Қысқаша
Фрилансерге бәрінен қарапайым: кабинетке кіресіз, счёт шығарасыз, шыққан сілтемені клиентке WhatsApp немесе Telegram арқылы жібересіз. Клиент оны ашып, Kaspi-де растайды. Ақша тіке сіздің Kaspi шотыңызға түседі. Ешқандай код керек емес — сайт та, сервер де, әзірлеуші де. Тұрақты бағаңыз болса, бір рет төлем сілтемесін жасап, оны әрдайым қайта жіберіп отырасыз.
Кімге жарайды
Дизайнер, әзірлеуші, копирайтер, SMM маманы, фотограф, репетитор, психолог, заңгер, бухгалтер, тренер, аудармашы, тойбасы — қызмет ақысын алатын кез келген жеке маман.
Жұмыс схемасы қадамдап
| Қадам | Кім | Не болады |
|---|---|---|
| 1 | Сіз | Кабинетте счёт жасайсыз: сома, сипаттама |
| 2 | Сіз | Шыққан сілтемені клиентке жібересіз |
| 3 | Клиент | Сілтемені ашады, QR-ды сканерлейді немесе Kaspi-де растайды |
| 4 | Kaspi | Ақша сіздің шотыңызға түседі |
| 5 | Сіз | Кабинетте немесе Telegram ботта «төленді» дегенді көресіз |
Бәрі. Аралықта ешкім жоқ, ақша ешқайда тұрып қалмайды.
Төрт жолы
1. Кабинеттен қолмен счёт
Ең түсініктісі. Сома мен сипаттаманы жазасыз, счёт дайын. Сілтемені көшіріп жібересіз. Бірінші рет қалай жасау керегі: Бірінші счётты қалай жасау керек.
Клиенттің Kaspi-і бар екені белгілі болса, счётты тікелей оның телефонына жіберуге болады — сонда оған Kaspi қосымшасына push келеді, сілтеме де керек емес. Ол үшін счёт түрін «телефонға» етіп, клиенттің нөмірін жазасыз. Айырмашылығы: QR счёт пен телефонға счёт.
2. Тұрақты төлем сілтемесі
Бағаңыз тұрақты болса (мысалы «консультация — 15 000 ₸»), бір рет сілтеме жасап, оны мәңгі қолданасыз. Сілтеме qut.kz/p/<slug> түрінде болады, оны Instagram профиліне, сайтқа, визиткаға қоюға болады.
Артықшылығы: әр клиентке жаңа счёт жасап отырудың қажеті жоқ. Толығы: Төлем сілтемелері.
3. Ашық сомалы сілтеме
Соманы клиент өзі енгізетін сілтеме. Әр жұмысыңыздың бағасы әртүрлі болса немесе алдын ала белгісіз болса, ыңғайлы. Клиент сілтемені ашады, келіскен соманы жазады, төлейді.
Кімге пайдалы: жобамен жұмыс істейтіндерге, чаевые жинайтындарға, донат алатындарға. Толығы: Ашық сомалы төлем сілтемелері.
4. Telegram боттан счёт
Компьютерге отырғың келмесе, Telegram ботынан счёт шығарасыз: /invoice командасы. Сол жерден /today — бүгінгі түскен сома, /last — соңғы счёттар, /status — бір счёттың күйі, /cancel — счётты болдырмау.
Бот төлем келгенде де хабарлайды — телефоныңызға бірден келеді. Барлық командалар: Telegram бот командалары.
Код мүлдем керек емес
Бұл мақаладағы төрт жолдың бірде-біреуінде код жазылмайды. Сайтыңыз бар болса ғана API туралы ойлануға болады, ал әдетте оның да қажеті жоқ: сайтқа төлем сілтемесінің батырмасын қоя саласыз.
Әзірлеушісіз істелетін нәрселердің толық тізімі: Әзірлеуші жоқ — қалай бастау керек.
