Қысқаша
Ақша тіке сіздің Kaspi Pay шотыңызға түседі, клиент төлемді растаған сол сәтте. Біз ақшаны ұстамаймыз, аралық шот ашпаймыз, транзакциядан пайыз алмаймыз. Бізден келетіні — счёттың күйі: «төленді» деген белгі және webhook. Қызмет ақысы төлем сомасына байланбаған, ол айлық жазылым.
Ақшаның жолы
Ақша мен ақпараттың жолы бөлек. Осыны түсінсеңіз, қалғаны оңай.
| Қадам | Кім жасайды | Ақша қайда |
|---|---|---|
| Счёт шығарылады | Qut Pay сіздің Kaspi «Кассир» рөліңіз арқылы | Әлі жоқ |
| Клиент QR сканерлейді немесе сілтемені ашады | Клиент | Әлі жоқ |
| Клиент Kaspi қосымшасында растайды | Клиент | Клиенттен сіздің Kaspi шотыңызға |
Счёт paid болады, webhook келеді | Qut Pay | Ақша сізде, бізде емес |
Яғни ақша Kaspi ішінде жүреді: клиенттің Kaspi-інен сіздің Kaspi Pay шотыңызға. Біз бұл жолдың ешбір нүктесінде тұрмаймыз.
Бізде не болмайды
- Аралық шот жоқ. Біз ақшаны қабылдамаймыз, сақтамаймыз, жібермейміз.
- Ұстап тұру мерзімі жоқ. Бізде ақша тұрмағандықтан, «шығару», «вывод», «холд» деген ұғымдар да жоқ.
- Транзакциядан пайыз алмаймыз. Счёт сомасы 500 ₸ болсын, 500 000 ₸ болсын — қызмет ақысы өзгермейді.
- Ақшаны қайтару да Kaspi арқылы. Қайтару жасағанда сома сіздің Kaspi шотыңыздан клиентке қайтады, біз тек бұйрықты жеткіземіз.
Сондықтан «ақшам сізде қалып қойды» деген жағдай техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Егер счёт paid, ал Kaspi шотыңызда сома көрінбесе, себебі басқа жақта: көбіне тест режимі қосулы қалған немесе кассир басқа Kaspi ұйымына тиесілі.
Kaspi өз шарттарын өзі анықтайды
Kaspi Pay — сіз бен Kaspi арасындағы келісім. Тарифі, есеп айырысу кестесі, ұстап қалатын сомасы — бәрі сол келісімде. Біз оған қатыспаймыз және ол шарттарды өзгерте алмаймыз.
Нақты шарттарыңызды Kaspi Pay кабинетінен көресіз: онда есеп айырысу кестесі, шотқа түскен сомалар және Kaspi ұстаған бөлігі көрсетіледі. Бізде ол деректер жоқ — біз Kaspi-дің есеп айырысу бөлігін көрмейміз.
Сол себепті біз Kaspi атынан ешқандай сан айта алмаймыз. Бір мерчантта бір шарт, екіншісінде басқа шарт болуы мүмкін.
Қызмет ақысы қалай алынады
Qut Pay-дің ақысы — айлық жазылым, тарифке сай. Ол Kaspi-дегі ақшаңызға тиіспейді және счёт сомасынан алынбайды. Тариф тек айына шығара алатын счёт санын анықтайды.
Тарифті кабинеттегі Тариф бөлімінен төлейсіз. Қайсысын таңдау керегі: Қай тарифті таңдау керек. Төлеу реті: Тарифті қалай төлеу керек.
Сверка: не нәрсемен салыстыру керек
Айдың соңында екі дереккөзді салыстырасыз:
- Qut Pay кабинетіндегі Счёттар бөлімі — қандай счёт шығарылды, қайсысы төленді, қайсысы қайтарылды. Кезең мен күй бойынша сүзіп, экспорттауға болады.
- Kaspi Pay кабинетіндегі операциялар — шотқа нақты қандай сома түсті.
Салыстырғанда мыналарды ескеріңіз:
- Төленген деп есептелетін күйлер:
paid,refunded,partially_refunded. Соңғы екеуі де бір кезде төленген, кейін ақшасы толық немесе ішінара қайтарылған счёттар. cancelledжәнеexpiredсчёттар — ақшасы жүрмеген счёттар.- Кеш төлем болады. Жабылған счётқа ақша кешігіп келсе,
invoice.paidоқиғасыlate: trueбелгісімен кейін де келуі мүмкін. Мұндай счёт Kaspi үзіндісінде бар, ал сіздің жүйеңізде жабық болып тұруы мүмкін — сверкада осындай айырма шықса, алдымен осыны тексеріңіз. - Sandbox счёттары нақты ақша жүргізбейді, сондықтан Kaspi үзіндісінде болмайды. Экспорт жасағанда режимді дұрыс таңдаңыз.
Тапсырыстарыңызбен байланыстыру үшін счёт жасағанда externalOrderId өрісіне өз тапсырыс нөміріңізді жазыңыз — ол webhook-та қайта келеді және кабинеттен іздеуге де жарайды.
Жиі қойылатын сұрақтар
Ақша қанша уақытта түседі? Клиент Kaspi қосымшасында растаған сәтте. Қосымша кідіріс біз жағынан емес.
Сіздерден ақшаны қалай шығарамын? Шығарудың қажеті жоқ, ақша ешқашан бізде болмайды. Ол бірден Kaspi шотыңызда.
Kaspi қанша ұстайды? Бұл сіз бен Kaspi арасындағы келісімде. Нақты санды Kaspi Pay кабинетінен көресіз, бізде ол ақпарат жоқ.
Счёт төленді, бірақ Kaspi шотымда жоқ. Ең жиі себебі — sandbox режимі қосулы, яғни счёт шын емес. Екінші себебі — кассир басқа Kaspi ұйымына тиесілі, ақша сол ұйымның шотына түскен.
Ақша сіздер арқылы жүрмесе, қайтаруды қалай жасайсыздар? Қайтаруды Kaspi жасайды. Біз «Кассир» рөлінің құқығы шеңберінде қайтару бұйрығын жібереміз, сома сіздің Kaspi шотыңыздан шегеріледі. Рөл құқықтары туралы: Қосу қауіпсіз бе және сервис қалай құрылған.