Qut PayСайтКабинетБілім базасыAPI (OpenAPI)AI-нұсқаулық

WordPress / WooCommerce: Kaspi арқылы төлем қабылдау (Qut Pay плагині)

Плагин WooCommerce дүкеніне «Kaspi арқылы төлеу» әдісін қосады: сатып алушы кассада Kaspi-ді таңдайды → Qut Pay төлем бетіне өтеді (QR, телефонда Kaspi-де бір басып төлеу) → төлеген сәтте тапсырыс автоматты «Обработка/Выполнен» болады, чек сатып алушыға кетеді, сізге Telegram-ға хабар келеді. Ақша тікелей сіздің Kaspi Pay шотыңызға түседі.

Талаптар: WordPress 6.0+, WooCommerce 7.0+ (классикалық касса да, Checkout Blocks та, HPOS та жарайды), PHP 7.4+, сайт https арқылы ашылады, дүкен валютасы KZT (₸). Qut Pay кабинетінде Kaspi кассирі қосылған ұйым (sandbox-та сынау үшін кассир керек емес).

Уақыты: 10–15 минут.

1-қадам. Плагинді орнату

  1. Архивті жүктеп алыңыз: https://api.qut.kz/downloads/qutpay-for-woocommerce.zip
  2. WordPress → Плагины → Добавить новый → Загрузить плагин → zip → УстановитьАктивировать.
  3. Егер плагиндер тізімінде ескі/бұзылған «qutpay-for-woocommerce» жазбасы болса (мысалы, «Файл плагина не найден»), алдымен оны жойыңыз, керек болса хостингтегі wp-content/plugins/qutpay-for-woocommerce қалтасын өшіріңіз, сосын қайта жүктеңіз.

2-қадам. Qut Pay кабинетінде кілт және webhook

Кабинет: https://qut.kz/app/ (кіру — нөмір + код).

  1. Интеграциялар → API кілттері: атауы — сайтыңыз (мысалы qazaqtoday.info) → Жасау. Кілт бір рет көрсетіледі, көшіріп алыңыз. Sandbox ұйымда qp_test_…, live-та qp_live_… беріледі.
  2. Интеграциялар → Webhook: адрес өрісіне `` https://САЙТЫҢЫЗ/wp-json/qutpay/v1/webhook ` «Кілт» тізімінен жаңа ғана жасалған кілтті таңдаңыз (сонда тек осы сайттың счёттары келеді) → Жасау. Көрсетілген құпияны (whsec_…) көшіріп алыңыз, ол да бір рет көрсетіледі. Сайтта «Постоянные ссылки» өшірулі болса, адрес: https://САЙТЫҢЫЗ/?rest_route=/qutpay/v1/webhook`.

3-қадам. WooCommerce баптауы

WooCommerce → Настройки → Платежи → «Qut Pay (Kaspi QR)» → Управление:

ӨрісНе қою керек
Включить
Название на кассесатып алушы көретін атау, әдепкісін қалдыруға болады
Описаниекассадағы қысқа түсінік
API-ключ2-қадамдағы кілт
Секрет webhook2-қадамдағы whsec_…
Адрес APIhttps://api.qut.kz — өзгертпеңіз
Статус после оплатыфизикалық тауар — Обработка (processing), цифрлық қызмет/курс — Выполнен (completed)
Логсынау кезінде ✔ (WooCommerce → Статус → Логи → qutpay)

Сохранить изменения. WooCommerce → Настройки → Общие → Валюта = Казахстанский тенге (KZT) екенін тексеріңіз, әйтпесе әдіс кассада шықпайды.

4-қадам. Сынау

Sandbox (нақты ақшасыз): кабинетте ұйым sandbox режимінде тұрғанда счёттар Kaspi-ге кетпейді. Дүкенде тапсырыс жасап, Kaspi әдісін таңдаңыз → Qut Pay төлем бетінде «[Sandbox] төлемді имитациялау» батырмасын басыңыз → сайтқа қайтасыз, тапсырыс «Обработка/Выполнен» болады, тапсырыс ескертпелерінде «Qut Pay: оплачен, счёт inv_…» жазылады.

Live (нақты): кабинетте Kaspi → Кассир қосу (SMS кодпен), сосын режимді Live-қа ауыстырыңыз және live кілт (qp_live_…) жасап плагинге қойыңыз. 10 ₸-ға тест-тауар жасап, өз телефоныңыздан төлеңіз: 3 секунд ішінде тапсырыс төленді болады, чек сілтемесі «Спасибо» бетінде шығады, сізге Telegram хабары келеді. Сосын тапсырысты кабинеттен қайтарып (Счёттар → … → Қайтару), WooCommerce-те «Возвращён» болғанын көріңіз.

Қалай жұмыс істейді

Жиі кездесетін мәселелер

БелгісіСебебі / шешімі
Кассада Kaspi әдісі көрінбейдіВалюта KZT емес; плагин қосылмаған; кілт бос
«Файл плагина не найден»Ескі архив (Windows-та жиналған). Плагин қалтасын өшіріп, жаңа zip-ті жүктеңіз
Тапсырыс «Ожидает оплаты» күйінде қаладыWebhook кабинетте тіркелмеген немесе құпия сәйкес емес. Кабинет → Интеграциялар → Webhook → «Жеткізу журналы»: 401 — құпия қате, 404 — адрес қате (/wp-json/qutpay/v1/webhook), 5xx — сайт қатесі (Логи → qutpay)
Webhook журналында «timeout»Сайт 8 секундтан ұзақ жауап береді (кэш плагині/қорғаныс). Cloudflare болса, /wp-json/qutpay/ жолын «Bypass» етіңіз
kaspi_session_expiredКабинетте кассир сессиясы үзілген: Kaspi → кассир → SMS кодпен қайта кіру
tariff_limit_reachedКүндік лимит толды: Тариф бетінде ұзарту
Live-та счёт жасалмайды, sandbox-та жасаладыПлагинде sandbox кілті (qp_test_) тұр — live кілт қойыңыз

Сұрақтар: https://t.me/qutpaybot немесе kazprose@gmail.com. API толық сипаттамасы: https://api.qut.kz/docs


Көмек керек пе? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com · 09:00–21:00 (Алматы)
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.