Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Бастау

Нақты режимге қалай көшу керек

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Нақты режимге көшу — төрт қадам: чек-парақты өтесіз, кабинетте режимді live етіп ауыстырасыз, кодтағы кілтті qp_test_… -тен qp_live_… -ке ауыстырасыз, содан кейін бірінші нақты төлемді кіші сомамен өзіңіз жасап көресіз. Ең маңыздысын ұмытпаңыз: 7 күндік сынақ мерзімі дәл осы сәттен, бірінші нақты счёттан басталады, тіркелген күннен емес.

Алдын ала чек-парақ

Режимді ауыстырар алдында осы төртеуін тексеріңіз. Көшкеннен кейінгі мәселелердің басым бөлігі — осы тізімнің біреуін өткізіп жібергеннен.

НеҚайдан тексересізДұрыс күйі
Kaspi кассирі белсенді меKaspi бөліміКемінде бір карточка белсенді, «Себебі» деген жол жоқ
API кілт live-қа арналған баИнтеграциялар → API кілттерКілт qp_live_ префиксімен, керекті scope-тары бар
Webhook адресі жария әрі https паИнтеграциялар → WebhookНақты домен, https://, авторизациясыз ашық
Тариф белсенді меТариф бөліміСынақ немесе төленген тариф белсенді күйде

Әр тармақ бойынша егжей-тегжей:

Кассир. Sandbox-та кассир мүлде керек емес еді, сондықтан көпшілік оны қоспай тастайды. Live-та ол — міндетті. Қосу: Kaspi кассирін қалай қосу керек.

Кілт. qp_test_ кілті live счётын жасай алмайды, qp_live_ кілті sandbox счётын жасай алмайды. Бұл әдейі солай: кездейсоқ нақты ақша алып қоймау үшін. Live кілтті Интеграциялар бөлімінен жасайсыз, ол бір рет қана толық көрсетіледі — сол сәтте көшіріп алыңыз.

Webhook. Продакшенде тек https және нақты домен қабылданады: IP-адрес те, уақытша туннель адресі де жарамайды. Адрес авторизациясыз ашық болуы керек — басқа жерге апаратын қайта бағыттау ұсталмайды. Толығырақ: Webhook баптау.

Тариф. Тарифі белсенді емес ұйым live счёт жасай алмайды. Сынақ мерзіміңіз әлі басталмаған болса, ол бірінші live счётпен бірге іске қосылады.

Режимді ауыстыру

Кабинет → Баптау → режим ауыстырғышы → Нақты (live). Бұл әрекетке developer немесе owner рөлі керек.

Ауысқаннан кейін:

Кілтті ауыстыру

Бұл — кодтағы жалғыз өзгеріс. Ешқандай URL, эндпоинт немесе өріс өзгермейді, тек X-API-Key тақырыбының мәні ауысады.

X-API-Key: qp_test_…   →   X-API-Key: qp_live_…

Дұрыс істеу реті:

  1. Кабинетте жаңа live кілт жасайсыз, керекті scope-тарын ғана қоясыз
  2. Кілтті сервердегі орта айнымалысына (env) саласыз. Кодқа жазып қоймаңыз, репозиторийге салмаңыз
  3. Қызметті қайта іске қосасыз
  4. Ескі test кілтін жоймай, sandbox ортаңызда қалдырасыз — кейін сынау керек болады

Кілт тек серверде болуы керек: браузерде орындалатын кодта, мобильді қосымшаның ішінде (APK/IPA) немесе жария репозиторийде болмауы тиіс. Толығырақ: Интеграция қауіпсіздігі.

Бірінші нақты төлемді тексеру

Клиенттерді күтпеңіз, өзіңіз тексеріңіз. Кіші сомамен — 100-200 теңге жеткілікті.