Егер кейін сайт немесе бот жазатын болсаңыз, сол кезде API қосасыз — бір ғана әдіс жетеді, аккаунтыңызды қайта жасаудың қажеті жоқ.
ЖК ашу керек пе
Ия, керек. Бұл сервистің талабы емес, Kaspi-дің талабы: біз мерчанттың Kaspi Pay бизнес-аккаунтындағы «Кассир» рөлі арқылы жұмыс істейміз, ал бизнес-аккаунт ашу үшін ЖК немесе ЖШС керек.
Яғни реті мынадай:
- ЖК ашасыз (немесе бар болса, солмен жүресіз)
- Kaspi Pay-де бизнес-аккаунт ашасыз
- Kaspi Pay қосымшасында «Кассир» рөлімен қызметкер қосасыз
- Сол нөмірді кабинетте байланыстырасыз
Kaspi-дің бизнес-аккаунты бойынша нақты шарттарын Kaspi-дің өзінен сұраңыз — оны біз анықтамаймыз.
Маңызды тұсы: кассир нөмірі — сіздің жеке нөміріңіз болмауы керек. Ол бөлек SIM болсын, әрі ол нөмірдің иесінің ЖСН-іне Kaspi Pay-де ЖК тіркелмеген болсын. Дәл сондықтан өз нөміріңізді кассир етіп қоя алмайсыз — сіздің ЖСН-іңізге ЖК тіркелген. Себебі мен шешімі: Кассир нөміріне қойылатын үш шарт.
Көбіне отбасы мүшесінің немесе досының бос нөмірі алынады. Ол нөмір тек осы үшін тұрсын, ол нөмірмен Kaspi Pay қосымшасына кірмеу керек.
Не керек — қысқа тізім
| Не | Керек пе |
|---|---|
| ЖК немесе ЖШС | Иә |
| Kaspi Pay бизнес-аккаунты | Иә |
| Бөлек кассир нөмірі | Иә |
| Сайт | Жоқ |
| Сервер | Жоқ |
| Әзірлеуші | Жоқ |
| Компьютер | Жоқ, телефоннан да болады |
Ерекше ескертулер
- Кассир нөмірі клиентке көрінеді. Счёт туралы хабарламада сол нөмір тұрады. Бұл Kaspi-дің қалыпты жұмысы.
- QR-дың сканерлеу терезесі қысқа — шамамен үш минут. Клиент кейін төлеймін десе, төлем сілтемесін жіберген дұрыс.
- Кеш келген төлем болады. Счёт
expiredболғаннан кейін ақша келсе, оқиғаlate: trueбелгісімен келеді. Жұмысты істеңіз немесе ақшаны қайтарыңыз. - Сынақ мерзімі 7 күн, тәулігіне 50 счёт. Ол бірінші нақты счёттан басталады, тіркелген күннен емес: Сынақ мерзімі.
- Тариф — айлық жазылым. Транзакциядан пайыз алмаймыз. Kaspi өз шарттарын өзі белгілейді.
Жиі қойылатын сұрақтар
Мен айына 10-20 счёт қана шығарамын, қай тариф? Ең кішісі жетеді. Тарифтерді салыстыру: Қай тарифті таңдау керек.
Клиент шетелде, Kaspi жоқ. Не істеймін? Бұл схема Kaspi қосымшасы бар клиентке арналған. Kaspi жоқ клиентке басқа тәсіл керек: Клиентте Kaspi қосымшасы жоқ.
Клиент төледі ме, қалай білемін? Кабинетте бірден көрінеді, Telegram бот қосулы болса телефоныңызға хабарлама келеді.
Алдын ала 50% алсам бола ма? Иә, жай ғана екі счёт шығарасыз: біреуі басында, екіншісі жұмыс біткенде. Бөлек счёт — бөлек қайтару, есебі де таза.
Клиентке чек керек болса? Чектер туралы бөлек мақала бар: Чектер және оларды клиентке жеткізу.