Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Бастау

Sandbox пен нақты режимнің айырмашылығы

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Екі режим бар. Sandboxqp_test_… кілтімен: Kaspi мүлде шақырылмайды, нақты ақша жүрмейді, төлемді өзіңіз симуляциялайсыз, кассир керек емес, айлық лимитке кірмейді және сынақ мерзімін бастамайды. Liveqp_live_… кілтімен: нақты Kaspi QR, нақты ақша, кассир міндетті. Режимді кабинеттен ауыстырасыз.

Салыстыру

НеSandboxLive
Кілтqp_test_…qp_live_…
Kaspi шақырылады маЖоқИә
Нақты ақшаЖүрмейдіЖүреді, тіке сіздің Kaspi шотыңызға
Kaspi кассиріКерек емесМіндетті
Төлемді кім жасайдыӨзіңіз: POST /api/v1/invoices/{id}/simulateКлиент Kaspi қосымшасымен
QRНақты Kaspi QR емесНақты, сканерлеу терезесі шектеулі
WebhookКеледі, бәрі нақтыдағыдайКеледі
Қолтаңба тексеруНақтыдағыдай HMAC-SHA256Сол сияқты
Айлық лимитКірмейдіКіреді
Сынақ мерзіміБасталмайдыБірінші live счёт сынақ мерзімін бастайды
ҚайтаруСимуляциялықНақты, Kaspi арқылы

Ең маңыздысы: sandbox-та API-дің мінез-құлқы нақтыдағымен бірдей. Сол өрістер, сол күйлер, сол webhook оқиғалары, сол қолтаңба схемасы. Сондықтан интеграцияны толық жазып, сынап шығуға болады.

Sandbox не үшін керек

Режимді қалай ауыстырасыз

Режим кабинеттен ауысады, кілт те соған қарай беріледі. qp_test_… кілтімен нақты счёт жасалмайды, qp_live_… кілтімен sandbox счёты жасалмайды — сондықтан режимді ауыстырғанда кілтті де ауыстыруды ұмытпаңыз. Ең жиі кездесетін қате осы: кодта ескі тест кілті қалып қояды да, «төлем клиентке келмей жатыр» деген жағдай шығады.

Live-қа көшкенде нені тексеру керек

  1. Кассир қосулы ма. Kaspi кассирлері бөлімінде байланыс картасы белсенді тұруы керек. Қосылмаған болса: Kaspi кассирін қалай қосу керек.
  2. Кілт qp_live_… бола ма. Кодта, серверде, CMS плагинінің баптауында — бәрінде. Ескі тест кілті қалып қоймасын.
  3. Кілт серверде ме. Браузерде орындалатын кодта, мобильді қосымшаның ішінде, жария репозиторийде болмауы керек.
  4. Webhook адресі продакшендікі ме. Продакшенде тек https және нақты домен қабылданады — IP мен туннель адресі (ngrok сияқты) жарамайды. Құпияны да жаңа адреске сай жаңартыңыз.
  5. Бірінші нақты төлемді өзіңіз жасап көріңіз. Кішкентай сомаға счёт шығарып, өз Kaspi-іңізден төлеңіз. Ақшаның Kaspi шотыңызға түскенін, webhook келгенін, тапсырысыңыз дұрыс жабылғанын тексеріңіз. Қаласаңыз, содан кейін сол соманы қайтарып алыңыз.
  6. Сынақ мерзімі басталатынын ұмытпаңыз. 7 күн, тәулігіне 50 счёт — және ол бірінші live счёттан басталады, тіркелген күннен емес.
  7. Тарифті таңдап қойыңыз. Сынақ біткенде жұмыс тоқтап қалмасын.

Не өзгермейді

Режимді ауыстырғанда webhook адресіңіздің логикасы, қолтаңбаны тексеру тәсіліңіз, өрістердің аттары мен күйлердің реті өзгермейді. Кодыңызда режимге байланысты жалғыз нәрсе — API кілт.

Жиі қойылатын сұрақтар

Sandbox счёттары лимитке кіре ме? Жоқ. Айлық лимит те, тәуліктік қорғаныс та live счёттар бойынша есептеледі.

Sandbox сынақ мерзімін бастай ма? Жоқ. Сынақ мерзімі бірінші нақты (live) счёттан басталады. Sandbox-та қалағаныңызша сынай беріңіз.

Sandbox-та кассир керек пе? Жоқ. Kaspi мүлде шақырылмайды, сондықтан кассирдің де қажеті жоқ.

Sandbox-та webhook келе ме? Иә, нақтыдағыдай оқиғалармен және нақтыдағыдай қолтаңбамен. Қолтаңбаны тексеру кодыңызды дәл осы жерде сынап алған дұрыс.

Тест кілтімен нақты счёт жасауға бола ма? Жоқ, әдейі солай жасалған. qp_test_… кілті Kaspi-ге шықпайды — бұл кездейсоқ нақты төлем жіберіп алудан сақтайды.

Байланысты мақалалар

Qut Pay деген не және қалай жұмыс істейдіQut Pay — Kaspi Pay үстінде жұмыс істейтін тәуелсіз сервис: «Кассир» рөлі арқылы Kaspi QR төлемдерін қабылдауға арналған API мен кабинет. Ақша тіке сіздің Kaspi шотыңызға түседі, бізде ешқашан болмайды.Kaspi кассирін қалай қосу керекЕкі бөліктен тұратын қадамдық нұсқаулық: алдымен Kaspi Pay қосымшасында «Кассир» рөлін ашасыз, содан кейін кабинетте нөмірді SMS коды арқылы байланыстырасыз. Бәрі 2-3 минут алады.Кассир нөміріне қойылатын үш шартҚосылудың сәтті өтуі түгелдей осы үш шартқа байланысты: нақты SIM, иесінің ЖСН-іне ЖК/ЖШС тіркелмеген болуы және нөмірде тек «Кассир» рөлі. Нөмірді алдын ала қалай таңдау керек.Кассир қосылмай жатыр — себебі және шешіміСимптом бойынша диагностика: Kaspi пароль немесе видеоверификация сұраса, ЖСН сұраса, SMS келмесе немесе код өтіп кетсе — әрқайсысының себебі мен шешімі. SMS уақыттары да осында.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.