Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бет → Білім базасы → Бастау

Тарифті ТОО не ИП шотынан счёт на оплату арқылы төлеу: счёт, акт, ЭСФ

Жаңартылды: 2026-11-27 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Иә, Qut Pay тарифін ТОО не ИП шотынан счёт на оплату арқылы төлеуге болады. Кабинетте Тариф бөлімін ашып, «Төлем тәсілі» блогынан «Шот бойынша» дегенді таңдаңыз. Компания атауын, БИН-ді және заңды мекенжайды жазып, тариф пен мерзімді таңдаңыз да, «Счёт жасау» батырмасын басыңыз. Счёт на оплату PDF түрінде жүктеледі. Тариф ақша біздің шотқа түскенде қосылады. Орындалған жұмыстар актісі төленген мерзім біткен күні «Құжаттар» тізімінде шығады. ЭСФ актіден кейін жазылады.

Бұл жерде Qut Pay тарифін төлеу туралы айтылған. Сатып алушыларыңыз сізге Kaspi арқылы қалай төлейтіні бөлек мақалада: Клиент қалай төлейді.

Счёт на оплату қалай жасалады

  1. Кабинетке кіріңіз: https://qut.kz/app
  2. Тариф бөлімін ашыңыз: https://qut.kz/app/tariff/
  3. «Төлем тәсілі» блогында «Kaspi арқылы» дегеннен «Шот бойынша» дегенге ауысыңыз.
  4. Форманы толтырыңыз:
  5. Компания атауы — құжаттарда қалай жазылуы керек, солай: мысалы ТОО «Атауы» не ИП Тегі;
  6. БИН / ИИН — 12 сан;
  7. Заңды мекенжай;
  8. Тариф пен Мерзім — Kaspi арқылы төлегендегі тарифтер мен мерзімдер. Тарифті оның карточкасындағы «Таңдау» батырмасымен де таңдауға болады.
  9. Соманы тексеріңіз. Ол Kaspi арқылы төлегендегі сомамен бірдей және «ҚҚС-сыз» деп көрсетіледі.
  10. «Счёт жасау» батырмасын басып, PDF-ті жүктеп алыңыз.

Счётты ұйым иесі жасай алады. Компания атауы, БИН және мекенжай ұйымның заңды деректеріне сақталады, келесі жолы қайта жазбайсыз.

Бетте «Шот бойынша» ауыстырғышы көрінбесе, қолдауға жазыңыз: Қолдауға қалай жазу керек.

Счётта не бар

Счёт на оплату орыс тілінде жасалады. Онда бухгалтерияға төлем тапсырмасын толтыруға керектің бәрі бар:

НеСчёттың қай жерінде
Алушының реквизиттері: бенефициар, БИН, ИИК, Кбе, банк, БИК, КНП«Образец платёжного поручения» блогы
Нөмірі мен күніТақырыбында, мысалы «Счёт на оплату № QP-0012»
Жеткізуші мен сатып алушыТақырыптың астында
Негіздеме«Договор: публичная оферта Qut Pay»
Қызмет, сома санмен және жазбашаКесте мен оның астындағы жолдар, «Без НДС»
Орындаушының қолы мен мөріТөменгі жағында

Төлем мақсатына счёттың нөмірін жазыңыз.

Счёт 5 жұмыс күні жарамды. Счёттың төлемі күтіліп тұрғанда екіншісі жасалмайды: алдымен сол беттегі «Құжаттар» тізімінде біріншісіне «Болдырмау» батырмасын басыңыз. Атауда не БИН-де қате кетсе де солай істеп, жаңа счёт жасаңыз.

Тариф қашан қосылады

Тариф ақша біздің шотқа түсіп, біз төлемді белгілегеннен кейін қосылады. Банк аударымы 1–3 жұмыс күнін алуы мүмкін, сондықтан Kaspi арқылы төлегендегідей сол сәтте қосылмайды.

Орындалған жұмыстар актісі

Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі сол «Құжаттар» тізімінде төленген мерзім біткен күні шығады. Акт сол күнмен жазылады, нөмірі счёттың нөмірімен бірдей, ішінде қызмет көрсетілген нақты күндер тұрады. Акт PDF түрінде, орындаушының қолы мен мөрі қойылған күйде жүктеледі; тапсырыс берушінің қолына арналған жолдар бос қалдырылған.

Акт туралы бөлек хабар келмейді: Тариф бөліміндегі «Құжаттар» тізімін қараңыз.

ЭСФ

ЭСФ актіден кейін жазылады. ЭСФ жазылғанда оның нөмірі «Құжаттар» тізімінде счёттың қасында көрінеді. Бұл автоматты түрде жасалмайды, сондықтан нөмір актімен бір күнде шықпауы мүмкін.

Жиі қойылатын сұрақтар

Шот бойынша төлегенде баға өзгере ме? Жоқ. Тарифтер, мерзімдер, бонус күндер мен жеңілдіктер Kaspi арқылы төлегендегідей. Счёт пен акт ҚҚС-сыз жазылады.

WhatsApp чат-ботты және басқа қосымшаларды шот бойынша төлеуге бола ма? Әзірге жоқ. Шот бойынша тек тариф төленеді; қосымшалар Kaspi арқылы төленеді.

Реферал бонусы шегеріле ме? Шот бойынша төлегенде бонус жұмсалмайды. Ол тарифті Kaspi арқылы төлегенде шегеріледі.

Құжаттарды қағаз түрінде алуға бола ма? Счёт пен акт орындаушының қолы мен мөрі қойылған PDF түрінде беріледі, оларды басып шығаруға болады.

Құжаттарды кім көреді? «Тариф» бөліміне рұқсаты бар ұйым қызметкерлері. Құжаттың сілтемесін бөгде адамға беруге болмайды: PDF тек кабинетке кіргеннен кейін жүктеледі.

Байланысты мақалалар

Тарифті қалай төлеу керекТариф кабинеттегі Тариф бөлімінен төленеді. Төлегеннен кейін бірден белсенді болмаса не істеу керек: күту, күйді жаңарту, төлем тарихын қарау және қолдауға не жазу керек.Қай тарифті таңдау керекТариф айына қабылдайтын төлем санына қарай таңдалады, төлем сомасына емес. «Тегін» және ақылы тарифтердің кестесі, өз санын қалай есептеу керек және тәуліктік сан неге бизнес лимиті емес.Ұйым деректерін толтыруҰйым атауы, дүкен атауы, заңды деректер мен байланыс кабинеттегі Баптау бөлімінде толтырылады. Клиент қайсысын көреді, чекте не жазылады және атауды қалай өзгертуге болады.Қолдауға қалай жазу керекАлдымен білім базасынан іздеңіз, содан кейін кабинеттегі Қолдау бөлімі, WhatsApp, Telegram немесе email. Бірінші хатқа нені қосу керек және ол неге жауапты бір айналымға жылдамдатады.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.