Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Бизнесіңізге

Интернет-дүкенге Kaspi төлемін қосу

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Интернет-дүкен үшін реті әрдайым біреу: клиент себетті рәсімдейді → сіздің сайт Qut Pay-де счёт жасайды → клиент QR-ды сканерлейді немесе төлем сілтемесін ашады → Kaspi-де растайды → бізден сіздің сайтқа webhook келеді → тапсырыс «төленді» болады. WooCommerce мен OpenCart 4-ке дайын модуль бар, Tilda мен кез келген форма форма-хук арқылы қосылады, өзі жазылған сайтқа бір ғана API әдісі жетеді.

Жұмыс схемасы

ҚадамКім істейдіНе болады
1КлиентСебетті рәсімдейді, «Kaspi арқылы төлеу» дейді
2Сіздің серверPOST /api/v1/invoices — счёт жасайды, externalOrderId ретінде тапсырыс нөмірін береді
3Сіздің серверЖауаптан payUrl немесе qrImageUrl алып, клиентке көрсетеді
4КлиентKaspi қосымшасында растайды
5Qut PayСіздің адреске invoice.paid оқиғасын жібереді
6Сіздің серверТапсырысты «төленді» етеді, клиентке хат жібереді

Ақша сіздің Kaspi шотыңызға тікелей түседі, бізде ұсталмайды. Толығы: Ақша қашан және қайда түседі.

Қандай API әдісі қолданылады

Негізгісі біреу — счёт жасау:

POST https://api.qut.kz/api/v1/invoices
X-API-Key: qp_live_…
Idempotency-Key: order-10482
Content-Type: application/json

{
  "amount": 24900,
  "kind": "qr",
  "description": "Тапсырыс №10482",
  "externalOrderId": "10482",
  "successUrl": "https://dukenim.kz/thanks?order=10482",
  "failUrl": "https://dukenim.kz/cart",
  "metadata": { "source": "site", "city": "almaty" }
}

Жауап 201-де: id, status, payUrl, qrUrl, deepLink, qrImageUrl, expiresAt.

Қосымша керек болатындар:

Кодсыз жолдар

WooCommerce. Дайын плагин бар. Орнатасыз, API кілтті енгізесіз, webhook адресі автоматты қосылады. Тапсырыс күйі төлемге қарай өзі ауысады. Нұсқаулық: WordPress интеграциясы, файл жүктеулер бөлімінде.

OpenCart 4. Кеңейту бар, орнату реті сол сияқты: кілт, режим, webhook.

Tilda және кез келген форма. Форма-хук арқылы. Tilda формасының жіберу адресі ретінде біздің хук адресін көрсетесіз, өрістерді (сома, сипаттама, телефон) сәйкестендіресіз, клиент форманы жібергенде счёт жасалып, ол төлем бетіне бағытталады. Бұл жол сайты бар, бірақ сервері жоқ дүкендерге ыңғайлы.

Төлем сілтемелері. Ассортименті шағын болса, әр тауарға тұрақты сілтеме жасауға болады: qut.kz/p/<slug>. Оны сайтқа батырма етіп қоясыз, серверде ештеңе жазбайсыз. Сомасы ашық сілтеме де бар — клиент соманы өзі енгізеді.

Кабинеттен қолмен счёт. Тапсырыс күніне бірнешеу ғана болса, әуелі осылай бастаңыз: Бірінші счётты қалай жасау керек.

API жолы: өзі жазылған сайт

Үш нәрсені дұрыс істесеңіз жеткілікті.

1. Кілт тек серверде. X-API-Key браузерде орындалатын кодта болмауы керек. Себет бетіндегі JavaScript өз серверіңізге жүгінеді, счётты сервер жасайды.

2. Идемпоттылық. Клиент «Төлеу» батырмасын екі рет бассa, екі счёт шықпауы керек. Idempotency-Key тақырыбына тапсырыс нөмірін беріңіз — сол кілтпен қайталасаңыз жаңа счёт жасалмай, бұрынғысы қайтады.

3. Webhook өңдеу. Кабинет → Интеграциялар → адресті қосасыз. Продакшенде тек https және нақты домен. Қолтаңбаны тексеріңіз: HMAC-SHA256(secret, timestamp + "." + rawBody), денені JSON-ға айналдырғанға дейін, өзгертілмеген байт күйінде. 2xx қайтармасаңыз 11 рет қайталанады.

SDK бар: Node.js, PHP, Python. Жалпы реті: Интеграция нұсқаулығы.

Ерекше ескертулер

Жиі қойылатын сұрақтар

Сайтымда сервер жоқ, тек Tilda. Бола ма? Иә. Форма-хук немесе төлем сілтемелері арқылы кодсыз жұмыс істейді. Тапсырыс күйін кабинеттен қарайсыз.

Бір тапсырысқа бірнеше QR шыға бере ме? Иә, терезе біткен сайын жаңа счёт жасай бересіз. Бірақ әрқайсысы бөлек счёт болып саналады — сондықтан ескісін cancel етіп отырыңыз, әйтпесе есепте шатасасыз.

Клиент төледі, бірақ тапсырыс жаңармады. Не істеймін? Алдымен webhook журналын қараңыз: Webhook келмей жатыр. Ол жерде жеткізу әрекеттері мен қате коды тұрады.

Клиентте Kaspi қосымшасы жоқ болса? Онда QR немесе сілтеме береміз, телефонға счёт жарамайды: Клиентте Kaspi қосымшасы жоқ.

Айына қанша тапсырыс өткізе аламын? Тарифке байланысты: Бастау — 800, Бизнес — 4 000, Про — 15 000 счёт. Таңдау: Қай тарифті таңдау керек.

Байланысты мақалалар

Telegram ботында тауар сатуБот → сіздің сервер → счёт → клиентке push немесе сілтеме → webhook → тауарды беру. Төленбеген счёттардың жиналуынан қорғану, бірнеше бренд, Python пен Node мысалы.Instagram арқылы сатуғаДиректтегі жұмыс реті: төлем сілтемесі, кабинеттен қолмен счёт, Telegram боттан счёт шығару. Бәрі кодсыз істейді. Тапсырысты шатастырмай есеп жүргізу жолы.Мобильді қосымшаға қосуДұрыс реті: қосымша → өз серверіңіз → Qut Pay → Kaspi. API кілт APK немесе IPA ішінде болмауы керек. payUrl ашылғанда не болады және App Store мен Play Market ережесі.Webhook келмей жатыр — себебін қалай табу керекСчёт төленді, бірақ сіздің серверіңізге хабарлама жетпеді. Диагностиканы қай жерден бастау керек, ең жиі кездесетін себеп қайсы және оны бір сынаумен қалай анықтауға болады.Бірінші счётты қалай жасау керекЕкі жолы бар: кабинеттен қолмен екі өрісті толтырып немесе API арқылы бір сұраумен. Алдымен sandbox-та жасап, төлемді симуляциялап көру ұтымды.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.