірақ счёт бірден paid болмайды. Мұнда тексеру жиілігі жасына қарай қалай өзгеретіні, іс жүзіндегі уақыт және кідіріске сезімтал сценарийде не істеу керегі жазылған.Ақша қашан және қайда түседіКлиент төлеген сәтте ақша тіке сіздің Kaspi Pay шотыңызға түседі — бізде ұсталмайды. Қызмет ақысы төлем сомасынан емес, айлық жазылым. Есеп айырысу мен сверка қалай жүреді.Бір аккаунтта бірнеше ұйымБір нөмірмен кіріп, бірнеше ұйымды бөлек жүргізуге болады. Әр ұйымның өз кассирі, кілттері, webhook-і және тарифі. Тарифтер қосылмайды — әрқайсысы бөлек төленеді.«Ұйым архивте» деген қате — не істеу керекAPI organization_inactive (410) қайтарса, кілт емес, ұйым белсенді емес. Жаңа кілт жасау көмектеспейді. Себептері, дұрыс кілтті таңдау және қолдауға жазғанда нені көрсету керек.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.