Qut PayСайтКабинетБілім базасыAPI (OpenAPI)AI-нұсқаулық

CRM және басқа жүйелерге қосу

Qut Pay-де екі деңгей бар. Біріншісінде — орнатып қоя салатын дайын шешім. Екіншісінде — CRM-іңіздің өз webhook немесе API мүмкіндігі арқылы қосу. Екеуі де жұмыс істейді, айырмашылығы тек қосуға кететін уақытта.

1-деңгей. Дайын шешім

Код жазудың қажеті жоқ. Орнатасыз, кілтті қоясыз, жұмыс істейді.

ЖүйеНе істеу керек
WordPress / WooCommerceПлагиннұсқаулық
OpenCart 4Модуль, README архивтің ішінде
Tilda, Webflow, кез келген HTML формаКабинет → Интеграциялар → «Форма-хук», сілтемені форманың action өрісіне қою
n8nДайын екі workflow: счёт жасау және оқиға қабылдау
1CНұсқаулық
TelegramПлатформа боты: /invoice 5000, төлем хабарламалары (нұсқаулық)

2-деңгей. API арқылы қосылады

Дайын модулі жоқ, бірақ қосуға болады. Шарт біреу: CRM сыртқа HTTP сұраныс жібере алуы керек (көбіне «шығыс webhook», «исходящий вебхук» деп аталады) немесе әзірлеушіңіз болуы керек.

CRMҚалай қосылады
Bitrix24Шығыс webhook немесе n8n
amoCRM, KommoDigital pipeline webhook немесе REST API
AltegioWebhook және API
МойСклад, RetailCRMREST API
Басқа кез келген жүйеREST API + webhook

Бұл тізім — мысал, шектеу емес. HTTP сұраныс жібере алатын кез келген жүйе қосылады.

Ағын

Екі бағыт бар, әдетте екеуі де керек.

CRM → Qut Pay (счёт жасау). Мәміле «Төлем күтілуде» сатысына өткенде CRM біздің API-ге сұраныс жібереді, жауапта төлем сілтемесі мен QR келеді.

POST https://api.qut.kz/api/v1/invoices
X-API-Key: qp_live_…
Content-Type: application/json

{
  "amount": 25000,
  "description": "Мәміле #1042",
  "externalOrderId": "1042",
  "metadata": { "dealId": "1042", "manager": "Айгүл" },
  "customer": { "phone": "77001234567", "name": "Клиент" }
}

Жауапта payUrl, qrUrl және id келеді. Сол сілтемені CRM клиентке жібереді.

Егер CRM JSON жібере алмай, тек қарапайым форма жібере алса — «Форма-хук» пайдаланыңыз, ол amount, phone, email, name, comment өрістерін өзі таниды.

Qut Pay → CRM (төлем туралы хабар). Клиент төлегенде біз сіздің адресіңізге webhook жібереміз. Ішінде metadata мен externalOrderId сол күйінде қайтады, сондықтан қай мәміле төленгені бірден белгілі.

{
  "event": "invoice.paid",
  "invoice": {
    "id": "inv_…",
    "status": "paid",
    "amount": 25000,
    "externalOrderId": "1042",
    "metadata": { "dealId": "1042", "manager": "Айгүл" },
    "paidAt": "2026-09-10T05:12:00.000Z"
  }
}

Қолтаңба X-QutPay-Signature тақырыбында, HMAC-SHA256. Тексеру мысалдары: Сайтқа интеграция.

Әзірлеушіңіз болмаса

ЖИ-агентке арналған нұсқаулықты толығымен көшіріп, ChatGPT-ге, Claude-қа немесе Cursor-ға беріңіз де, «менің CRM-іме Qut Pay төлемін қос» деп тапсырма беріңіз. Нұсқаулықта барлық endpoint, өріс және qateler тізімі бар. API кілті мен webhook құпиясын чатқа жазбаңыз, оларды тек өз серверіңізге қойыңыз.

Кабинетте де сол мәтін дайын тұр: Интеграциялар → «ЖИ-агентке нұсқаулық» → «Тапсырмамен бірге көшіру».

Тексеру

Алдымен sandbox режимінде жасаңыз, ол нақты ақшасыз жүреді. Счёттың күйін кабинеттен қолмен өзгертіп, CRM-іңіз webhook-ты дұрыс өңдейтінін тексересіз. Бәрі дұрыс болса, кабинет → Kaspi → кассирді қосып, live режимге ауысасыз.

Көмек

Қосу кезінде тұрып қалсаңыз жазыңыз: кабинет → Қолдау, немесе WhatsApp +7 778 881 3333, немесе Telegram @qutpaybot ішінде /support мәтін.


Көмек керек пе? WhatsApp +77788813333 · kazprose@gmail.com · 09:00–21:00 (Алматы)
Кабинеттен де жазуға болады: Қолдау.

Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.