  1. Кабинеттен немесе API арқылы live счёт жасайсыз
  2. QR-ді өз телефоныңыздың Kaspi қосымшасымен сканерлейсіз (кассир нөмірі тұрған телефонмен емес!)
  3. Төлейсіз
  4. Тексересіз:
  5. Кабинетте счёт paid күйіне ауысты ма
  6. Сіздің серверіңізге invoice.paid webhook-і келді ме
  7. Тапсырысыңыз өз жүйеңізде дұрыс жабылды ма
  8. Kaspi Pay аккаунтыңыздың шотына ақша түсті ме
  9. Ақшаны өзіңізге қайтарасыз: счёт бетінен Қайтару

Төлегеннен кейін webhook әдетте 5 секунд ішінде келеді. Бір минуттан асып кетсе, бір жерде мәселе бар: Нақты режимге көштім, бірақ істемей жатыр.

Сынақ мерзімі осы сәттен басталады

Бұл жиі шатастырылады, сондықтан бөлек айтамыз.

Сондықтан қате ретті таңдамаңыз: интеграцияны sandbox-та толық бітіріп, содан кейін ғана live-қа көшіңіз. Сонда сынақтың 7 күнін кодты жөндеуге емес, нақты сатуға жұмсайсыз. Толығырақ: Сынақ мерзімі.

Көшкеннен кейін

Толық тізім: Продакшенге шығу чек-парағы.

Жиі қойылатын сұрақтар

Live-тан қайта sandbox-қа қайтуға бола ма? Иә, режимді кез келген уақытта кері ауыстыруға болады. Бірақ басталған сынақ мерзімі тоқтап қалмайды.

Sandbox счёттарым live-та көріне ме? Тізімде қалады, бірақ олар нақты счёт емес, лимитке де кірмейді.

Режимді ауыстырғанда webhook адресім өзгере ме? Жоқ. Адрестер мен құпиялар сол күйі қалады.

Бір ұйымда бір уақытта test және live счёт жасауға бола ма? Счёттың режимі оны жасаған кілттің түрімен анықталады, ал жаңа счёт ұйымның ағымдағы режимімен жасалады. Екеуін қатар жүргізу керек болса, тестті бөлек ұйымда ұстаған ыңғайлы.

Нақты төлемді тексергенде кассир нөмірімен сканерлеуге бола ма? Жоқ, кассир нөмірі тұрған телефонмен Kaspi Pay-ді ашпаңыз — байланыс үзіледі. Басқа телефонмен тексеріңіз.

Байланысты мақалалар

Sandbox пен нақты режимнің айырмашылығыSandbox-та Kaspi мүлде шақырылмайды, ақша жүрмейді, кассир де керек емес — төлемді өзіңіз симуляциялайсыз. Екі режимнің толық салыстыруы және нақты режимге көшкенде нені тексеру керек.Нақты режимге көштім, бірақ істемей жатырLive-қа көшкеннен кейін счёт жасалмаса немесе төлем келмесе — бес минуттық тексеру реті. Кілт, кассир, тариф, webhook адресі және режимнің өзі, әрқайсысына нақты қадам.Продакшенге шығу чек-парағыНақты режимге көшер алдында өтетін он екі тармақ: кассир, live кілт, webhook, қолтаңба, идемпоттылық, кеш төлем, қате өңдеу, журнал, тариф пен лимит, Telegram ескертуі, қайтару реті, бірінші нақты төлем.Сынақ мерзімі: қанша және не кіредіСынақ — 7 күн, тәулігіне 50 счёт. Ең бастысы: ол тіркелген күннен емес, бірінші нақты счёттан басталады. Сондықтан асықпай дайындалып, сосын бастауға болады.Kaspi кассирін қалай қосу керекЕкі бөліктен тұратын қадамдық нұсқаулық: алдымен Kaspi Pay қосымшасында «Кассир» рөлін ашасыз, содан кейін кабинетте нөмірді SMS коды арқылы байланыстырасыз. Бәрі 2-3 минут алады.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.