Qut Pay Сайт Кабинет Білім базасы Нұсқаулықтар API құжаттамасы ҚАЗРУС
Басты бетБілім базасы → Мәселені шешу

Telegram бот үндемейді — тексеру реті

Жаңартылды: 2026-09-14 · Markdown нұсқасы

Қысқаша

Telegram боты (@qutpaybot) үндемей қалса, себебі әдетте төртеудің бірі: чат ұйымға байланыспаған, бот бөгелген, топта құпиялық режимі қосулы немесе керекті хабарлама түрі өшірілген. Бірінші әрекет — жеке чатта /status командасын жіберу: жауап келсе, мәселе байланыста емес, баптауда.

Симптом → себеп → шешім

СимптомСебебіШешімі
Жеке чатта ешқандай командаға жауап жоқБот бөгелгенЧаттағы «Разблокировать» батырмасы, сосын /start
/start істейді, /today «байланыс жоқ» дейдіЧат ұйымға байланыспағанКабинеттен байланыстыру кодын алыңыз
Топта командалар жұмыс істемейдіТопта құпиялық режимі қосулыBotFather → /setprivacyDisable
Топта командалар істейді, ескерту келмейдіБот топта әкімші емес немесе хабарлама түрі өшіруліБотты әкімші етіңіз, кабинеттен түрлерді қосыңыз
Төлем туралы хабарлама келмейді, қалғаны келедіСол хабарлама түрі өшірілгенКабинеттен қосыңыз
Бот бұрын істеп тұрған, енді үндемейдіБайланыс үзілген немесе бот топтан шығарылғанҚайта қосып, байланыстыру кодын қайта енгізіңіз

Тексеру реті

1. Бот жалпы тірі ме

Жеке чатта @qutpaybot-қа /status жіберіңіз.

Telegram бөгелген ботқа хабарлама жеткізбейді, ал біздің жақта бұл қате болып көрінбейді: біз жіберген боламыз, Telegram оны тастап жібереді.

2. Чат ұйымға байланысқан ба

Бот сізді танымаса, ол қай ұйымның деректерін көрсететінін білмейді. Байланыстыру бір реттік код арқылы жүреді:

  1. Кабинетте Баптау бөлімінен Telegram байланыстыру кодын аласыз
  2. Оны ботқа жібересіз
  3. Бот ұйымды растап, командалар жұмыс істей бастайды

Толығы: Telegram ботын қосу.

Ұйым бірнешеу болса, әр чат нақты бір ұйымға байланады. Бөтен ұйымның счёттарын көрсетуді сұрасаңыз, бот оны көрмейді.

3. Топта — құпиялық режимі

Telegram боттарында әдепкі бойынша құпиялық режимі (privacy mode) қосулы тұрады. Ол қосулы болса, бот топтағы хабарламалардың бәрін көрмейді — тек өзіне тікелей жолданғандарын көреді. Нәтижесінде /today сияқты командалар жауапсыз қалады.

Өшіру: BotFather → /setprivacy → ботты таңдау → Disable. Сосын ботты топтан шығарып, қайта қосу керек — өзгеріс жаңа қосылымда күшіне енеді.

Балама жол: командаларды ботты нақты атап жазу (/today@qutpaybot). Бұл құпиялық режимі қосулы кезде де істейді.

4. Топта — бот әкімші ме

Кейбір топ баптауларында әкімші емес қатысушылар хабарлама жаза алмайды. Бот та сол ережеге бағынады: ол хабарлама жіберуге тырысады, Telegram оны өткізбейді.

Ботты топқа қосқан соң, оған әкімші құқығын беріңіз немесе топ баптауында қатысушыларға жазуға рұқсат бар екеніне көз жеткізіңіз.

5. Хабарлама түрлері қосулы ма

Ескертулердің қай түрі келетіні кабинеттен реттеледі. Егер командалар істеп тұрып, автоматты ескертулер келмесе, себебі осында: сол түр өшірулі.

Кабинеттегі Telegram баптауынан керекті түрлерді қосыңыз да, сынау үшін sandbox-та бір счёт жасап, оны симуляциялаңыз.

Командалар

КомандаНе істейді
/invoiceСчёт жасау
/todayБүгінгі есеп
/lastСоңғы счёттар
/statusҚызмет пен байланыс күйі
/cancelСчётты болдырмау
/supportҚолдауға жазу

Толық сипаттама: Telegram бот командалары.

Не істемеу керек

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ұйымға бірнеше чат қосуға бола ма? Иә. Әдетте бір топ бүкіл команда үшін, бөлек жеке чат иесі үшін болады.

Бот кассирдің нөміріне қатысты ма? Жоқ. Telegram байланысы Kaspi кассирінен мүлде бөлек. Кассир байланысы үзілсе, бот жұмысын жалғастырады — керісінше, ол сол туралы ескертеді.

Топтан ботты шығарып жіберсем не болады? Ескертулер тоқтайды. Қайта қосқан соң байланыстыру кодын қайта енгізу керек болуы мүмкін.

Бот арқылы жасалған счёт қай кассир арқылы жүреді? Ұйымның белсенді кассирі арқылы, кәдімгі счёт сияқты.

Бот үндемейді, ал счёттар жасалып жатыр. Бұл қауіпті ме? Қауіпті емес, бірақ ыңғайсыз: байланыс үзілген сәтті бірден білмей қаласыз. Ескертулерді қалпына келтірген жөн.

Қолдауға қалай жазуға болады? Боттан /support арқылы немесе басқа арналармен: Қолдауға қалай жазу керек.

Байланысты мақалалар

Telegram ботын қосуКабинеттегі Баптау бөлімінен байланыстыру кодын аласыз да, @qutpaybot ботына /start КОД деп жазасыз. Жеке чатқа да, топқа да қосуға болады. Қандай хабарламалар келеді және қандай командалар бар.Telegram бот командалары: толық тізім@QutPayBot-тың барлық командасы — счёт жасау, бүгінгі түсім, соңғы счёттар, күйі, болдырмау, қолдау. Қазақша-орысша баламалары, топта жұмыс істеуі және қандай хабарламалар келеді.Кабинетте не қайда тұрОн бөлімнің әрқайсысы не үшін керегі, жоғарғы жолдағы режим белгісі, ұйым ауыстырғышы, тіл мен қараңғы режим. Бір рет оқысаңыз, іздеп жүрмейсіз.Webhook келмей жатыр — себебін қалай табу керекСчёт төленді, бірақ сіздің серверіңізге хабарлама жетпеді. Диагностиканы қай жерден бастау керек, ең жиі кездесетін себеп қайсы және оны бір сынаумен қалай анықтауға болады.Қолдауға қалай жазу керекАлдымен білім базасынан іздеңіз, содан кейін кабинеттегі Қолдау бөлімі, WhatsApp, Telegram немесе email. Бірінші хатқа нені қосу керек және ол неге жауапты бір айналымға жылдамдатады.

Сұрағыңыз қалды ма? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.