Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Мәселені шешу

Kaspi SMS коды келмейді

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Бұл мақала кассирді байланыстырғанда келетін SMS туралы: кабинет → Kaspi → нөмірді енгізіп, кодты растайтын қадам. Ең жиі кездесетін төрт себеп: SIM белсенді емес, нөмір Kaspi Pay-де «Кассир» рөлімен қосылмаған, код өтіп кеткен (ол шамамен бір минут қана жарамды) немесе Kaspi код беруді уақытша шектеп қойған. Бастар алдында кассир нөмірі тұрған телефон қолыңызда болсын.

Симптом бойынша

Не болып жатырЫқтимал себебіНе істеу керек
SMS мүлде келмейдіSIM өшік немесе желі жоқТелефонға қоңырау шалып тексеріңіз
SMS келмейді, қате жоқНөмір Kaspi Pay-де қызметкер емесKaspi Pay қосымшасында қызметкер қосыңыз
Kaspi код орнына пароль сұрайдыНөмір иесінің ЖСН-іне ЖК/ЖШС тіркелгенБасқа нөмір керек
Kaspi видеоверификация сұрайдыСол себепБасқа нөмір керек
Код келді, бірақ «дұрыс емес» дейдіКод өтіп кеткенЖаңа код сұраңыз
Бірнеше әрекеттен кейін код тоқтадыKaspi уақытша шектеді15-30 минут күтіңіз
cashier_number_rejected қатесіKaspi код экранын мүлде көрсетпедіНөмір шарттарға сай ма, тексеріңіз

Себептері

1. SIM өшік немесе желіде емес. Ең қарапайым әрі жиі кездесетіні. Кассир нөмірі әдетте бөлек телефонда тұрады, ал ол телефон шкафта, зарядсыз немесе SIM-і оператор тарапынан өшіріліп қалған болады. Тексеру оңай: сол нөмірге қоңырау шалып көріңіз.

Виртуалды нөмір, IP-телефония, SMS қабылдайтын онлайн қызметтер жарамайды — кассир нөмірі нақты SIM болуы керек.

2. Нөмір Kaspi Pay-де қызметкер ретінде қосылмаған. Байланыстырар алдында нөмірді Kaspi Pay қосымшасында (веб-кабинетте емес) қызметкер етіп қосу керек: Настройки → Сотрудники → Добавить сотрудника, рөлі — Кассир.

Kaspi-де бес рөл бар: Управляющий, Бухгалтер, Кассир, Менеджер Магазина, Менеджер Маркетинга. Тек «Кассир» жарайды: QR арқылы төлем қабылдау құқығы соның ғана. Нөмірде басқа рөлдер қатар тұрса да өтпейді.

3. Нөмір иесінің ЖСН-іне бизнес тіркелген. Егер нөмір иесінің ЖСН-іне Kaspi Pay-де ЖК немесе ЖШС тіркелген болса, Kaspi SMS коды орнына пароль мен видеоверификация сұрайды. Мұны өтудің жолы жоқ — басқа нөмір алу керек. Нөмір иесі кәмелетке толған болуы керек.

Толық тізім: Кассир нөміріне қойылатын үш шарт.

4. Код өтіп кеткен. SMS коды шамамен бір минут жарамды. Телефон басқа бөлмеде тұрса, әкелгенше код ескіріп үлгереді. Жаңа код сұраңыз да, бұл жолы телефон қолыңызда тұрсын.

5. Kaspi код беруді уақытша шектеген. Қатарынан бірнеше рет сұрасаңыз, Kaspi жаңа код жіберуді тоқтатады. Бұл Kaspi жағындағы қорғаныс, біз оны айналып өте алмаймыз. 15-30 минут күтіп, содан кейін бір-ақ рет қайталаңыз.

Процесс уақытқа байланысты

Кассирді байланыстыру — бір отырыста бітетін процесс. Бүкіл терезе шамамен он минут, ал ішіндегі SMS коды бір минут қана жарамды.

Сондықтан:

Кодты адамнан адамға жеткізбеңіз

Нөмір басқа адамда тұрса, кодты телефон арқылы айтқызып алу — жаман идея. Себебі:

Дұрысы: байланыстыруды нөмір иесі отырған жерде жасаңыз, немесе кассир нөмірі тұрған телефонды өзіңізде ұстаңыз. Ең қолайлысы — кассир үшін бөлек, тек осы жұмысқа арналған нөмір алу.

Тексеру тізімі

Қайта әрекеттенер алдында осыларды бір қарап шығыңыз:

  1. Телефон қосулы, желіде, қолымда
  2. Нөмір Kaspi Pay қосымшасында «Кассир» рөлімен қосылған
  3. Нөмірде басқа рөл жоқ
  4. Нөмір иесінің ЖСН-іне Kaspi Pay-де ЖК/ЖШС тіркелмеген
  5. Нөмір — нақты SIM, виртуалды емес
  6. Соңғы 30 минутта қатарынан көп әрекет жасалмады

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл кабинетке кіру кодымен бір нәрсе ме? Жоқ, екеуі екі бөлек. Кабинетке кіру коды өз жеке нөміріңізге келеді және оны WhatsApp, Telegram, SMS арқылы алуға болады: Кабинетке кіре алмай жатырмын. Мұндағы SMS — Kaspi-дің кассир байланысына арналған коды, оның арнасы SMS қана.

Кодты WhatsApp арқылы алуға бола ма? Жоқ. Кассир байланысының кодын Kaspi жібереді, арнасын да Kaspi таңдайды.

Бірнеше рет қателессем, нөмір бөгеле ме? Уақытша шектеу қойылады, бірақ ол өтеді. Күте тұрыңыз.

Байланыстырған соң бұл нөмірге қайта SMS керек пе? Байланыс үзілген жағдайда ғана: қалпына келтіргенде жаңа код сұралады.

Кассир нөмірімен Kaspi Pay-ге кірсем бола ма? Кірмеңіз. Kaspi бір нөмірге бір ғана белсенді құрылғыға рұқсат береді, сондықтан байланыс үзіледі.

Байланысты мақалалар

Кассир нөміріне қойылатын үш шартҚосылудың сәтті өтуі түгелдей осы үш шартқа байланысты: нақты SIM, иесінің ЖСН-іне ЖК/ЖШС тіркелмеген болуы және нөмірде тек «Кассир» рөлі. Нөмірді алдын ала қалай таңдау керек.Кабинетке кіре алмай жатырмынКабинетке пароль жоқ, кіру нөмір арқылы. Ең жиі қате — кассир нөмірімен кіруге тырысу. Код келмесе не істеу керек және кабинет неге бос болып көрінеді.Клиентке төлем келмей жатырСчёт жасалды, бірақ клиенттің телефонына ештеңе келмеді немесе QR ашылмайды. Ең жиі себебі — тест режимі қосулы қалып қойған. Алты қадамдық тексеру реті.Qut Pay деген не және қалай жұмыс істейдіQut Pay — Kaspi Pay үстінде жұмыс істейтін тәуелсіз сервис: «Кассир» рөлі арқылы Kaspi QR төлемдерін қабылдауға арналған API мен кабинет. Ақша тіке сіздің Kaspi шотыңызға түседі, бізде ешқашан болмайды.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.